Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Белдік киім.Өлшем алу


21 марта 2015, 15:11 | 1 740 просмотров



Сабақтың тақырыбы : Белдік киім.Өлшем ал.у

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: шалбарлардың құрылымымен таныстыру.

Дамытушылық: дұрыс өлшем алу шеберліктері мен дағдыларына үйрету.

Тәрбиелік:оқушыларда эстетикалық талғам қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ өткізу әдістері:

-түсіндіру-иллюстрациялық(әңгіме,әңгімелесу,дидактикалық материалдармен жұмыс,көрсетілімдер);

-қалыптастырушылық (нұсқаулық,сарамандық жұмыс,өздік жұмыс).

Оқыту құралдары:

-пәндік-табиғи нысандар,көрнекі құралдар;

-іс-тәжірбиелік-еңбектік қызмет;

-эмоциялық-шығармашылық қызығушылық.

Жабдықтар және көрнекіліктер:оқулық,жұмыс дәптері,көрнекі құралдар («Өлшем алу» кестелері,нұсқаулық карталар,слайдтар).

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Оқушылардың жеке тәжірбиесін өзектендіру.

Бірнеше өлшемнің үлгі пішімдері пайдаланылатын киімді жаппай өнеркәсіптік өндірісте тігумен салдырғанда,жеке адамға киім тігетін адамның ерекшеліктерін есепке алу қажет. Пішімін жасап,одан кейін адамның жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып киім тігуде бірқатар өлшемдер жасау қажет.Бұл өлшеулерді өлшем деп,ал өлшеу процесін өлшемдерді алу деп атау қабылданған.

- Өлшемдерді алу ережелерін санамалаңдар.

- Дене бітімнің қай жағынан өлшемдер алады және неліктен?

- Жартылық мөлшерде қандай өлшемдер жазылады?

IV.Жаңа материалды зерделеу.

Киім құрылымдаудың негізгі,неғұрлым жауапты және күрделі процестерінің бірі адам дене бітімінің мөлшерлік белгілерін алу (өлшемдерді алу ) болып табылады.Өздерің түсініп отырғандай,оған өте байсалды қараған жөн.Өлшемдерді сантиметрлік таспамен дене бітімнің оң жағынан,алдымен айналыңдар,содан кейін ұзындықтарын өлшемдерін алады.

Оқу сәнмүсіні мен сантиметрлік таспаны пайдалана отырып өлшемді қалай дұрыс алуға болатынын көрсетеді.Оқушыларға өлшемдер кестесі бар карточкалар таратылады.Өлшеулердің дәлдігі сызбаның дәлдігіне,ал нәтиже бұйым сапасына байланысты болады.

Шалбар сызбасын құру үшін сендерге өлшемдер,сондай-ақ құрылымдық қосымшалар қажет.

Оқулықпен жұмыс.

V.Білімді бастапқы тексеру.

Карточка-тапсырмалар бойынша жұмыс.

№1-карточка-тапсырма.

1.Өлшемдерді дене бітімнің ... жағынан алады.

2.Белді алдын-ала ... белдемейді.

3.Өлшемдер алған кезде өлшенетін адам ... тұруы тиіс.

№2-карточка-тапсырма.

1.Өлшемдерді ... алады.

2.Өлшеу кезінде сантиметрлік таспаны ... керек.

3.Ұзындық өлшемдерін ... жазады.

4.Айналым өлшемдерін ... мөлшерде жазады.

Оқулықтан сұрақтарды оқыңдар,оларға жауап беріңдер.

VI.Жаңа білім мен жұмыс тәсілдерін бекіту.Сарамандық жұмыс.

Аспаптар мен марериалдар:қалам,дәптер,өшіргіш,сантиметрлік таспа,жіп.

«Тапсырыс беруші-пішуші» рөлдік ойыны(ойындық технология).Оқушыларға тапсырыс берушіні қабылдау мен қызмет көрсету,өлшемдер алу,шалбар моделін ұсыну тапсырмасы беріледі.Одан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

Кіріспе нұсқама:оқушыларды тапсырманы орындауға жұмылдыру.

Жұмыс жұппен жүргізіледі.

«Пішуші» «тапсырыс берушіден» өлшемдер алады,алынған мәліметтерді жұмыс дәптеріндегі кестеге енгізеді.

Жұмыс кезінде оқушылар мұғалімге өлшеулерін көрсетеді.

Бөлшектердің сызбаларын құру үшін дене бітімнің өлшемдік белгілері ғана емес,сондай-ақ киімнің еркін қонуына қосымшалар да қажет.Еркін қонымдылыққа қосымша-тігілген бұйым киюге еркін және қолайлы болу үшін алынған өлшем мөлшеріне қосылатын кеңдік.Қосымша кеңдігі бұйымның арнаулы мен оның құрылымына байланысты.Қосымшалар қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етеді,қажетті жылу алмасуды реттейтін ауа қабатын жасайды,модель силуэтіне сәйкес келеді.

Қосымша Қ әріпімен белгіленеді,жанына қосымша берілетін жер белгіленеді.Мысалы,Қб-бел сызығы бойынша қосымша.

Оқулықпен жұмыс.

VII.Бақылау және өзін-өзі бақылау.

Бірінші аралап шығу-жұмыс орнын ұйымдастыруды тексеру.

Екінші аралап шығу-жұмыс тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру,оқушыларға жекелей көмек көрсету.

Үшінші аралап шығу-жұмыстың аяқталу кезеңін тексеу және оқушылардың өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруы.

Жұмыс аяқталғаннан кейін мұғалім орындалған жұмыстың дұрыстығы мен дәлдігін тексереді.

VIII. Қортындылау.

Материалды бекіту.

Шалбар сызбасын құру үшін қажетті өлшемдерді санамалаңдар.

Белдік бұйым мөлшері қандай өлшем бойынша анықталады?

Бағаларды журнал мен күнделіктерге қою.

IX.Үй тапсырмасы.Нақты шамадағы шалбар негізін пішімдеу сызбасын құру үшін масштабы сызғыш,миллиметрлік қағаз,сызба аспаптарын әкелу.

X. Жұмыс орнын жинастыру.

Автор:
Алматы облысы Панфилов ауданы Головацкий атындағы орта мектеп Технология пәнінің мұғалімі Кабдыраш Шаней