Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Балаларды қазақ халқының қолөнері арқылы әсемдікке тәрбиелеу


6 февраля 2015, 11:22 | 2 182 просмотра



Балаларды қоғам талабына сай жан-жақты жетілген тұлға етіп қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің орны ерекше. Эстетикалық тәрбие дегеніміз баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз.Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады.

Көркем шығарманы табиғат әсемдігін адамның жақсы тәртібін, тамаша мінез құлқын мәдениеттілігін көріп сүйсіну, қабылдау адамның адамгершілік парасатына эстетикалық сезімдеріне үлкен әсер етеді. Әсемдікті сезіну баланың өмірін байытып, бір-біріне достық қарым-қатынас мәдениетін, талпынысын, белсенділігін тудырады.

Эстетикалық тәрбиенің бала дамуының алғашқы сатысы, бала дүниеге келгенінен бастау, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің негізі болып табылады.Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау – «жақсы, әдемі, ал мынау – жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын,қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды.

Сонымен бірге бала күнделікті үйде, мектепте, мәдениет мекемелерінде эстетикалық талғампаздықтың үлгі өнегесін күн сайын көріп білуі керек, бірак тек таңданып қана қоймай, қолынан келгенін өзіде тұрмысына ендіруі, іс-әрекетінде бейнелеу, сурет салу, кию, жапсыру, тігу, мүсіндеу тазалық әдемі киіну т.б тиіс. Сонда ғана эстетикалық тәрбие мақсаты ойдағыдай жүзеге асады.

Мұхтар Әуезов шығармашылығында қазақ халқының рухани дүниесін сұлулыққа, сүйіспеншілікке негіздеп зерттеуде, суреттеуде бағасы шексіз. Музыка зерттеушілері А. Жұбанов, Б. Ерзакович белгілі үлес қосты. Сонымен бірге Б. Қазықанова «қазақ халқының эстетикалық мәдениеті» атты манографиясында әрбір халық өмір сүретін табиғи ортасы мен тарихы өзгешілігіне сәйкес эстетикалық мұрасын жасайды: ол негізінен 3 саладан құралады. 1. Халық шеберлері жасаған сәнді бұйымдар, көркем шығарма мен эстетикалық көзқарастар қазақ халқының әдебиет, музыка, қолөнер саласында қалдыратын ғажап туындылары.

Табиғат көркемдігі мен адам сұлулығын жеке құбылыстың әсемдігін тұрмыс, сәндігі мен бұйымдар әсемдігін тұңғыш ғалым Ш. Уалиханов «Эстетикалық көзқарасын» ауыз әдебиет шығармаларына берген талдауынан көреміз. Педагог әрі ағартушы Ыбырай Алтынсарин эстетикалық түсінігін іс жүзінде жүзеге асыру мақсаты мен барлық күш жігерін тәрбие мәселесіне жұмсаған. Эстетикалық тәрбие беруде әдебиет пен өмірді кең пайдалаңған бұған «Қазақ хрестоматиясы» дәлел бола алады.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев эстетикалық мұра қалдырды. Поэзия мен қара сөзде Абай қазақ халқының сол замандағы болашақтағы тағдыры жайын толғана отырып маңызды эстетикалық плоблемаларды көтерген. Эстетикалық сезім мен толғап, адам сұлулығы мен табиғат көркі осының бәрі асқан ақындықпен әдемі баяндады. Халық ежелгі дәстүріне сәйкес адам сұлулығын адамгершілікпен еңбекқордық, адалдық пен өмірпаздық, әділеттілік, сыпайылық қасиеттермен теңестірді.

Мағжан Жумабаев «Педагогика» - атты кітабында баланың сұлулық сезімдерінің әр түрлі нәрселерден оянымпаз болды. Біреудің музыкадан, біреудің сұлу суреттен енді, біреудің поэзиядан. Өнердің бір түрінен ләззат алмайтын құмар болмайтын адам болмайтынын айтты. Ол сезімдердің өркендету жолдарын көрсетті:

1. Бала сұлу жаратылыс құшағында болсын, жаратылыста сұлулықтың неше түрінің бәріде бар. Бала жапырықтың сылдырын, теңіздің күлдіргенін естісін, буыны жоқ бұраңдаған айқынды көрсін. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын, балада сұлулық сезімдер еріксіз оянады.

2. Баланың маңайындағы нәрсенің бәрі жинақы, ретті, таза болсын және маңайындағы адамның жүріс-тұрыстары да әдепті сұлу болуы тиісті.

3. Баланы сұлу өнерімен терең таныстыру керек, сұлу үнін естісін, неше сұлу түрлерді көрсін. Сөздерді естісін, өлең жаттасын, түрлі музыка тыңдап сурет салып үйренсін. Міне осылардың бәрі баланың сұлулық сезімдерін өркендететінін атап көрсетті.

Қазақ халқының қолөнері мен шығармашылығын зерттеу ісімен шұғылданғанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Оны зерттеуде көптеген ғалымдар оның ішінде батыс Еуропа мен Америка ғалымдары кірісті. IX – ғасырдың бас кезеңінен бастап халықтық колөнер туралы байыпты зертеулер мен көптеген кітаптар шығарылды. Мысалы: Австриялық ғалым В. Курревтің болу және бояушылық өнер жайында Ф.Т Кугердің, ТМД елінен ғалым С.В Ивановтың, В.Чепелевтің А. Бернштамның қазақ және қазақ ғалымдары Басеновтың, М. Мұқановтың т.б қолөнерінің шығу тарихын, туындыларын насихаттады.

Сондықтан қолөнер туындыларын таныстыруда мектеп жасына дейінгі кезден бастаса, бала түсінігінің алғашқы ірге тасы баланың жеке басын қалыптастыруда жан-жақты дамытуда, әсемдікке, өнер талғампаздық қабілетін жетілдіруде көптеген педагог зерттеушілер ат салысуда.

Педагог Баримбеков Ж.Ш, Шайхулдинова И.Р «Қазақ халқының ою-өрнектерін бала-бақшада қолдану» еңбектерінде бала-бақшада ою-өрнекті балаға таныстырудың маңызы, ондағы әр ою-өрнектің шығуы тарихы мен байланыстыра әңгімелеп, оның әсемдігін, үйлесімдігін көрсете отырып, көркемдік ұлттық мәдениетке тәрбиелеу мәселерін қозғаған. Педагог С.Ұзақбаева «Балаға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі» зерттеуінде эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрінің мән-маңызын ашып, оның мектеп оқушыларына прогресивтік, демократиялық жақтарын сөз етіп, қолөнер арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеу мен бірге өз ұлтының мәдениетінің әсемдігін тануға мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті.

Қазақстан Республикасында мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие беру бейнелеу өнері арқылы көркемдік талғамын дамыту мәселесін Ф.Н Жұмабекова зерттеу үстінде. Бұдан басқа озат тәрбиешілердің жеке мақалаларын газет, журнал беттерінде көрініс тауып жүр.

Автор:
Толкын Абдрасилова, М. Құрманов атындағы №2орта мектептің технология пән мұғалімі: Көксу ауданы Балпық би ауылы