Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

1920- 1930 ж.білім мен мәдениеттің дамуы.


13 февраля 2015, 11:27 | 3 160 просмотров



Білімділік мақсаты: Оқушыларға 1920- 1930 ж.біліи беру, ғылым, өнер, көркем әдебиеттің даму деіңгейін анықтай отырып, тарихи баға беруге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Тарихи оқиғаларды, репрессия құрбандарының қызметін зерттеу арқылы танымдық қабілетін арттыру, өз беттерімен ойлай білуге дағдыландыру, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Туған ел тарихын құрметтеу, елін, жерін, Отанын сүюге баулу, тәуелсіздік үшін күрескен ұлы тарихи тұлғалардың ісін үлгі ету, келешек ұрпаққа жеткізу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру.

Формасы: ұжымдық, топтық, жекелік.

Әдіс- тәсілі: әңгімелеу, сұрақ- жауап, тест, ойын.

Көрнекілігі: карталар, сызбалар, бүктемелер, портрет, суреттер, топтамалар, тест түрлері, энциклопедиялар, әдеби кітап, журналдар т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, сабақтың ерекшелігін атап өту (кезекшінің мәліметін тыңдау)

II. Білімін тексеру.

а) Сыныпты 2- топқа бөліп «Кім көп біледі?» ойынын жүргізу.

ә) Суретті жұмбақ (тарихи тұлғалардың портреттері, ескерткіштер т.б таратылады). Шарты: тауып, мәлімет беру.

б) Жұптық тапсырма: тест түрлері (5- сұрақтан)

III. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

Тақтаға тарихи тұлғалардың, репрессия құрбандарының портреттерін ілу.

Балалар, тарих пәніне неге мына ақын- жазушылардың суреттері, өмірі берілген деп ойлайсыңдар? Біз әдебиет сабағында олар туралы өтеміз ғой? Яғни, балалар, әдебиетте олардың шығармаларын оқысақ, тарих пәнінде олардың тарихқа қосқан үлестері туралы, қолдарына қару алып соғыспай- ақ, қалам арқылы өздерінің білімдерімен, саяси көзқарастарымен елдің тәуелсіздігі үшін күресіп, қуғын-сүргінге ұшырап, атылып- асылып кеткен ұлы тұлғалар туралы өтеміз.

Яғни, сабағымыздың мақсаты: 1920- 1930 жж.білім мен мәдениеттің дамуы және оған тарихи тұлғалардың қосқан үлесі туралы болады.

1. Топтастыру (ассруиация құру). Білім, білім алу дегенде ойыңызға не түседі? (балалар айтып, тақтаға жазады)

2. а) Сендер қандай елде өмір сүріп жатырсыңдар? (тәуелсіз)

ә) Қанша жастан оқыдыңдар?

б) Қалалар, аудандарда бала- бақшалар бар ма?

Иә, балалар, біз тегін білім аламыз, жынысымызға, әлеуметтік жағдайымызға, ұлтымызға, нәсілімізге, дінімізге қарамай бәріміз білім алуға міндеттіміз. Ол туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында айтылған.

IV. Жаңа білімді меңгерту.

Ал енді 1920- 1930 жж, Ресейге бодан болған кездерде қазақ халқының білім алу, білім беру жағдайы қандай болды, жалпы қазақ халқының тұрмысы туралы білейік.

1917 ж. Кеңес үкіметі орнаған соң, Қазақстанда халықтың сауатсыздығын жою қолға алынды. Ең алдымен ересектер арасында «сауатсыздықты жою» қолға алынды. Олар күндіз жұмыс істеп, кешке кешкі мектепте оқып, хат таныды. Мемлекет қаржы бөліп, оқу құралдарымен, ұстаздармен қамтамасыз етілді.

1924 ж. «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылады.

V. Жаңа білімді тексеру.

VI. Бекіту.

VII. Үйге тапсырма: Өздік жұмыс (Ессе, реферат жазу)

Автор:
Фаризат АУБАКИШЕВА, тарих пәнінің мұғалімі. Қазатком орталау мектебі Еңбекшіқазақ ауданы.