Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БҚО: Оқушылар жемқорлыққа қарсы


6 февраля 2015, 17:37 | 762 просмотра



ОРАЛ. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2015-2025 жылдарға арналған стратегияда жеткіншек ұрпақты бала кезінен қазақстандық патриотизм мен сыбайластық көріністерін қабылдамау бағытында тәрбиелеу керектігі айтылған. Осыған орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаменті қызметкерлері Орал қаласындағы №7 және №40 мектеп оқушыларына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. 

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерін талдауға «Қожанасыр мен бай», «Алдар көсе», орыс тіліндегі «Теремок», «По щучьему велению», «Айболит», «Дядя Степа милиционер» деген халық ертегілері мен туындылар қолданылды. Берілген сұрақтарға балалар қызу жауап беріп, өздерінің отбасылары мен еліне деген адалдықтарын білдірді. Сонымен қатар болашақта Қазақстан қоғамын таза, әдепті, сыбайлас жемқорлықсыз көргісі келетіндіктерін жеткізді.

Сынып жетекшілері де қатысқан шара барысында «Сыйлық және алғыстың басқа да түрлері» тақырыбында слайд көрсетіліп, оқушылар сыйлықты бір нәрсеге ауыстыру немесе орнына бір нәрсені істеу үшін емес, шын жүректен беру қажеттігін ұғынды.

Автор:
Елжан Ералы