Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Интеллектуалды танымдық сайыс сабақ №1


13 февраля 2015, 17:39 | 1 001 просмотр



Интеллектуалды танымдық сайыс сабақ №1

Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, талдау, бағалай білу дағдыларын, ізденімпаздық әрекетін дамыту, пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру,жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Сергіту сәті. «Өзіңді тереңірек тани біл!»

Нұсқау: Сіздерге көрсетіліп тұрған жеміс-жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады.

Барысы:

І – тур «Таныстыру» 5 балл

ІІ – тур «Бәйге» әр жауапқа 1 баллдан

Жаттығу «Ақ парақтың екі бөлігі»

ІІІ – тур «Ой – толқын, білім теңіз..» әр мәліметке 1 баллдан

ІV – тур «Қақпа» таңдаған ұяшығына байланысты бағаланады

Жаттығу «Жылдамдық»

V – тур «Соңғы әріп» әр мәліметке 1 баллдан

Жаттығу «Шынын айтсам...»

VІ – тур «Сандар сөйлейді» әр жауапқа 1 баллдан

Жаттығу «Өз жұлдызыңды тап»

Бүгінгі сайыстың әділ төрелігін беретін, қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

І – тур «Таныстыру» 5 балл

Әр топ өздерін таныстырады

ІІ – тур «Бәйге» әр жауапқа 1 баллдан

І топ сұрақтары:

1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі

2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі. Тобыр

3. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі.Рулық

4. Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыитасу жүйесі? Тайпа

5. Қоғамда алғашқы ірі еңбек болінісін туғызған жағдай? Мал шаруашылығының дамуы.

6. Ғалымдардың ең ежелгі адамға қойған атауы? Епті адам

7. Ең ежелгі “епті адамның” мөлшерімен өмір сүрген мерзімі? 1 млн. 750 мың жыл бұрын.

8. Ең ежелгі адамның еңбек құралы Үшкір тас.

9. Ежелгі “тік жүретін адам” өкілі Синантроп

10. Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл өмір сүрген адамдар Синантроптар

11. Мөлшерімен 40-35 мың жыл бұрын қалыптасқан жандар атауы Саналы адам.

12. Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібі Терімшілік

13. Ежелгі тас ғасыры қамтитын кезең б.з.д 2 млн 500 мың – 12 мың жыл.

14. Орта тас ғасыры қамтитын кезең б.з.б 12-5 мың жыл

15. Жаңа тас ғасыры қаититын кезең б.з.б 5-3 мың жыл.

ІІ топ сұрақтары:

1. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы Оңтүстік Қазақстан.

2. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдардың замандастары Питекантроптар.

3. Ежелгі адамдардың тұнғыш баспаналары Үңгірлер.

4. Алғашкы адамдардың еңбек құралдарының атаулары Чоппер, чоплинг.

5. Алғашқы қауымдағы адамдардың негізінен аулаған андары Мамонттар мен бизондар.

6. Полеолит дәуіріне жататын еңбек қүралдары табылған өңір. Жамбыл облысы.

7. Жамбыл өңірінен табылған полеолит дәуірінің бес мыңдай еңбек құралдары бұлар Қашау мен үшкір заттар

8. Тас өңдеу биік деңгейге көтерілген кезен Неолит

9. Жамбыл облысындағы 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар Бөріқазан,Шабақты

10.Жер бетінің күрт суый бастауы басталды 100 мың жыл бұрын

11.Ғалымдардың есептеуінше мұздықтардың ери бастаған уақыты 13 мың жылдай бұрын

12. Тас дәуірі адамдардың ине жасаған заты Сүйек

13. Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары Жануарлардың сіңірлері

14. Адамдардың дән үккішті ойлап тапқан кезеңі Неолитте

15. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көне ескерткіштерінің табылған жері Шақпақата, Арыстанды.

Жаттығу «Ақ парақтың екі бөлігі»

Мақсаты: жағымды және жағымсыз жақтарды анықтау, жағымды қасиетті дамыту.

ІІІ тур «Ой – толқын, білім теңіз..»

Әр топтан 1 адам 2 сан таңдайды әр санда бекітілген 1 тақырып бар.Таңдалған тақырыптар бойынша топ мүшелері мәлімет жинайды.Берілген уақыт 5 минут (әр мәліметке 1 баллдан)

ІV тур «Қақпа» таңдаған ұяшығына байланысты бағаланады. Ұяшықтағы баллдар жасырулы тұрады.

Жаттығу «Жылдамдық»

Мақсаты: оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту.

Нұсқау: мен сіздерге жылдам сөздер тобын оқимын, сіздер мұқият тыңдап әр сөздің 2-ші әріпін жазасыздар.

V – тур «Соңғы әріп» әр мәліметке 1 баллдан

1. Сақтар туралы «дұшпанға-қатал, досқа адал» деп баяндайтын грек авторлары.

2. Сармат дәуіріндегі Каспий тенізінің атауы. Гиркан

3. Үйсіндердің щығу тегі туралы мәлімет қалдырған тарихшы – Сыма-Цянь

4. Қаңлы елі ішінде бөлінген иелік саны. 5

5. «Түрік» этнонимі бірінші рет деректерде 542ж кездесті –

6. Ғұндарда ақсақалдар кеңесі... жылына 3 рет шақырылды

7. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған кезең Энеолит.

8. Қола дәуіріне жататын Солтүстік Қазақстандағы қоныстар Петровка, Боголюбов

Жаттығу «Шынын айтсам...»

Мақсаты: Топ ішіндегі өзара сенімді орнату,қатысушылардың қорқыныштары мен стрестерінен арылу ашық болуға шақыру.

Уақыты:15 минут

Құрал-жабдықтар: аяқталмаған сөйлемде бар үлестірмелер.

VІ – тур «Сандар сөйлейді» әр жауапқа 1 баллдан

әр топ қарсылас топқа 5 тарихи оқиғаның болған жылдарын ғана атайды, қарсылас топ дұрыс жауабын айтуы керек.

Көрермендерге тапсырма.

1. топ көрермендеріне тапсырма: И, Л, М, О, П әріптерінен басталатын сұрақтар құрау.

2. топ көрермендеріне тапсырма: Р, Н, Б, Г, У әріптерінен басталатын сұрақтар құрау. Әр әріптен 5 сұрақтан болу керек. Ойын барысында сол сұрақтар қойылады.

«Өз жұлдызыңды тап» жаттығуы

(Оқушылар «Өз жұлдызыңды тап» жаттығуды орындау үстінде)

Қорытынды сөз.

Қазылар алқасының шешімі

Сарқан ауданы

Екіаша орта мектебі

Автор:
Шалова Балжан Богембаевна мектеп психологы Каирбеков Чахигазы Ахметказыевич тарих пәнінің мұғалімі