Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ауыл азаматы


24 мая 2010, 14:34 | 2 104 просмотра


(Жарыс сабақ)

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз азаматы, елі, жері, халқы туралы не білетіндігін байқау, ауылы туралы бәрін білсе, «Ауыл азаматы» атағына лайықты екенін дәлелдеу.

І. Бәйге

1.Ауыл қай жылы құрылды?

2.Ауылдың алғашқы аты?

3.Алғашқы бастықтары кім болған?

4.Қандай ауылдарды біріктірген?

5.Ауылдан қандай атақты адамдар шыққан?

6.Өз жерімізде қандай дәрілік өсімдіктер бар?

7.Қандай құстар бар?

8.Қандай жануарлар бар?

9.Қандай ұлттар тұрады?

10.Қандай өнеркәіптері бар?

ІІ. Көкпар

1.Өз жерімізден соғысқа қатысқан ардагерлерді ата.

2.Оралмаған ардагерлер кімдер?

3.Қазақ халқының басынан өткен қиыншылықтарды ата.

4.Коллективтендіру кезінде алғаш «Қызыл артель» құрып, ақ гвардияшылармен шайқасқан (өз облысымызда) кім?

5.Ауылды жақсартуға, түрлі құрылыстар салуға ат салысқан басшы кім?

6.Саринов ата кім?

ІІІ. Әнді сүйсең, менше сүй...

Өз ауылымыз, ауданымыз бойынша шыққан ақындардың әнін айтып, өлең оқу.

ІV. Көп тіл білу

Қазақ, орыс, ағылшын.

Ауыл –

Дүкен –

Мектеп –

Егін –

Мал –

Ұлт –

V. Мен бүгін ақындықты қалар едім?

Үй тапсырмасы.

Әр оқушының ауыл туралы шығармашылық жұмысы.

Тақпақ, ән, шығарма, мазмұндама т.б. оқып беруі керек.

VI. Ауыл тынысы

Газет беттерінен ауыл туралы мақалаларды оқу.

Қорытынды: Жүлдегерлерді анықтау.

Медетбекова Сырғабала Манасқызы

Туған жылы, айы, күні – 14 наурыз, 1950 жыл

Білімі – жоғары, ҚазПи.

Мамандығы – География пәнінің мұғалімі

Жалпы еңбек өтілі – 38 жыл.

Жоғары санатты ұстаз.

Автор:
С.М.Медетбекова, Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп, Қаратал ауданы.