Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Наурызнама


13 февраля 2015, 17:29 | 794 просмотра


Мақсаты

Білімділік:

Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Жыл басы наурыз айы туралы айту

Тәрбиелік:

Ұлтттық салт-дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:

Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту, тілін жаттықтыру, сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне байланысты үлгі суреттер, бейнефильм, қанатты сөздер.

Сөздік жұмыс:

Наурыз жыл басы, наурыз көже, ұлыс ұлы күні.

Билингвальды компонент:

Наурыз айы – Месяц март, күн-солньце, түн-ночь.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдас-тырушылық-ізденушілік

Жылулық шеңбері:

Үнтаспадан өлең оқылады.

Б.Серікбаев

«Наурыз»

Жайып дарқан пейілін

Төгіп шуақ

Мейірім:

-Күн мен түн теңелді,

Тұр ұйқыңнан ей ұлым!

Деп енді үйге бір кісі,

Үлкен – кіші,

Күллісі,

Сәлем берді иіліп,

Төрге отырды бұл кісі.

- Көке дедім, атың кім?

- Наурыз деген батырмын.

- Дұшпанымды қыс деген,

- Жайнап келе жатырмын.

- Балалар, өлең жыл басы Наурыз туралы айтылған. Наурыз – мұсылман халқының ұлттық мейрамы. Наруыз – жыл басы.

- Наурыз Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата-бабаларымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап наурыз көжеден ауыз тиіп дәм татады, баталарын береді. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні мерекесін қарсы алады.

- Ұлыс оң болсын!

- Ақ мол болсын! – деп бір –біріне тілектер айтады.

- Қане бәріміз Наурыз туралы мына «Наурызнама» атты бейнефильмі тамашалайық.

- Бейнефильм мазмұны:

- Көктем, бәйшешектің гүлдеуі, тазалық шеруі, адамдар еңбегі, табиғат өзгерістері.

- Дидактикалық ойын. «Бәйшешек»

- Ойын шарты:

- Көктем мерекесіне арналған жұмбақтарды шешу. Жылдам тапқан балаға гүл кестесін ұсыну, топты безендіру.

- Мақсаты: Балаларды тез шешім қабылдай білуге жаттықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

- Жұмбақтар шешу:

- Түбі тесік шелектен,

- Су тамшылап тұрғандай.

- Бас талып еді ол еппен,

- Ақтарылды түк қалмай.

(Жаңбыр)

- Жүйрік өзі тұлпардан.

Ұшқыр өзі сұңқардан.

Күні-түні жүйткиді,

Кең далада кең тарлан.

(Бұлт)

-Желіні толы сүт,

Жерге тамса құт.

(Жауын)

- Қане, көктем, наурыз туралы кім қандай өлең тақпақтар айтады.?

Р.Жанель:

Наурыз – жаңа жылдың алғашқы айы,

Наурыз- күн мен түннің теңелуі.

Б.Асылбек:

Наурыз тойы әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Д.Әліби:

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем Наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды:

Бидай, күріш, тары бар,

Көже елдің ырзығы.

Б.Нұрәли:

Наурыз –гүл көктем,

Сәнді ай арайлы.

Күлімдеп күн көктем,

Нұр шашып қарайды.

Сергіту сәті:

Әні: Ә.Бөлекова

Сөзі: О.Асқар

«Құтты болсын, Наурыз!»

Балар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталай отырып, әр түрлі қимылдар жасайды.

-Балалар т әрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды.

Балалар бейнефильмді тамашалай отырып сұрақтарға жауап береді.

Жұмбақтардың шешуін тез табуға тырысады.

Балалар көктем, наурыз туралы өздері білетін өлең-тақпақтарын айтады.

Балалар көңілді әуенмен өлең жолдарына байланысты қимылдар жасайды.

Рефлек-сиялық түзетушілік

Балалар, ата мен әжелер біздерге Наурыз мерекесіне орй өз шашуларын ала келіпті.

Әже: Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Ашу артта қалып.

Ақыл алға шықсын!

Наурыз тойы құтты болсын!

Ата: Жаңа күн құтты болсын,

Төрт түлік сүтті болсын, балаларым!

Наурыз мерекесіне әжелерің шашу шашуға келсе,мен сендерге ақыл айтуға келдім.

Менің айтарым:

Шыбық тік аулаға,

Жай іс деп ойлама.

Жапырақ жайып көкбеңбек,

Кетер әлі көкке өрлеп.

- Қане, бәріміз топ ауласына барып ағаш отырғызу жұмысына кірісейік.

- Наурыз мерекесі құтты болсын, балалар!

Балалар ата мен әжелерінің шашқан кәмпиттерін теріп жейді.

Тәрбиешілерімен бірге өз топ аулаларына ағаш отырғызады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Наурыз айы – жыл басы көктем мерекесі екенін

Нені игерді: Салт-дәстүрлердің түрлерімен танысуды

Нені біледі: Наурыз көженің жеті түрлі астан тұратынын

Автор:
Кульера Айтуғанова, Панфилов ауданының әкімдігінің «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорынның «жұлдыздар» ІІ сәбилер тобының тәрбиешісі Панфилов ауданы, Коктал ауылы.