Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әріптестеріне үлгі бола білген ұстаз


14 марта 2015, 16:14 | 1 024 просмотра



Әріптестеріне үлгі бола білген ұстаз

Маржан табиғатынан салмақты әрі орнықты болып өсті. Оның бұл қасиеті ана сүтімен бойына келген әрі өсе келе ата –ананың тәлім – тәрбиесі десе артық айтқандық емес. Ол өзінің осындай ерешелігімен мектепте оқып жүргенде де, Университетте білім алғанда да құрбы – құрдастарына үлгі – өнеге бола білді. Ұстаздарының ризашылығына бөленді. Міне енді өзінің І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінен педагогика және психология факультетін бітіріп, ұстаз болғанына да 23 жыл болыпты. Осы жылдар аралығында ерінбей оқып, үйреніп, білімін жетілдіре түсті.

«Ізденген жетер мұратқа» дегендей Маржан осындай еңбекқорлығымен өзі еңбек ететін №14 мектеп – гимназиясын ұстаздарының арасында үлкен беделге ие болды. Ал бастауыш сынып мұғалімі ретінде әріптестерімен пікірлесіп тәжірибе алмасып ашық сабақтарына қатысып өзі де ашық сабақтар өткізіп ұстаздық деңгейін көтеріп отырады. Ол әр пән бойынша жеке-жеке дайындық жұмыстарын жүргізіп алып оқушыларға түсінікті болу үшін айтылар тақырыптарға байланысты көрнекті құралдарды тиімді пайдалана біледі. Әрі оқушылардың ат салысуын қадағалай біледі. Осылай өткізілген сабақ оқушылар үшін түсінікті әрі тартымды болуда. Сол сиякты тәрбие сағатын өткізгенде де тақырыпқа байланысты балаларға қызықты әрі тартымды болуын ойластырады. Маржаннан білім алып тәрбие көрген оқушылар жылма – жыл қалалық білім сайысына қатысады. Оның бір дәлелі қалалық кіші ғылыми академиясы сайысына қатысқан Абзал Сансызбаев 1 орынға ие болды. «Еңбек етсең ерінбей, еңбегің кетпес далаға» дегендей Маржан Сагынтаевнаның еңбегіне орай қалалық білім бөлімінің, қалалық кәсіподақ кеңесінен, Облыстық ата –аналар комитетінен марапаттау беріліп, алғыстар айтылған. Сонымен қатар, Маржаннан білім алған балаларының білімі мен тәрбиесін көріп жүрген ата-аналар тарапынан да оның атына алғыстар жиі айтылады.

Суретте Маржан Сагынтаевна кезекті сабақ үстінде

2 суретте бастауыш сынып мұғалімдері солдан оңға қарай:Атейбекова Раушан, Джилкибаева Гульжан, Каринбаева Маржан, Конжанова Айнагүль.

Автор:
Бауыржан БҮЙРЕКБАЕВ.