Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Е.Иманғалиевтің басшылығымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға республикалық банк мәліметінің тұсаукесері өтті


24 мая 2015, 00:01 | 1 571 просмотр



«Балалардың құқықтарын конституциялық қамтамасыз ету-ұлттық және халықаралық аспект» атты диалогтық алаңның өткізілуі туралы.

2015 жылғы 15 мамырда ҚР Білім және ғылым вице-министрі Е.Иманғалиевтің басшылығымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға республикалық банк мәліметінің тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын құттықтау салтанатында Елбасы тарапынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бірыңғай ұлттық банк мәліметін құру туралы тапсырма берілген.

Бүгінгі таңда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға республикалық банк мәліметін құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Банк мәліметі республика өңірлерінің деңгейінде қалыптасқан ақпараттық ресурстар жиынтығын ұсынады, сонымен қатар қайта өңдеу және жинақтау, қор жинау, сақтау, өз отбасыларына балаларды асырап алуға тілек білдірген азаматтарға жеткізу сияқты процесстерді іске асыратын ақпараттық технологиялар, отбасыға тәрбиеленуге жататын балалар туралы құжаттандырылған ақпараттар.

Аталған банк мәліметі орталық және жергілікті деңгейде мүдделі мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдік ұйымдарымен балаларды есепке алуды келешекте олардың отбасыға орналасуын бақылауға алу.

Ағымдағы жылдың соңына дейін аталған мәліметті пилоттық режимде Астана қаласында жүргізу жоспарлануда.

2016 жылы қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің мамандары үшін аталған жүйемен жұмыс жасау, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінде жүйені кезең-кезеңмен енгізуде тәжірибелі пайдалану үшін семинарлар өткізіледі.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық банк мәліметінің қызметі 2017 жылғы қаңтар айынан басталады.

Автор:
ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