Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Білімнің алтын қақпасы»


23 января 2015, 09:56 | 2 028 просмотров



Мақсаты: 1.Пәнаралық байланысты нығайта отырып алған білімдерін

тиянақтау,балалардың білім сапасын тексеру.

2.Оқушылардың жан-жақты ізденуін, ойлауын дамытып,есте сақтау

қабілеттерін жетілдіру.Балалардың білімге деген құштарлығын

арттыру.

3.Ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген жан-жақты шәкірт

тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:сұрақтар жинағы, сигналдық текшелер,тірек сызбалар,

интербелсенді тақта

Өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру

а) Балаларды сайысқа әзірлеу.

ІІ.-Құрметті ұстаздар, ата-аналар!

Бүгінгі «Білімнің алтын қақпасы» атты білім сайысын көруге қош келдіңіздер. «Ақыл азбайды, білім тозбайды» демекші, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Ал біз, бүгін ХХІ-ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімімізбен жарысамыз.

-Балалар, біздің мемлекетіміз өз алдына мақсат қойып отыр.Яғни, болашақта

бәсекеге қабілетті, дамыған елу елдің қатарына қосылу. Дамыған мемлекеттердің балалары білімді,дарынды,алғыр,зерек болуы керек.Білімді болсақ,сабақтарыңды жақсы оқып, тәртіпті болсаңдар дамыған елу елдің қатарына қосылуға өз үлестеріңді қосқан болар едіңдер.

-Балалар,бүгінгі сайыста сендер өз білімдеріңді көрсете біледі деп сенемін.Сендерге сәттілік, тек қана сәттілік тілеймін.

Енді, бүгінгі сайысты бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.(Әділ қазылар алқасымен таныстыру).

-Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Бәріненде ең бастысы-барлығының қатты істейтін миы бар,-дей келе сайысқа қатысушы топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.(Таныстыру).

Сайыс 3 кезеңнен тұрады.

1- кезең «Кім жылдам?»

2- кезең «Кім тапқыр?»

3- кезең «Кім ұшқыр?»

«Кім жылдам?» кезеңінде оқушыларға ҚР-жайлы жалпы сұрақтар беріледі.

Қай топ мүшелері бірінші болып дұрыс жауап берсе,ұпайды сол топ иеленеді.Олай болса, 1-ші кезең «Кім жылдам?»

-Балалар, бірінші кезең аяқталды,жалпы 25сұрақ қойылды.Барлықтарың

да белсене қатыстыңдар,көп рахмет,балалар.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Алғырлық пен зеректік

Жеткізеді сендерді,математика сырына-дей келе 2-ші кезең «Кім тапқыр?» Бұл кезеңде әр топқа 3 тапсырма беріледі.

1-тапсырма.Тақтада әр топқа өрнектер беріледі.Өрнектердің мәнін тауып сызық арқылы қосу керек.Тапсырманы қай топ бірінші орындайтынын анықтап алу үшін ойын ойнайық, балалар.

Ойынның аты: «Не жоғалттым?» Қай топ жоғалған затты бұрын тапса,сол топ бастайды.

2-тапсырма.Әр топқа ауызша есептеулер,логикалық сұрақтар қойылады.

1-топ сұрақтары:

1.Он асықтың біреуін досың сұрап алады,

Айтшы сонда нешеуі,өз қолыңда?

2.Бір топ үйрек ұшып барады,олар бесеу.Біреуі женге қонса,нешеуі

жерде қалады?

3.Шаршының сол жағында ұшбұрыш,он жағында дөңгелек

орналасқан.Шаршы қай жерде?

4.Алма ағашында 5 алма,теректе 2 алма өсіп тұр.Барлығынеше алма өсіп тұр?

5.Бес жастағы бала,екі жыл бұрын неше жаста болды?

2-топ сұрақтары:

1.Алма ағашта төрт алма,қандай тәтті жесе алма.

Төртеуінде жеп қойсаң,қалады онда неше алма?

2.Асан бес жаста,інісі Асаннан 2 жас кіші.Інісі неше жаста?

3.Екі сиырдың мүйізі нешеу?

4.Бес бұтақты қайыңда,бұтақ сайын бес алма,

Біреуін бер Сайынға,сонда қалмақ сонда неше алма?

5.Ерлан Елдостан биік,Елдос Талғаттан биік,

Бәрінен ұзын кім?

3-топтың сұрақтары:

1.Тал басында тізіліп

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп

Ұшып кетті екеуі.

Талда қалды нешеуі?

2.Шөптің арасында қояндар тығылып отыр.Олардың 10 құлағы

көрініп тұр.Барлығы неше қоян тығылып отыр?

3.Көлден ұшты 3 қаз

Қайта қонды 2 қаз.

Қонбады сонда неше қаз?

4.9 қабатты үйдің алтыншы қабаты жоғарыдан санағанда нешінші болады?

5.Екі адам 4 сағат жол жүрді.Әр адам неше сағат жол жүрді?

3-тапсырма. Әр топқа алдыларына парақта тапсырма беріледі.

1-топ.Мына фигурада неше тік төртбұрыш бар?

2-топ.Мына фигурада неше үшбұрыш бар?

3-топ.Мына фигурада неше шаршы бар?

Сергіту сәті:

-Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Кезекті танымдық тапсырмаға берелік.

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың енді тіл байлығын көрелік.

3-кезең «Кім ұшқыр?»

-Балалар,бұл кезеңде 2 тапсырма беріледі.

1-тапсырма.Менің қолымда қорапша тұр.Қорапшаның ішінде бір зат бар.Сол затты бір топ келесі екі топқа сипаттап жасырады.Атын айтпаймыз.Ол үшін,балалар,қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.Шешуін қай топ бірінші тапса,сол топ бірінші болып жасырады.

1.Қабат-қабат қатталған, 2) Бар білімнің бастауы,

Асыл сөзбен апталған. Бар ғылымның бастауы

Парағы бар сөйлейтін Жас балаға нұр шашқан

Ол қазына өлмейтін. (кітап) Қандай кітап тіл ашқан? (әліппе)

2-тапсырма.Әр топ тақтада берілген сурет бойынша әңгіме құрайды.

-Осымен сайысымыздың 3-кезеңі де аяқталды.Сайысты қорытындылау үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз.

Құрметті ұстаздар,ата-аналар!

Осымен білім сайысымыз аяқталды.

Тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Автор:
Ж.А.Бедельбаева бастауыш сынып мұғалімі «А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі