Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Бейбіт елдің ұланымыз» әскери-патриоттық жарыс.


14 марта 2015, 16:20 | 1 572 просмотра



Ұлы Отан соғысына 70-жыл толуына орай өткізілген

«Бейбіт елдің ұланымыз» атты әскери-патриоттық жарыс

Тақырыбы: «Бейбіт елдің ұланымыз» әскери-патриоттық жарыс.

Мақсаты және міндеті:

1.Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу.

2. Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру.

3. Оқушылар арасында достықты нығайту.

4. Оқушыларды әскери оқу орындарына түсуге баулу.

5. Оқушылардың дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру.

Көрнекіліктер:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Гимн.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Шарлар, гүлдер, әскери музыкамен жабдықталған.

Жарыстың өтілу барысы: (Әскери-патриоттық әуен).

Мұғалім сөзі: (Рапорт) Директор мырза 10 және 11 сынып оқушылары әскери-патриоттық жарысқа сапқа тұрғызылды, баяндап тұрған АӘД пәннің оқытушы-ұйымдастырушысы Н.Үкібасов. Мектеп тік тұр! Мемлекеттік гимн орындалсын!

1-жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар, оқушылар!!!

Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.

2-жүргізуші :

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық,

Ата жолын жалғамақ,

Ел намысын қорғамақ

Ұлдар шықты ортаға,

Бүгін Ұлан боп атанбақ!!!

1-жүргізуші: Олай болса, ортаға қатысушы топтарды шақырайық, әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсететін топтар:

Жақсы оқиды, өнері бар талапты,

Бұл мектепті өздері қалап таңдапты.

Шындық үшін шырылдайды ұлтжанды

Шақырайық ортамызға - 11 сыныптың ұландарын,топтарының аты «________» тобы

2-жүргізуші:

Спортпенен білім жағын бір қосқан,

Кем қалмаған талантпенен табысқан

Алдарыңызда өздері палуан, күрескер

Мектебіміздің – 10 сыныптың ұландарын, топтарының аты «____» тобы

1-жүргізуші:

Достық пен татулықты тәжім еткен

Өздерінің тапқырлығын аңыз еткен

Біледі олар жақсы менен жаманды

Өнерімен тамсандырған талайды

2-жүргізуші: Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі байқауда сіздерге үлкен сәттілік тілейміз! Ал енді әділ баға беретін әділ қазылар алқаларымен таныс болыңыздар.

1_____________

2_____________

3_____________

1-жүргізуші: «Ұл бала мен ер жігіт» тәрбиесі сұрауын халқымыздың әдет-ғұрпында, отбасына ұл баланың келуін «Ұл туғанға күн туған» деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Оны мал бағуға, аң аулауға, мылтық атуға, отбасын асырауға әкелері үйреткен. Ал енді сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып кетсек:

2-жүргізуші: «Кедергілермен өтіп барып тирмен шарды ату»

1-жүргізуші: «Аяғына қапты киіп секіріп барып, тест сұраққа жауап беріп қапты шешіп газ тұтқышты киіп қайтадан өз орнына қайтып келу»

2-жүргізуші: «Оқжатарды уақытқа жинау»

1-жүргізуші: «Калашников автоматын кедергімен өтіп, бөлшектеу, жинау».

2-жүргізуші: «Газ тұмылдырықты кию»

1-жүргізуші: «Әскери – дала асханасы» сайысы»

2-жүргізуші: «Туған өлкеге хат»

1-жүргізуші: «Кір тас көтеру»

2-жүргізуші: «Арқан тартыс»

1-жүргізуші: «Эмблемма, газетті бағалау»

2-жүргізуші: Ал енді құрметті ойыншылар өз орындарыңызды ала отырып сайысымызға дайындала берулеріңізді сұраймыз!

1-жүргізуші:

Ереуіл атқа ер салмай

Егеулі найза қолға алмай

Еңку-еңку жер шалмай

Ерлердің ісі бітер ме?

- деп Махамбет батыр жырлағандай I кезеңімізді бастайық! «Кедергілермен өтіп барып тирмен шарды ату» сайысы!

2-жүргізуші: Ұлым!

Сен жігіт болсаң кең тұлғалы

Алдыңда белгілі көп жол тұрғаны

Сан шыңға шыдай біл,

Тек төзе көрме

Жала сөз айтса біреу ел туралы!

2- кезеңіміз «Аяғына қапты киіп секіріп барып, тест сұраққа жауап беріп қапты шешіп газ тұтқышты киіп қайтадан өз орнына қайтып келу» сайысы

1-жүргізуші: «Еңбек ширатады, өмір үйретеді» демекші 3 кезең «Оқжатарды уақытқа жинау» сайысы!

2-жүргізуші: Келесі 4 кезең. «Калашников автоматын уақытқа бөлшектеу, жинау». Ендеше ортаға команда капитандарын шақырайық!

1-жүргізуші:

Енді біз байқап көрейік.

Жүйрік аттай желейік,

Газ тұмылдырық киейік.

Келесі кезеңіміз «Газ тұмылдырықты кию» кезеңі

2-жүргізуші: «Ас адамның арқауы» демекші келесі 4 кезең «Әскери – дала асханасы» сайысы. Әр топтан бір ұл бала ортаға шығып, әрқайсысы 5 картоптан тазалайды. Ескерту: Қабығының қалыңдығы ескеріледі. 2 секунд уақыт қосылады.

1-жүргізуші:

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас -демекші

келесі 7 ші кезеңіміз «Туған өлкеге хат» жолдау.

2-жүргізуші:

Ей, тәкаппар дүние,

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы!

Ендігі сайысымыз «Кір тас көтеру».

1-жүргізуші:

Ұлт тірегі- білімді ұрпақ қолында,

Ізденіңдер, білім алу жолында.

Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,

Жас қырандар алау оттай жалында.

Келесі ойынымыз : Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс»

2-жүргізуші: Соңғы кезеңіміз: «Эмблемма, газетті бағалау»

1-жүргізуші: Жарыстың қорытындысын шығару және жеңген командаларды құттықтау

2-жүргізуші:

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды

Егер де сіздер рұқсат етсеңіздер

Осыменен сайысымыз аяқталды.

1-жүргізуші: Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Автор:
Нұртас Үкібасов, АӘД пәнінің мұғалімі. Елтінді батыр атындағы орта мектебі МДШО КММ. Панфилов ауданы.