Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өмірі үлгі болған еңбегімен


21 сентября 2015, 05:12 | 3 166 просмотров



Әкеміз - Кайкен Жабайхан Баймұхаметұлы – 1940 жылдың тамыз айының 11 жұлдызында Семей қаласы Жаңа-Семей бөлігінде дүниеге келген.

Әкесі Баймұхамет Кайкенов жетім өсіп, Ертіс пароходствосында кочегар, матрос болып, кейінен өз бетімен хат танып, шаруашылық мектебін бітіріп қызметке арналасқан, Ұлы отан соғысы жылдарында арнаулы жолдамамен шет елдерден фронтқа азық даярлатқан, Аягөз ауданының шаруашылықтарын басқарған, халықтық бақылау тобының төрағасы болған, ал шешесі Кәмила Қосанқызы үй шаруашылығымен айналысып, бала тәрбиесімен шұғылданған.

Әкем – деп атаудың себебін айтып кетейін, қарындасы менің анам - Кайкенова Сағайда Баймұхеметқызы 16.06.1943ж., сонда нағашы аға ғой, бірақта біз Жабайхан Баймұхаметұлын барлық отбасымыздағы бауыр-сіңілдерімізбен осы күнге дейін «ӘКЕ» деп айтамыз, өйткені өзіміздің әкеміз Кәміл Күзембайұлын көзі тірісінде оны - папа деп, ал нағашы ағамыздың балаларымен бірге өскендіктен, әке деп бала кезден атап кеттік, сол себепті де ол кісі біз үшін ӘКЕ болып қала бермек.

Әкеміз Жабайхан Баймұхаметұлы - 1957-1962 жылдарда Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтында оқып, ғалым-зоотехник мамандығын алған, ал 1962-1966 жылдар аралығында бұрынғы Семей облысының Аягөз ауданының шаруашылықтарында зоотехник, бас зоотехник, совхоз директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып қызмет жасаған. 1966-1969 жылдарда Алматының зоотехникалық-малдәрігерлік институтында ауылшаруашылығының өнідірісін ұйымдастыру және экономика кафедрасындағы Қазақстанның ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, профессор Матвей Васильевич Чебышевтің аспирантурасында оқыған. 1969 жылы ССРО-ның ауылшаруашылығы министрлігінің (Мәскеу қаласы) жолдамасымен Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтында мұғалімдік жұмысқа келіп, 46 жыл үздіксіз еңбек етіп келеді. Осы мерзім ішінде кіші ұстаздықтан бастап, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, институттың директорының орынбасралғныа дейінгі жұмыстар істеген. Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтында, кейінен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне айналғанда экономика саласына он бес мыңнан астам мамандар даярлауға ат салысқан. Бұрынғы Семей олбысы, Павлодар, Қарағанды облыстарының шаруашылықтарының, аудан, облыс басшыларының 80-90% профессор Жабайхан Баймұхаметұлының шәкірттері.

Солардың арасында Қостанай облысының бұрынғы әкімі Укин Кенжебек, Парламент мәжілісінің депутаттары Тито Сыздықов, А.Мюлтин, т.б. қазіргі күндері Семей қаламыздағы ЖОО-магистранттар даярлаумен шұғылдануда. Сонымен қоса әкемнің жетекшілігімен экономика ғылымдарының кандидаттарын Бурдинов В., Прошаков Ю., Ахметниязов М. диссертацияларын қорғаған.

Осы жалдар аралағында 80-ге тарта ғылыми жұмыстарының және қазақ тілінде экономика мен ауылшаруашылығы саласында оқулықтардың авторлары, атап айтқанда: «Баға және оның жасалуы», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді жоспарлау», «Жылқы шаруашылығының экономикасы» (монография), «Кәсіпорын экономикасы», «Әлеуметтік-экономикалық бағдарлау», «Бағаның буындары», «Агробизнесті ұйымдастыру», т.б. қаламыздағы университттердің студенттері пайдалануда. Бұрынғы Семей облысының шаурашылықтары мен аудандарында облыстық партия комитетінің, «Білім» қоғамның лекторы ретінде ұзақ дәрістер оқып, білімін таратқаны үшін ССРО «Білім қоғамның» үздік белгісімен, «Еңбек ардагарері», «Тың жерлерді игергені үшін» медалдармен марапатталған.

Жанұясында төрт баласы, тоғыз немересі, шөберелері бар, барлығы да жоғары білімді, қызметкерлер. Біз негізінен папамыздан ерте айрылып қалдық, анам жалғыз өзі 5 баламен қалған болатын, мен бар жоғы үйдің тұңғыш қызы – 25 жаста ғана едім, міне содан бері бізге әкеміз - ақылшымыз, қамқоршымыз, оның істеген істерін пір тұтамыз.

Қазіргі күндері әкеміз - Кайкен Жабайхан Баймұхаметұлы менеджмент академиясының корреспондент мүшесі, Шәкәрім атындағы мемлекеттік универитеті мен Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң универитеттерінің профессоры. Сөзімнің соңында мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп,

Сөзінің бұрынғының дұрысы көп.

Мен Сізді жақсы көрем, нағашыжан,

Ардақты анашымның туысы деп.

Аяулы ағасы деп ақ мамамның,

Сырымды саған ғана ақтарамын.

Кейде бір келіп қайтсаң, жолың түсіп,

Марқайып, мақтанамын, шаттанамын.

Мақтанышым, мақтаулысың нағашым,

Асылымсың, ақылымсың, дара шың.

Жиенінің қамын ойлап жүгірген,

Қиындықта қамқор болған панамсың.

Жүзің бопты әжімдермен құрысқан,

Жиендерін ренжітпеуге тырысқан.

Аман жүрші, қартаймашы бүгілме,

Туған күнің жасқа толған бүгінде

Нағашыжан әр күніңде күлімде.

Жиенім деп еркелете қарайсың,

Азаматқа мені ерекше балайсың!

Жақын тартып өз балаңа санайсың.

Нағашыдан артық жұртым жоқ шығар,

Олар болса көңілім де тоқ тұрар.

Құрметтеймін нағашымды қол созса,

Қайғы-мұңды бір-ақ сәтте жоқ қылар.

Автор:
Нургуль Султанова, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.