Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Көпжасушалы жануарлардың зәр шығаруы және зәр шығару жүйесінің құрылысы.


14 марта 2015, 16:21 | 2 476 просмотров



Көпжасушалы жануарлардың зәр шығаруы және зәр шығару жүйесінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Көпжасушалы жануарлардың зәр шығаруы және зәр шығару жүйесінің құрылысы туралы оқушыларға түсіндіріп, жалпы зәр шығару жүйесіне сипаттама беру. Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, тіл байлығын дамыту. Этика-эстетикалық тәлім тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, карточкаларға жауап қайтару

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, карточкалар, биологиялық диктанттар, суреттер

1. Балықтың ішкі құрылысы

2. Шұбалшаңның зәр шығару жолдары

3. Құстардың зәр шығару жүйесі

Пән аралық байланыс: Педагогика, психология, қазақ тілі мен әдебиеті

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың үйге берілген жазба жұмыстарын тексеру

III. Қозғау сұрақтары;

- Тыныс алудың асқорытумен қандай байланысы бар?

- Қосарлы тыныс алу қай жануарларға тән?

- Организмнің газ алмасуы деген не?

- Қосмекенділердің тыныс алуы туралы кім айтты?

- Бақа қалай және не арқылы тыныс алады?

- Жорғалаушылардың тыныс алуы туралы не білесіңдер?

- Құстардың өкпесі қалай дамыған?

- Қосарлы тыныс алу дегеніміз не?

Биологиялық диктант

1. Балық суды толассыз-------------------------. Су ауыз қуысынан желбезек жапырақшаларына барып, сол арқылы суда еріген--------------------------- қанға сіңіреді.

2. Денедегі ---------------------- газы суға қосылып, --------------------- қақпақшасы арқылы сыртқа шығады.

3. Хордалылардың тынысалу жүйесінің тыныс жолдарына сәйкес келетін мүшелерінің реті: танау тесігі-көмекей - --------------------------- - өкпе. Бұл жүйедегі газ алмасатын ең негізгі мүше - ---------------- . Басқа мүшелердің қызметі – негізінен алғанда өкпеге-------------------- жеткізу.

4. Өкпе құрылысының жалпы сұлбасы мен қызметі барлық ------------------ бірдей. Ерекшелігі – тек бұл мүшенің ------------------------------- ғана тән.

Үй тапсырмасын бекіту

«Қосмекенді» тақырыбында сөзжұмбақ шешу.

1. Суда да, құрлықта да тері арқылы тыныс алатын қосмекенді /бақа/

2. Нелердің терісі мүйізді қабыршақпен қапталған? /жорғалаушы/

3. Қосмекенділердің жұп өкпесі қандай пішінді? /сопақша/

4. Қосмекенділер қандай мүшемен тыныс алады? /өкпемен/

5. Қосмекенділердің суда тіршілік ететін дернәсілі немен тыныс алады? /желбезекпен/

6. Суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінің тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі, ол........ /желбезек/

7. Не 3-4 жұп желбезек доғаларынан құралады? /балық желбезегі/

8. «Балам суда, өзім құрлықта тұрамын» деген әңгіме қай оқулықтан? /дүниетану/

9. Балық суды толассыз не істейді? /жұтады/

10. Сырттан келетін ауамен жанасу бетінің аумағы шағын болғандықтан, газ алмасуды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан қосымша газ алмасу қалай жүреді? /тері арқылы/

IV. Мақсат қою кезеңі:

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамыту.

