Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстан тарапы ХҒТО-ны қабылдаушы елге айналды


25 июня 2015, 13:27 | 1 421 просмотр



Астанада Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) қызметін жалғастыруы туралы Келісімге алдын ала қол қою рәсімі өтіп, аталған орталықтың бас кеңсесінің Қазақстан Республикасында орналасатындығы ресми түрде жарияланды.

2015 жылғы 22 маусымда Астанада өткен ХҒТО басқарушыларының 60-шы Кеңес отырысында Европалық Одақ, Жапония, Орталық Азия, Кавказ және АҚШ-тың өкілдері орталықтың қызметінің ары қарай жалғастыру және бас кеңсені Мәскеуден Астанаға көшіру туралы келісім жасады. Отырысқа ХҒТО-ға қытысушы елдердің елшілері, өз еліміздің лауазымды тұлғалары және Назарбаев университетінің басшылары қатысқан болатын. Осылайша Қазақстан тарапы ХҒТО-ны қабылдаушы елге айналды.

Басқарушылар Кеңсесінің төрағасы Леман мырза ХҒТО-ны қабылдағаны үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және ҚР Үкіметіне алғысын айтып, қолдау білдіргені үшін Назарбаев университетіне ризашылығын жеткізді. 2014 жылғы 5 маусымда орталықтың бас кеңсесі Назарбаев Университетінің (НУ) жанынан ашылған болатын. Өз кезегінде Назарбаев университетінің өкілдері болашақта оқу орнының ғылыми паркінен орталыққа арнайы орын берілетіндігін айтты. Орталықтың тұрақты кеңсесінің ғимараты 2017 жылдың көктемінде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Анықтама: ХҒТО 20 жылдан бері қаржыландыру, ғылыми ынтымақтастықты орнату және бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде қаруды таратпау жөнінде жетекші ұйым болып табылады. Осы уақыт ішіндегі 3000-ға жуық ғылым-зерттеу жобалары 1 млрд. доллар сомасымен қаржыландырылған. Энергетика, ауыл шаруашылығы, медицина, материалтану, ғарыш, физика саласындағы ғылыми және әлеуметтік-маңызды мәселелерді қолдауға жіберілген. Ұйымға Қазақстан қосылған сәттен бері ХҒТО серіктестері биотехнология, ядролық реакторлар, химия, экология, және медицина саласындағы қазақстандық ғалымдардың 184 ғылыми жобасын 66 млн. АҚШ долларымен қаржыландырған. Қазақстанның барлық негізгі ғылыми-зерттеу институттары ХҒТО-ң жобаларына қатысады, сол арылы бүгінде олар Орталық Азия, Кавказ, Канада, ЕС, Жапония және АҚШ-тағы әріптестерімен мыты байланыс орнатқан. Зерттеулер жоғары деңгейде өткізілетіндіктен ғылыми зерттеулерді нарықтық деңгейге шығаруға мүмкіндік мол. 2014 жылы жобаларға жалпы құны 6 млн. АҚШ долларынан аса қаржы аударылған, ал басқарушылардың 60-шы Кеңесінің Отырысында 520 000 АҚШ долларына тағы екі жоба мақұлданып отыр. Қазақстанда ХҒТО жұмыс істеу үшін уәкілетті орган ҚР Білім және ғылым министрлігі болып табылады. ХҒТО Алматыдағы бөлімшесі 1995 жылдан бері бар. Бұдан бөлек Назарбаев университеті ҚР БҒМ ұсынысы бойынша 2012 жылдан бері ХҒТО серіктесі болды, бұл ХҒТО тарихындағы мұндай алғашқы серіктестік болып табылды. Осыған дейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ХҒТО жұмысы үшін «үлкен ризашылығын» білдіріп, «ХҒТО-мен бейбітшілік және прогресс жолындағы үздіксіз ынтымақтастықты асыға күтетінін» айтқан болатын.

Автор:
ҚазАқпарат