Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ізденімпаздық нәтижесі


9 марта 2015, 12:43 | 1 823 просмотра



Қазіргі таңдағы ең басты мақсат- бәсекеге қабілетті елдің білімді азаматтарын оқыту мен тәрбиелеу екені баршамызға аян.Ал осы жас ұрпақты сапалы біліммен сусындатудың тиімді жолдарының бірі «АТК»құралдары арқылы жұмыс істеуге дағдыландыру .Осы орайда әл-Фараби атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Иманғалиев Ерік Елтайұлы мектеп оқушыларын үнемі компьютермен жұмыс істеуге,интернет олимпиадаларға ,байқауларға қатысуға баулып отырады. Ақпан айында Ресей мемлекетінің Смоленск қаласында «Инфоурок» жобасы бойынша ұйымдастырылған халықаралық қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға мектеп оқушыларын ұйымдастырып,қатыстырды.Көптеген оқушылар жүлделі орындар иеленді.Соның ішінде 1 «А» сынып оқушыларын өзім ұйымдастырып, математика және логика пәндеріненқатыстырдым.

Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай,әрі өте қызықты болды.Нәтижесінде 15 оқушым 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушылардың ізденімпаздыққа,білімқұмарлыққа деген ынтасы арта түсті.

Автор:
Сарқан ауданы.Қарабөгет ауылы Аль-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Назгүл Ербосынқызы