Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Баланың бас ұстазы- ата ана


6 февраля 2015, 11:21 | 2 654 просмотра



Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі істері басқа адамдарға өрескел болып тұрсада өз-өзіне дұрыс санауы мүмкін. Міне, осындай ата-аналарды теріс түсініктен қайтарудың жолдарын табу нақтылы пікірлер ұсыну баршамыздың міндетіміз. Осы орайда өзім сынып жетекшілік ететін сыныбымның ата-аналарымен өткізген жиналыс барысындағы іс-шара жоспарын ұсынып отырмын.

Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы- ата ана»

Мақсаты:

1. «Баланың бас ұстазы- ата- ана» тақырыбында ата- аналардың пікірін білу, талқыға салу, қатыгездіктің алдын алу үшін қандай мәселелерді ортаға салу арқылы бірлесіп шешу жолдрын қарастыру;

2. Ата- аналарды пікір айтуға ынталандыру, ортақ шешімді анықтау, болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілей, ата- аналармен бетпе – бет кездесіп отырып, жас ұрпақ тәрбиесі туралы пікір алысу.

Міндеті:

1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.

2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.

3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.

Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз, интерактивті тақта, презентациялар.

Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Қызықты сұрақтар»,

«Сіз қандайата-анасыз?» тест

Жиналыс барысы

1. Ұйымдастырукезеңі:

Атааналардыотырғызу

Парақшалартарату

2. Кіріспе:

1. Жиналысмақсатынайту

Кіріспесөз.

Сынып жетекші:

Ұлағатты ұстаздар, ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Қызығушылығын ояту.

Ата - аналар бір -біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.

Тапсырма

Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Деген сөзбен сіздерге бірінші пікірталасу тапсырмасын ұсынамыз. «Бала тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі» ( пікіралысу)

Тапсырма

Бүгінгі таңда жасөспірімділердің қылмысқа бой ұрып жатқандығына байланысты алдарыңызға бір болған оқиғаның желісіндегі жағдайға байланысты өз пікірлеріңізді білдіріп, осы аталған жұмбақ кейіпкерге өз тараптарыңыздан кеңес берсеңіздер.

«Мен жанұяда жалғыз бала болдым, сондықтан да әке- шешем айтқанымды жасап, ерке өсірді. 13 жасымнан бастап қасымдағы балаларға еріп, жаман әдеттерге әуес бола бастадым. Әке- шешем ақшаны аямай беретін болғандықтан, барлық бағалы заттарды алатынмын, бұл барлық заттар оңайлықпен келетін болған соң өмірге жеңіл қарадым. Қанша рет бұзақылық жасап ұсталдым . Әкем таныстары арқылы ақшасының арқасында шығарып алатын еді. 17 жасымда әкем жол апатынан қаза болды. Жалғыз анам маған ештене жасай алмады. Сол кезде қасымдағы жаман жолға тускен балалармен көрші шағын аудандағы Ернар есімді баланы өлімше етіп сабадық. Оның бар жазығы менің досыма қоқаңлоқы корсеткені. Бәріміз де жауапқа тартылдық. Құтқаратын әкем жоқ. Осы жерде мен өз өмірімді бүлдіргеніме бірінші рет өкіндім. » үш бала болып кәмілеттік жасқа толмағандар колониясына 6 айға сотталдық. Темір тордың арғы бетінде өткізген 6 ай мен үшін 6 жылмен пара –пар. Бүгін де босап келіп, жаңа өмір бастап жатырмын, өмірімді қайтадан бастағым келеді.»

Ал құрметті ата- аналар жұмбақ кейіпкердің әңгімесін тындадыңыздар. Жұмбақ кейіпкердің өмірі неліктен қылмыспен басталды. Осы жөнінде ой бөліссек.

· Жұмбақ кейіпкер кімді кінәлап отыр?

· Осындай оқыйғаларды қазіргі қоғамда жиі естігеніңізде қандай күйде боласыз.

· Сіздің жолдастарыңыздың арасында біреуінің баласы осындай жағдайға ұшырағанда сіз қандай ақыл- кеңес беретін едіңіз?

Тапсырма

Сонымен, әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі - өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн. Жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата - ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады. Қалай қисайтсаң солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата - ананың қолында деп білеміз. Алдарыңыздағы қызықты сұрақтарға жауап берсеңіздер.

«Қызықты сұрақтар» :

1. Балаңыздың туылған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты жөні, жасы, мамандығы?

3. Балаңыздың аяғының өлшемі?

4. Балаңыздың парталасы кім?

5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

8. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер пайдаланасыз?

9. Балаңызға ашуланғанда аузыңызға ең алдымен қандай сөз түседі?

10. Балаңыздың ең жақын досы кім?

Сауалнама:

Сіз қандай ата-анасыз?

1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?

2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?

8.Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9.Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға

тырысасыз ба?

10.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді

орындайсызба?

11.Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік

бересіз бе?

12.Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл

аудармайсыз ба?

13.Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

1.         Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай

2.         Кейде ғана келісемін - 2 ұпай

3.         Келіспеймін - 1 ұпай

• 0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыруүшін педагог немесе  психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

• 17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңыздатәрбиелік қабілет бар,  тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпенәрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізгежауапкершілікпенойлану керек.

• 31-39 - Бала сіздіңөміріңізүшінеңқұндыболғаны. Сізбалаңызды тек

түсініп қана қоймай,  әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз

Қорытынды:

Құрметті ата- аналар!Бүгінгі жиналыста сіздер бала тәрбиесінің оңай емес екендігін байқадыңыздар. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуларыңызды бере біліңіздер. Сіздердің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін.

Автор:
Талдықорған қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі, 9 «ә» сынып жетекшісі Қожабекова Жанна Абақанқызы