Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Себеп-салдар салалас құрмалас


21 марта 2015, 15:12 | 10 938 просмотров



Сабақтың тақырыбы: Себеп-салдар салалас құрмалас

Сыныбы: 9 «Б»

Жалпы мақсаты: Себеп-салдар салалас туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

Сілтеме:. Қазақ тілі 9-сынып. Мектеп. Агзамова З. , Шаймерденова К.,2013ж,

қосымша әдебиеттер жазу..

Жұмыс нәтижесі: Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді ажырата алады, жалғаулық шылаулар және жалғаулықсыз жасалатынын біледі.

Негізгі идеялар: Білгенін өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білуге дағдыланады.

Қолданылатын материалдар: Білгенін өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білуге дағдыланады.

Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут

1. Сабақ жоспары: Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою

2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

3. Рефлексия

4. Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру кезеңі

Пазлдармен топтарға бөлу .

Музыка ырғағымен бір-біріне тілек айтады.

Құрмалас сөйлемнің түрлері жазылған қағаздар арқылы оқушыларды топтарға бөлу .

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау . «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша тапсырма беру

Бос орынды толықтырып, сөйлемді аяқтаңдар.

құлақпен естиді, ........... ..............

Адамдар мұрынмен дем алады, .................

көзбен көреді,................................

қолмен ұстайды,............................

ІІІ.Жаңа ақпарат.

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз. Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды,құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді,сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.

Бірінші құрмаласта соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұрса,екінші құрмаласта алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.

Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз іргелес те,жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.Ол жалғаулықтар мыналар: өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз.

Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз. Егер себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса,арасына үтір қойылады. Керісінше,салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын айтылса,арасына қос нүкте қойылады.

Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой,өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді:бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой.

Жалғаулықты себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын шылауларына қарай білеміз.Егер сондықтан,сол себепті деген жалғаулықтар тұрса,себеп мәнді жай сөйлем бұрын орналасып, салдар мәндісі соң орналасқан болады.

Себебі, өйткені, неге десеңіз деген шылаулар тұрса,салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасып,себеп мәндісі соң орналасқан болады.Мысалы: Жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады,сол себепті мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайылмайды.Күріш тұқымы суға қолмен себіледі,өйткені тұқым сепкіш суға жүре алмайды.

ІҮ.«Мағынаны таны» Төменде берілген сөздердің омонимін табыңдар.

Бас,өкпе, тіл,ерін,бауыр,сан,төбе,шаш,жақ.

Адамның басы- жерді бас

Адамның өкпесі – өкпесі қара қазандай

Адамның тілі – ақанды тіл

Бауыр мүше – адамның жақын туысы

Сан мүше – екі саны

Төбе шаш – құмдағы төбе

Ұзын шаш – моншақты шашты

Адамның жақ сүйегі –отты жақ

Ү.Мына сөздердің фразеологизмдерін табыңдар.

Көз,қол,саусақ,тіл,іш.

ҮІ.Оқулықпен жұмыс. «Талдау-табыс кілті» бойынша берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау, салалас құрмалас сөйлемдерді табу.

1.Темекі құрамындағы улы заттар адам денсаулығына өте зиян, сондықтан темекіге әуес болма!

2.Одан әрі олар сөйлескен жоқ, себебі үйге жақындап қалған еді.

3. Бүгін ауа райы қолайсыз болды, сондықтан біз Алматы уақытында ұша алмадық.

ҮІІ. Қорытынды.

1. Семантикалық карта.

2. Жабық тест

3. Инсерт әдісі

Рефлексия

ҮІІІ.Бағалау. «Білім пердесі» бағалау парақшалары арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

ІХ. Орындауға берілген тапсырма. «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді қатыстырып эссе жазу.

Автор:
Нұргүл Абдыхайымова, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі «Топар орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Балқаш ауданы.