Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Үздік түлектерге «Алтын белгі» тапсырылды


25 июня 2015, 13:27 | 3 104 просмотра



Талдықорған қаласындағы орталық алаңда мектеп бітіруші түлектерге «Алтын белгі» тапсыру салтанатты өтті. Оған облысымыздың түкпірінен келген 190-нан астам үздік білім иелері қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жиын алдында «Алтын белгі» иелері «Даңқ» ескерткішіне барып, гүл шоқтарын қойды.

Орталық алаңдағы жиын Қазақстан Республикасы Гимнімен басталып, «Ақ жол саған, жас түлек!» атты көрініспен жалғасты.

Жас түлектерді облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев құттықтап ақ жол тіледі:

- Алда сіздерді жарқын болашақ күтіп тұр. «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп Ұлы Абай айтқандай, әр адам өз жолын таңдайды. Ертеңгі күні білім алып, еліміздің болашағы үшін еңбек етеді деген сенімдемін. Бүгінгі «Алтын белгі» иегерлеріне, барлық жас түлектерге осындай тілек айта отырып, үлкен өмір жолына басқан қадамдарыңа сәттілік, ақ жол тілеймін, - деп түлектердің әрқайссысына «Алтын белгі» мен планшет табыстады.

Мұнан соң Талдықорған қаласындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп лицей түлегі Жасұлан Төлеубек, Қаратал ауданы М.Горький атындағы орта мектептің түлегі Жанерке Әмірзаданова ұстаздары мен ата-аналарына алғыстарын білдіріп, қатарластарына ақ жол тіледі.

«Алтын белгі» иегерлері қоштасу вальсін билеп, аспанға білім шарларын ұшырды. І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенті Әлімбек Зереш «Тек алға» әнін орындап, мектеп оқушылары флешмоб қойды. Салтанатты шарада концерттік бағдарлама ұсынылды.

Автор:
ҚазАқпарат.