Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ізгілікті жан-Закира Нұрышқызы...


23 февраля 2015, 07:17 | 704 просмотра



«Жас ұрпақ білімді болып өссе, еліміздің ертеңі нұрлы болмақ»

Н.Ә. Назарбаев

Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Әр азамат баласының алдында тұрған мақсаттарының бірі- саналы ұрпақ. Жас ұрпақ саналы азамат болып өсуіне ықпал ететін ата-анасынан кейін ұстаз екені шындық. Әр ұстаз білім мен тәрбиені егіздей етіп сіңіре отырып, оқушы көкірегіне ұялатып өсіретіні бәрімізге аян. Сол себепті де бала тәрбиесінде ұстаздар қауымының атқарар міндеті де ауқымды. Мектеп қабырғасында тәрбиеленген әр оқушы ғылыми негіздерде ғана дәріс алып қоймай, сонымен қатар адами қасиеттерді де бойына молынан сіңіріп өсуі тиіс. Осы орайда болашақ ұрпақты жан – жақты жетілдіріп, бәсекеге төтеп беруге қабілетті, саналы адам етіп тәрбиелейтін ұлағатты ұстаз. Білім мен тәрбие жұмысы - педагогтардың нақты міндеті, яғни шәкірт тұлғасын сомдау мәселесін саналы түрде шешуге бағытталған үйлесімді іс-әрекеті екені баршамызға мәлім. Өн бойына адами қасиет тамыры терең жайлаған, өрісі кең, ізгілікті ту еткен ұлағатты ұстаздың еңбегін ұлықтау тектіліктің белгісі болар.

Аталмыш мектепте 35 жыл еңбек еткен аяулы әріптес, ардақты ана, асыл әже, ұлағатты ұстаз бүгінде 70 жасқа толды. Торқалы, мерей тойыңыз құтты болсын! Мәртебеңіз биік болсын, деніңіз сау, бала- шағаның ортасында бақытты ғұмыр кешіңіз! Жарық дүние әрдайым Сізге жақсылық нұрын төге берсін деп тілейміз.

Жүрекжарды тілегімізді қабыл алыңыз!

Осындай адамның өмірдерегіне сәл тоқталсақ: 1966-1970 жылдары Панфилов педагогикалық училищесін бітіріп, 1982-1987 жылдары Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогика институтын оқып бітірген жас маман еңбек жолын 1965 жылы Жаңатілеу 8 жылдық мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастапты. Содан бері пайғамбар жасына дейін мектеп табалдырығында болашақ ұрпақ тәрбиесіне қажырлы еңбек етті. Бала тәрбиесі күрделі де жауапты міндет екендігі бәрімізге белгілі.

Өзінің сүйікті мамандығы бойынша бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру, жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, білімге деген ынта, жігерін арттыру барысында дамыта оқытуды ұйымдастырып, балаға ақыл – ой әрекетін меңгеруге жағдай жасап, сол еңбегінің марапаты Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі, Мұғалім- әдіскер, Ы.Алтынсарин төс белгі иегері, еңбек ардагері және көп жылғы саналы тәрбие, сапалы білім берген Закира Нұрышқызының аты Аудандық «Құрмет кітабына» жазылды. Бұл марапат оңай жолмен келген жоқ. Талмас, қажырлы еңбектің жемісі. Аудандық бастауыш сынып мұғалімдер арасында талай жыл «Озат тәжірибе мектебі» семинарларын өткізіп, жетекшілік етті. Закира Нұрышқызы 47 жыл өмірін бастауыш сынып мұғалімі болып, сапалы білім, саналы тәрбие беріп өз қызметінде адал қызмет атқарды. Қолы бос кезінде әрдайым өлең шығарып, мақала жазды.

Әріптесіміздің сүйікті ісі-поэзия болған.

Өз мамандығының майталманы, талай дарынды оқушыларды тәрбиелеп, өмір жолына бейімдеді. Тәрбиелеген шәкірттері жоғары оқуды бітіріп әр салада еңбек етуде.

Осындай еңбек жолы үлгілі ардақты, аяулы жаннан үлгі алайық.

Шаршағанды білмейтін ардақты ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа, ізгілікке баулып, білікті, саналы азамат тәрбиелейік!

Автор:
Алматы облысы, Ақсу ауданы Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм-нің мектеп ұжымы