Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ХАБАРЛАЙМЫЗ


7 июня 2015, 09:35 | 1 774 просмотра


Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға салықтық тексеру нәтижелеріне шағым беру құқығы туралы жадынаманың және кедендік тексеру нәтижелеріне шағым беру құқығы туралы жадынаманың бар екенін хабарлайды:

1. Салықтық тексеру нәтижелеріне шағым беру құқығы туралы жадынама

(Бұл жадынама жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына салықтық тексеру нәтижелеріне шағым беруге қойылатын негізгі талаптар туралы ақпаратты қамтиды)

Салықтық тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз оның нәтижелеріне сотқа шағымдануға немесе салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына шағым беруге құқылысыз(Салық кодексі 93-тарауы).

Сотқа шағым Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіпте беріледі.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына берiледi (Салық кодексінің 667-бабы).

Шағым жазбаша нысанда беріледі және шағымға салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды(Салық кодексінің 668-бабы).

Шағымда:

1) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымға қол қойған күнi;

2) шағым берілетін жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органының атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) сәйкестендіру нөмірі;

5) салықтық тексеру жүргізген мемлекеттік кірістер органының атауы;

6) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін(Салық кодексінің668-бабы).

Шағымға:

1) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

2) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі (Салық кодексінің 668 бабы).

Шағымның көшiрмесi салықтық тексеру жүргiзген мемлекеттік кірістер органына жiберілу тиiс(Салық кодексінің 667 бабы).

2. Кедендік тексеру нәтижелеріне шағым беру құқығы туралы жадынама

(Бұл жадынама жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына кедендік тексеру нәтижелеріне шағым беруге қойылатын негізгі талаптар туралы ақпаратты қамтиды)

Кедендік тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда Сіз оның нәтижелеріне сотқа шағымдануға немесе берешекті өтеу туралы хабарламаға жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына шағым беруге құқылысыз(Кеден кодексінің19-тарауы).

Сотқа шағым Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіпте беріледі.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап жиырма күнтізбелік күнi iшiнде жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына берiледi (Кеден кодексінің 175-бабы).

Шағым жазбаша нысанда беріледі және шағым берген тұлға не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды(Кеден кодексінің 176-бабы).

Шағымда:

1) шағым беру күнi;

2) шағым берілетін жоғары тұрған мемлекттік кірістер органының атауы;

3) шағым беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

4) берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы;

5) шағым беруші тұлға өз талаптарын негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жайларды растайтын дәлелдер;

7) қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Шағымда дауды шешу үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін(Кеден кодексінің 176-бабы).

Шағымға:

1) берешекті өтеу туралы хабарламаның көшірмесі;

2) салық төлеуші (салық агенті) өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттар;

3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса тіркеледі (Кеден кодексінің 176 бабы).

Шағымның көшiрмесi берешекті өтеу туралы хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органына жiберілу тиiс(Кеден кодексінің 175-бабы).

Шағымда қарастыру тәртібі туралы ақпарат және шағым үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында ораналастырылған.

Автор:
Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.