Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ел тірегі – білімді ұрпақ


21 марта 2015, 15:07 | 2 007 просмотров



Ел тірегі – білімді ұрпақ

Қай кезенде, қай елде болсада бала тәрбиесіне үлкен мән беріледі, өйткені бала - біздің болашағымыз. Әрине, ең алдымен тәрбие отбасынан басталады, ата-анасы балаға махаббатың сездіріп, көңіл бөліп, дәстүрлі тәрбие беруі керек. Дегенмен, тәрбие ретінде балабақшаның алатын орны ерекше.

Мектепке дейінгі дайындық өте маңызды мәселе, тәрбие мен білімнің негізі балабақшада қаланады.Балабақша балдырғандардың екінші үйі болса, тәрбиеші екінші анасы десек артық болмайды. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңай емес. Баланың тілің тауып, жақсы тәрбие беру әр адамның қолынан келе бермейді. Еліміз бойнша балабақшаларда 89 пайызы нәзік жанды әйелдер еңбек етуде. Талдықорғаң қаланың №7 мемлекеттік ясли-бақшасында бала дамуына толық жағдай жасалған: ғимараты жаңа, әдемі, жарық, материалдық- техниқалық базасы барлық талаптарға сай келеді.

«Әрбір баланың қабілеті, ептілігі мен дарындылығын ашу, жеке тұлғаға айналдыру, дені сау, ұлттық сана сезім оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, Отаның, тілің шексіз сүйетін, парасатты, білімді, мәдениетті, еңбекқор, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу - бұл біздің негізгі мақсатымыз, сондықтан тәрбиешілер өз жұмысында интерактивтік тақталарды, жаңа инновациялық технологияларды, әртүрлі дидақтиқалық қимыл ойындарды, практиқалық тәжірибелерді қолданады, осы балалар - еліміздің келешегі, оларды ерекше күтіп, тәрбиелеп, әсіресе, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз керек, бізбен бірге ата-аналарда үнемі оқу тәрбие процессіне қатысуы қажет, »- дейді балабақша меңгерушісі Мамекова Ұлтуар Мұхамерқызы.

Күнделікті таңертен «Қарлығаш» естиярлар тобының тәрбиешілері: Қыдырбаева Роза Тұрсынғалиқызы, Билемхан Айңұр Білімханқызы, тәрбиешінің көмекшісі Құдайбергенова Гүлмира Қыдырбайқызы бүлдіршіндерді жылы жүзімен қарсы алады. Мектепке бармас бұрын балалар құрбыларымен қарым қатынасқа түсіп, өзін ортада еркін сезініп үйрену керек. «Бізге келген балалар біреудің бірі- жалғызы, бірі- ерке, бірі- момын, әрқайсының жүрегіне жол тауып, әр баланың жеке басының ерекшіліктерін ескеріп оның бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашу, көпшілікке үйрету, ана тілінде әдемі сөйлеу, олардың ой -сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізуге үйрету біздің мақсаттарымыздың бірі»- дейді Айнұр Білімханқызы.

Тәрбиешілер Роза Тұрсынғалиқызы, Айнұр Білімханқызы бүлдіршіндердің жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білуге тырысады, балаларға қол еңбегімен айналысуға арналған әр-түрлі құрал-саймандарды қолданады.

Топта әрдайым түрлі оқу іс-әрекеттер ұйымдастырылады: ойын, қозғалыс, сайыс, ашық сабақ, ата-аналар тек көрермен ретінде ғана емес, балалармен бірге логиқалық сұрақтарға жауап беріп, көңілді ойындарға да қатысады. Бұндай іс-әрекеттер инабаттылыққа, шапшандыққа, тапқырлыққа үйретеді, шығармашылыққа жетілейді. Бүгінгі күнде балалардың көңіл күйі көтеріңкі, өйткені олар ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы ҰлыстыңҰлы күні Наурызға арнап дайындық жасап жатыр,

Топта өтіп жатқан әр мереке, мейрам көңілді және қызықты өтеді. Бұндай шаралар достық, бірлік, татулық, жауапкершілікке тәрбиелейді.

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,»

-деп, Абай атамыз жырлаған. Тәрбиеші баланың тұнғыш ұстазы, жас ұрпақты лайықты түрде тәрбиелеу аса жоғары міндет, осы міндетті орындау үшін тәрбиеші жаның салады, ендеше олардың еңбегі қашан да құрметке лайық.

Автор:
Ахматулин Құмар ЖМУ студенті