Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Мемлекеттік саясатың негізгі басымдықтарының бірі - жемқорлыққа қарсы күрес»


25 июня 2015, 13:24 | 1 678 просмотров


Мемлекеттік саясатың негізгі басымдықтарының бірі- жемқорлыққа қарсы күрес. Өйткені салық қызметі органдарының беделді нұқсан келдіріп, салық төлеушілердің сенімінен айыратын осы – жемқорлық.. Оған қоса – экономиканың дамынуына қауіп төндіріп, экономикалық және ұлттық қауыпсіздікке зиян тигізетіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының «Жемқорлыққа қарсы күрес» Заңы жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтың жолын кесу арқылы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталады. Жемқорлық қылмыс деп мемлекеттік қызметтерді атқаруға ресми түрде тартылған адамдардың өздеріне берілген мүмкіндіктерді өз мүддесіне пайдаланып, заңға қайшы әрекет етуін айтамыз.

Әлеуметтік құбылыс ретінде жемқорлық әртүрлі құнпарлық әрекеттерді жасау арқылыкөрінеді. Ол қылмыс болып есептелгендіктен, қылмыстық жазаға тартылуы тиіс. Лауазым иесінің ықылассыздық пен біліксіздік танытуы, қызметтегі міндеттерін тиісінше орындамауы,пайдакүнемдікке салынуы жемқорлықтың өркендеуіне әкеледі.

Кірітер басқармасында жемқорлыққа қарсы ұдайы күрес жүргізіліп келеді. Жемқорлыққа қарсы күрес және қызмет этикасын сақтау мәселелері бойынша комиссия құрылып, ҚР салық төлеушінің хартиясы қабылданған болатын.

Мемлекеттік мекемедегі жемқорлық деңгейін бағалауда нөлдік көрсеткішке қол жеткізу үшін кірістер басқармасында көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға арналған жұмыстар атқарылуда. Ол салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсетуде салық қызметкерлерінің әрекетін регламенттеу жолымен жүзеге асырылады.

Қазіргі кезде кірістер басқармасында салық қызметкерлерінің салық төлеушілермен тікелей қарым – қатынасын шектеу мақсатында электронды салық қызметі еңгізіліп, салық төлеушілер өтінішің орындалуын көрсететің терминал орнатылған.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрақты негізге салық төлеушілерге салық салу мәселелері туралы ақпарат беріледі.

Кірістер басқармасында жадынама, буклеттер таратылады. Бұл салық төлеушілердің салық мәдениетін көтеруге септігін тигізеді.

Жыл өткен сайын нормативті құқықтық актілерде салық салу мәселелеріндегі әкімшілік және салық процедуралары жеңілдетіліп, неғұрлым қарапайым және айқын бола түсуде

Автор:
Көксу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы