Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Меморандумға қол қойылды


26 декабря 2014, 11:48 | 1 544 просмотра



Жас ұрпақты тұлға ретінде қалып¬тастыруда тіл – негізгі құрал. Адам қанша білімді болғанымен, білгенін қажеттілігіне пайдалана алмаса, білгенін түсіндіруге тілі жетпесе, онда білім беру жүйесінің за¬манауи талапқа сай еместігі.

ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссариатының қолдауымен Орта Азиядағы Аз ұлттар істері жөніндегі білім беру және интеграция бағдарламалары, Қыр¬ғызстандағы БҰҰ Балалар қоры мен Қазақстандағы «Өрлеу» БАҰО» ак¬ционерлік қоғамы ынтымақ¬тастық¬та көптілді мектеп үшін педагогикалық кадрларды даярлау және кәсіби бі¬ліктілігін арттыру мәселелері бо-йынша «Аймақтық мектеп» сес¬сиясын өткізді.

Аз ұлттар үшін білім беруді дамыту мақсатында аймақтық мемлекеттер ара¬сында екіжақты және көпқырлы ынты¬мақтастықты келешекте тиімді¬лікпен дамытуды көздеген сессия жұмысына Қа¬зақстан Республикасы Білім және ғы¬лым министрлігін, Қырғызстан, Тә¬жікстан, Түрікменстан білім беру ми¬нистрлігінің өкілдері, Эстония, Латвия, Грузия елдерінің сарапшы ғалым¬дары,«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының басшылары мен филиал директорлары, эксперименттік мектеп мұғалімдері, жалпы, көптілділікті дамыту жолындағы 80-ге жуық маман-педагогтар қатысты.

– Жас ұрпақты тұлға ретінде қалып¬тастыруда тіл – негізгі құрал. Адам қанша білімді болғанымен, білгенін қажеттілігіне пайдалана алмаса, білгенін түсіндіруге тілі жетпесе, онда білім беру жүйесінің за¬манауи талапқа сай еместігі. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің сапасын арт¬тыруға ерекше екпін беретін көптілділіктің бағыт-бағдары, шешімін күткен мәсе¬ле¬лерін ой-талқысына салып, озық тәжі¬рибені таратуды көздеген сессия жұмысын қорытындылау сәті де келді, – деп ЕҚЫҰ және Көптілді білім беру жүйесі, білім беру мәселелері бойынша аймақтық үйлестірушісі Татьяна Стоянова сессия жұмысына сәттілік тіледі.

«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоға¬мының басқарма төрайымы Гүлнас Кенжетайқызы Ахметова «Көп ұлт мекен еткен Қазақстанды тәуелсіз¬дігіміздің арқасында әлем таниды. Сіздермен Қа¬зақстанда, соның ішінде мәдениеттің алтын бесігі саналатын Алатау баура-йындағы әсем қала Алма¬тыда бас қосып отырғанымызға қуаныш¬тымын. Тұрақты әрі өркендеуші қоғам¬ның жас буынын тәрбиелеуде көп¬тілділік, полимәдениет – оқыту-шының педагогикалық мәде¬ниетінің ажырамас бөлігі. Ахмет Бай¬тұр¬сынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді...» деп айтқандай, мұғалім¬деріміздің кәсіби біліктілігін шыңдап, ұстаздық шеберлігін дамытуға жол нұс¬қайтын сессия жұмысы өзекті мәсе-лелердің тиімді шешімдерін қарасты¬ратынына сенімдімін» деді.

Қостілділікті дамытумен айналысатын маман үшін маңызы ерекше «Өңірлік мектепке» қатысушылар көкейінде жүр¬ген сан-сауалдың жауабын да осы жер¬ден тапқандай болды. Алматы қала¬сындағы №153, №159 гимназия мұғалімдерінің ашық сабақтарына қатысып, тәжіри¬бесімен танысқан қатысушылар көптілді білім берудің нақты нәтижелерінің куәсі болды.

Көптілді білім беру барысындағы мәселелерді мемлекетаралық деңгейде қарастыратын сессия көптілді білім бе¬ретін мұғалімдердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау бағдарламаларын сапалы құрастыруға екпін беретіні анық.

«Көппен көтерген жүк жеңіл» де¬мекші, жолдың алыстығы мен уақыттың тығыздығына қарамай осында бас қосқан әріптестердің ынтымақтастық жағдайда өткен өңірлік мектебі өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге, мемлекетаралық дең¬гейде сұхбаттасуға жол ашты.

ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссариатының білім беру мәселелері бойынша аймақтық үйлестірушісі Татьяна Стоянова мен «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Гүлнас Ахметова «Көп тілді білім беруде мұғалім біліктілі¬гін арттыру, қайта даярлау бағдарлама¬ларын дайындауда қатысушы-мемле¬кеттерге көмек көрсету» меморандумына қол қой¬ды. «Аймақтық мектеп» жиынына қатысу¬шы¬ларға арнайы сертификат берілді. Аз күнде сырлас, пікірлес ретінде бір-біріне бауыр басқан мүддесі бір пе¬дагогтар өзекті мәселелердің тиімді шеші¬мін қарастыруды көздеген іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс-сезімдерін білдірді.

Автор:
Берік Бейсенұлы «Айқын»