Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

PISA халықаралық зерттеулері аясында Арал теңізінің қазіргі экологиялық проблемалары тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісі


13 февраля 2015, 17:33 | 1 239 просмотров



Тақырыбы: PISA халықаралық зерттеулері аясында Арал теңізінің қазіргі экологиялық проблемалары тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісі

ЖОБАНЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ

ОҚУШЫЛАРҒА АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУДЕ PISA ТАҚЫРЫПТАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ, АЛҒАН БІЛІМДЕРІН ӨМІРДЕ ПАЙДАЛАНА АЛУҒА ҮЙРЕТУГЕ БОЛАДЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚАЗІРГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУДЕ PISA ТАҚЫРЫПТАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ, АЛҒАН БІЛІМДЕРІН ӨМІРДЕ ПАЙДАЛАНА АЛУҒА ҮЙРЕТУГЕ БОЛАДЫ

Сабақтың мақсаты

Арал теңізінің зерттелуін, тарихын, географиялық сипатын, Арал маңы табиғи ресурстары және оны тиімді пайдалану жолдарын, сонымен қатар Арал теңізінің экологиялық мәселелерін және оны шешу жолдарын қарастыру.

Сабақтың міндеттері

Арал теңізінің экологиялық проблемаларын жан-жақты айқындап, денсаулыққа, табиғатқа зиянын түсіндіру

Ұжымда жұмыс істеу, сыни тұрғыда ойлау, өздігінен жұмыс жасап, қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту

Табиғатты аялауға, табиғат байлықтарын үнемдеуге тәрбиелеу

Арал теңізінің экологиялық проблемаларын жан-жақты айқындап, денсаулыққа, табиғатқа зиянын түсіндіру

Әдісі: «Джик СО» әдісі, ұжымдық жұмыс, «ойлан-жұптас-бөліс»

Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, интернет-ресурстар, кесте, стикерлер

“Миға шабуыл” стратегиясы (кластер құру)

Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл.

1Арал теңізінің суы тұзды болып келеді

2.Арал теңізінің суы жыл сайын тартылуда 3. Арал теңізі апатты аймаққа жатады

Топқа бөлу Оқушыларды Арал теңізі және Арал маңының флорасы мен фаунасына сәйкес топқа бөлу.

“Джик со” әдісі бойынша топ тапсырмалары

1-топ

Арал теңізінің географиялық сипаттамасы

Картамен жұмыс (Қандай мемлекеттермен шектеседі, жалпы көлемі, орналасқан жері, табиғи ерекшеліктері, Арал теңізінің көлемінің өзгеруі мен оның себептері)

2-топ

Экономикалық-әлеуметтік жағдайы

Статистикалық көрсеткіштер.

Берілген тақырыптар бойынша диаграмма құру:

Халық санының өзгеруі

Судың тұздылығының көрсеткіштері

Топырақ тұздылығының көрсеткіштері

3-топ

Экология және денсаулық

(АКТ-ны, берілген материалдарды пайдалана отырып, кестені толтыру

Сергіту сәті

PISA тапсырмаларының негізінде білімдерін тексеру

ойлан-жұптас-бөлін

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде.

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бүл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, буйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Осындай науқастардың көбейгенін байқаған ғалымдар аурулардың себебін айқындау мақсатында зерттеулер жүргізуде.

Сұрақ: неліктен осы аурулар жиілеуде?

PISA тапсырмаларының негізінде білімдерін тексеру

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі теңізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:

1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану ИЯ/ЖОҚ

2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады ИЯ/ЖОҚ

3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызуИЯ/ЖОҚ

4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету мүмкін емес ИЯ/ЖОҚ

5. Европа өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру. ИЯ/ЖОҚ

Ғылыми зерттеу, талдау және жоба

(постер қорғау

Арал теңізінің проблемаларын шешуге бола ма?

Арал теңізін құтқару туралы жобаларға келісесің бе?

Арал теңізінің болашағы.

Кері байланыс (рефлексия)

Автор:
Букенбаева Жанар Балатаевна Сарқан ауданы Қарғалы орта мектебі