Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әріптестердің қызығуы – өзгеріске бастама


26 декабря 2014, 11:43 | 1 891 просмотр



Елімізде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және басқа да өзгерістер білім беру жүйесіне де әсерін тигізіп отыр. Бұл өзгерістер еліміздің мектептерінде тек жаңа пәндерді енгізіп қоймай, сонымен бірге оқыту әдісін өзгертуді де талап етіп отыр. Еліміз тәуелсіз мемлекет болып даму жолында, қоғамның назарын аудару үшін шешім қабылдау маңызды. Бұл әсіресе оқыту және оқу үдерісіне қатысты: сабақ барысында оқушылар белсенді болуы керек. Сондықтан біздің мектеп ұжымында қазір белсенді қызметті оқушыға беріп, оны оқытпай, ол өзі оқитындай жағдай жасау үшін қандай әдіс-тәсілдер қолдану керектігін әріптестер бір-бірімен бөлісуде.

Деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалімдер мектебімізде белсенді жұмыс жасап жатыр. Олар мектепішілік қауымдастық аясында әріптестерді оқыту мен оқудағы жеті модульмен таныстыра отырып, оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізу барысында бірлесе үйрену әрекеттерін ұйымдастыруда.Қараша айында сертификатталған мұғалімдердің «ашық есік» күндерін ұйымдастырып, апта бойы сертификатталған мұғалімдердің сабағына қатысып, мұғалімдер тәжірибе алмасты. Бұл сабақтарда мұғалім басқарушылық міндеттер атқарып, оқушыға бағыт-бағдар беріп, әрбір оқушыға көңіл бөле отырып, олардың жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік туатыны байқалды.

Игілікке бастама болар қоғамдастықтың аясын кеңейту мақсатында желтоқсанның тоғызыншы жұлдызында Қапшағай қаласының №3 орта мектебінде диалогтік оқытудың тиімділігін ашып, оқыту нысаны ретінде сабаққа енгізу, оқушылардың ойын жүйелі жеткізе білу дағдыларын жетілдіріп, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру үшін «Диалогтік оқыту – тілдік қорды байытудың негізі» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Бұл семинарда мектебіміздің сертификатталған мұғалімдері Ж.Тоқтарова, З.Қоғалбаева, Г.Татибаева. Р.Фазылжанова, Б.Нұрмағамбетова, Б.Есенбекова, А.Артықбаева, А.Абдырахманова, И.Назарова, А.Оразаева, Б.Демеубаевалар жаңаша оқыту әдістерін,оның ішінде, диалогтік оқытуды қолдана отырып, сыни тұрғыдан ойлау модулінде сабақтар өткізді.

Семинарға қала мектептерінен сертификатталған және сертификатталмаған мұғалімдер және І деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдердің желілік қоғамдастық аясында байланыста отырған Балқаш ауданының қалалық білім бөлімінен С.Сарыбаев, Береке орта мектебінің физика пәні мұғалімі Л.Нұрханова, Бейсенбаев мектебінің математика пәні мұғалімі М.Оспанбекова, Дарибаев мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Нұрымбетова, Жамбыл ауданының №1 орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Л.Аухадиева қатысты.

Cабақтарға қатысқан мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің оқушы ой-өрісін кеңейтіп, өз ойын еркін жеткізе алуына бірден-бір бастама болатындығына, оқушыларда өз бетінше жұмыс жасау дағдылары қалыптаса бастағандығына көз жеткізгендігін, кәсіби қоржыны бос қайтпағандығын айтып, ризалығын білдірді.

Семинарда І деңгей бойынша сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Тохтарова «Диалогтік оқытуда оқыту үшін бағалаудың мәні» тақырыбында шеберлік сынып, ІІ деңгей бойынша сертификатталған бастауыш сынып мұғалімі Л.Абуғожанова «Диалогтік оқытудың тіл сабағындағы тиімділігі», І деңгей бойынша сертификатталған ағылшын тілі пәні мұғалімі И.Назарова «Диалогтік оқытуда сыни тұрғыдан ойлауды ықпалдастыру» тақырыбында коучингтер өткізді.

Қатысушылар курста алған білімдерін оқыту мен оқу үдерісінде шыңдап қайтқандарын айта келіп, әлі де болса желілік байланысты нығайта түсуге тілек білдіріп тарасты.

Автор:
Алматы облысы Қапшағай қаласы «№3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»МКМ Әдіскері: Карибаева Гүлайым Зейкенқызы