Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талдықорған мектептерінде түлектер кештері болып өтті


25 июня 2015, 13:29 | 2 755 просмотров



ТАЛДЫҚОРҒАН. Алматы облысы бойынша ҰБТ-дан ең жоғары көрсеткіш көрсеткен Мұхтар Арын атындағы № 24 арнаулы лицей түлектерін құттықтауға Талдықорған әкімі Ермек Алпысов пен білім бөлімінің басшысы Ләззат Базарқұлова арнайы барды.

«Бұл мектептің ҰБТ бойынша орташа балы - 107. Осыдан-ақ мектеп ұстаздарының жоғары біліктілігі мен оқушыларға сапалы білім беру үшін аянбай еңбек ететінін байқауға болады», - деді Ермек Алпысов.

Кеш барысында түлектерге аттестаттар мен сертификаттар, ұстаздарға әкім атынан алғыс хаттар табысталды. Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Айта кетейік, биыл мұнда 1201 оқушы мектеп бітірді. Осыған орай барлық мектептерде салтанатты кештіктер болып өтті.

Автор:
ҚазАқпарат