Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы


13 февраля 2015, 17:32 | 1 189 просмотров



Сабақтың тақырыбы:

§ 19. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық қозғалысы

Сабақтың мақсаты:

· Оқушыларды Кіші жүздегі көтіріліс тарихымен таныстыру. Көтерілістің алғышарттарын, себептерін анықтап, көтеріліс басшыларының ықпалына баға беру. Көтерілістің өз құқықтарын қорғаулары үшін қажет болғанын түсіндіру;

· Оқушыларды салыстырмалы талдау жасау мен іздену жұмыстарын жүргізуге машықтандыру, жобаны дұрыс құруға, пікірін жеткізе білуге үйрету;

· Оқушылардың көтерілісшілерге деген көзқарастары арқылы оларға партиоттық тәрбие беру, халық тарихын сыйлап, оған мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Қорытынды сабақ 

Әдіс-тәсілі: Жобалау сабағы. (топпен жұмыс)

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка

Көрнекілік: Суреттер, карта, қосымша мәліметтер, презентация, оқушылардың жұмысы. Деректі фильмдер.  Тақырыптың теориялық әдістемелік негізі:

Тақырып қазіргі қоғам дамуының объективті диалектикалық даму заңдылықтары негізінде зерттеу, тақырыппен байланысты деректер мен әдебиеттерге нақты тарихи және тарихнамалық талдауды негіздеп жасау.

Жұмыстың орындалу әдістері:

Тарихи түпдеректермен танысу, жинақтау, қорыту, жүйелеу және салыстырмалы талдау жасау.

 Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

3. Оқушы зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

Кіріспе сөз.

Мұғалімнің сөзі:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Ішкі Ордадағы көтеріліс. 

ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақ халқы сырттан енген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Бұл аралықта ұлт-азаттық қозғалыстар толастамады. Ұлт-азаттық көтеріліс көбінесе отар халыққа тән.тәуелсіздігін аңсаған батырлар ерлігі,патшаға қарсы күресі  «Халқым көрген қорлыққа,

Хандар құрған зорлыққа

Ақ жүрегім тебіренді,

Ер көңілім желденіп,

Ақсүйектің баласын

Қара ұлына теңгеріп,

Қоңыраулы найза өңгердім»

Ендеше назарларыңызды тақтаға бөлсеңіздер.( деректі фильм кіріспе )

ІІІ . Өткен сабақ бойынша білімдерін тереңдете тексеру:

Оқушылардың өз беттерімен жасаған ізденіс жұмыстары бойынша жұмыс жасайды.

І топ. «Тарихшылар» (деректі фильмде көтеріліс жайлы мағлұмат беріледі.)

Тапсырмасы:

1. Көтерілістің себептері және басталуы.

2. Көтерілістің аумағы мен негізгі оқиғалары.

3. Жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

ІІ топ. «Махамбеттанушылар» (деректі фильмде Махамбет жайлы тың мәліметтер беріледі)

1.Өмірбаяны.

2. Махамбет- батыр, көтерілістің жаршысы.

3. Махамбет- ақын.

4. Махамбет- күйші. (Махамбет күйінен үзінді тыңдалады)

ІІІ топ. «Исатайтанушылар» (дерек фильмде Исатайдың ерліні баяндалады.)

1. Өмірбаяны.

2. Исатай - көтеріліс басшысы.

3 Исатай –көтеріліс тірегі.

ІҮ. Топ. «Жәңгіртанушылар» (дерек фильмде Жәңгірдің Ордаға арқарған қызметі баяндалады)

1. Өмірбаяны.

2. Жәңгір- хан.

3. Жәңгір- реформатор.

4. Жәңгір- ағартушы. ҮІ. Сабақты бекіту:

Әр топ өз жобасын дайындаған постер арқылы , өз тұлғасын сомдайды.

ҮІІ. Қорытынды жасау

Елім деп еңіреп өткен батырлардың өнегесін үлгі ете отырып бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру және Тәуелсіз Қазақстанға деген патриоттық сезімін дамыту болып табылады.

Тақырып мәселесінің мәнін жан - жақты ашуда мына міндеттер алынды

И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлының еркіндік жолындағы күреске келуінің алғышарттарының мәнін, себептерін ашу.

Исатай - Махамбет тағдыры

Сондай-ақ сол кездегі Ішкі Орданың ханы Жәңгірге тарихи тұлға ретінде дұрыс баға беру.

Еркіндік жолындағы күрескерлер қаһармандығын таныту арқылы патриоттық сезімін ояту.

Тәуелсіз Қазақстанның ел қамын ойлайтын, жауапкершілігі мол азаматын тәрбиелеу

Тақырыптың жаңалығы мен нәтижесі: Жорыққа шыққан батырлардың ерлік ісін, ауыр күндердегі төзімділігі мен қайтпас қайсарлығын айқындау деректерінен тұжырым жасай отырып,

Отан тарихының жарқын бір беті ретінде көрсетілді

Патриоттық тәрбиенің бүгінгі күн тәрбие мақсаттары мен үндестігі айқындалды

Елі үшін түн қатқан батырлардың халық алдындағы қадірінің қандай екені жан - жақты талданды.

Тәуелсіздікке қол жеткен 24 жылдықта бүгінгі қоғамымыздың қай саласын алсақ та терең өзгерістер болып жатқаны белгілі. Ол заңды. Себебі тәуелсіздікке қол жеткізген әрбір халық, алдымен өзінің өткен жолын саралап, одан тәлім - тәрбие, сабақ алуға ұмтылып, болашаққа көз тігеді. Осы міндеттер «кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз» деген сұраққа жауап күткендей. Әрине бұл сұрақтар кімді болса да толғандырары сөзсіз. Сондықтан біздің бүгінгі тақырыптағы – Исатай - Махамбет бастаған еркіндік жолындағы күрестің жастарға берер тәрбиесі. Махамбет пен Исатай еркіндік, бостандық жолындағы күрескер бола білді. Исатай көптің басын қосып, бүтін елді соңынан ерітсе, Махамбет жақсы үгітші, қостаушы болды. Бұл көтеріліс туралы ғалымдар біраз деңгейде зерттегені белгілі. Бірақ, оқиға неғұрлым алыстаған сайын, Тәуелсіз Қазақстан үшін көтеріліс сабақтары мен ерлік істері айқын көріне бастады. Тәуелсіз Қазақстанның 22 жылдығы мен Исатай батырдың 220 жылдығына байланысты бұл көтерілістің тарихи маңызы мен Исатай батыр туралы ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, тәуелсіз Қазақстанның жеткіншектеріне үлгі ету – уақыт талабы. Осыған орай бұл көтеріліс туралы ғылыми жоба өзекті мәселе болып туындайды.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу. Тарихи тұлғалар олардың тарихтағы орны жайлы өз ойын жазу.

Автор:
Зухра СҰЛТАНОВА, №7 орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі. Іле ауданы.