Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорғанда Президенттік шырша мерекесі атап өтілді


26 декабря 2014, 11:50 | 1 786 просмотров



Бүгін Талдықорғанда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен облыстың әр аумақтарынан келген бүлдіршіндерге арналған Президенттік шырша мерекесі салтанатты түрде атап өтілді.

Аталған мерекеге облыстың әр бөлігінен оқу озаттары, аз қамтылған отбасындағы бүлдіршіндер мен мүгедек балалар, көпбалалы жанұядан шыққан жасөспірімдер қатысты.

Жаңа жылдық мерекенің негізгі бөлігінде балаларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бейне-құттықтауы көрсетілді.

Бұдан кейін облыс әкімі жаңа жылдық шыршаның отын жағып, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға сыйлықтар табыстады.

-.Құрметті балалар! Елбасы шыршасына қош келдіңіздер. Жаңа ғана сіздерді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құттықтап, жақсы тілектер тіледі. Елбасының сындарлы саясаты нәтижесінде елімізде балалардың бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған. Сіздер сәулетті және заманауи құралдармен жабдықталған мектептерде білім алудасыздар. Сіздер біздің болашағымызсыздар. Сондықтан жақсы оқып, тәрбиелі болу – ең басты міндеттеріңіз. Келе жатқан жаңа 2015 жыл сіздер үшін құтты, үлкен жетістіктерге толы жыл болсын, - деп атап өтті А.Баталов өзінің мерекелік құттықтауында.

Облыстың әр өңірінен жиналған оқушылар мен жасөспірімдерге театрландырылған қойылымдар, цирк өнерпаздарының бағдарламалары мен хореографиялық композициялар көрсетіліп, соңынан бүлдіршіндер облыс әкімімен естелік суретке түсті.