V. Жаңа білімді меңгерту:

Жануарлар организмі айналадағы ортадан қорек, газ және суды үздіксіз денеге жеткізіп, оларды өңдеп, одан өз тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті заттарды алады. Сырттан келген және өңдеуден түзілген қажетсіз заттарды денесінен шығару да тіршілік үшін өте қажетті процесс. Ол заттар шығарылмаса организм «қоқыс жәшігіне» айналып, ластанып, уланар еді және көлемі, салмағы шексіз өсіп, ешбір қимыл-қозғалыссыз шөгіп жатар еді. Бұл сөзсіз тіршілікті жояды. Организмде түзілетін әр түрлі зиянды заттар қатты, сұйық және газ күйінде болады. Құрттарда зәршығару мүшесінің дене ішіндегі ұшы кеңірек кірпікшелі жұлдызша тәрізді болып жіңішке түтікке айналады да, оның ұшы тері жабыны арқылы сыртқа ашылады. Ұлуда зәршығару қызметі шапанша қуысына ашылатын бүйрек атқарады. Шаянтектерде зәршығару мүшесінің қызметін жасыл түсті жұп без атқарады. Өрмекшілер мен бунақденелілер мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығарады. Омыртқалы жануарлардың зәр шығару мүшесі бір-бірімен ұқсас. Бүйректен несепағар түтігі арқылы қуыққа жиналып, одан клоака арқылы сыртқа шығарылады. Дегенмен бұл жерде әр жануардың түріне қарай аздаған өзіне тән ерекшелігі бар.

Зәршығару мүшелері жануарлардың әрқайсысында әртүрлі болғанымен, барлығының қызметі организмге түскен немесе организмде түзілген зиянды заттарды «сүзіп», «жинақтап» сыртқы ортаға шығару болып табылады.

Зиянды заттарды организмде бөліп, жинақтайтын негізгі мүше: қарапайымдарда – жиырылғыш вакуольдер, ұлуларда – жұлдызша түтікшелер, ұлуда-шұбалшаңның жұлдызша түтікшелеріне ұқсас – бүйрек, шаянтектестерде – жасыл түсті бір жұп бездер, өрмеші тектестер мен бунақденелілерде – мальпигий түтікшелері, омыртқалы жануарларда – бүйрек.

VI. Жаңа білімді жалпылау.

Биологиялық диктант

1. Ұлуда зәр шығару қызметін шапанша қуысына ашылатын -----------------атқарады. Оның құрылысы күрделірек болғанымен, ол шұбалшаңның--------------------------------------- ұқсас.

2. --------------------------зәршығару мүшесінің қызметін жасыл түсті жұп без атқарады. Әр безден шығатын түтікше ----------------- арқылы жиналатын зиянды заттарды мұртшалардың түбінен ------------------------- шығарады.

3. Өрмекшілер мен бунақденелілер негізінен мальпигий түтікшелері арқылы ----------------------- . Өрмекшінің көкірек бөлімінде -----------------болады.

4. Бүйректен несеп /зәр/ несепағар түтігі арқылы ------------------- жиналып, одан ------------------------------------ арқылы сыртқа шығарылады.

VII. Жаңа білімді бекіту.

«Зәр шығару» тақырыбында сөзжұмбақ шешу.

1. Организмде түзілетін әртүрлі зиянды заттар қатты, сұйық және қандай күйде болады? /газ/

2. Өрмекшілер мен бунақденелілер мальпигий түтікшелері арқылы не істейді? /зәр шығарады/

3. Зиянды заттарды организмде бөліп, жинақтайтын негізгі мүше омыртқалы жануарларда қандай мүше? /бүйрек/

4. Нелерде зәршығару мүшесінің қызметін жасыл түсті без атқарады? /шаянтектерде/

5. Қандай жануарлардың зәршығару мүшесі бір-біріне ұқсас? /омыртқалы/

6. Несеп бүйректен несеп түтігі арқылы қайда жиналып сыртқа жиі шығарылады? /клоакаға/

7. Зиянды заттарды организмде бөліп, жинақтайтын негізгі мүше, құстарда қандай мүше? /жұлдызша түтікшелері/

8. Зәр шығару жануарлар организміне тән қандай мүшемен тікелей байланысты? /асқорытумен/

9. Қандай жануарда зәр шығару қызметін шапанша қуысына ашылатын бүйрек атқарады? /ұлуда/

VIII. Үйге тапсырма беру.

132 бет №38 оқып келу. Тақырыпқа байланысты тест тапсырмаларын, сөзжұмбақ, ребустар құрап келу.

Автор:
Аида Мухлисова, химия және биология пәнінің мұғалімі. Шанханай орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Кербұлақ ауданы.