Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әлеуметтік кәсіпкерлік мүмкіндіктері мен проблемалары


19 октября 2015, 04:54 | 1 661 просмотр



Алматыда «Әлеуметтік кәсіпкерлік  тиянақты әлеуметтік өзгерістердің жаңа моделі іспетті» тақырыбында «Әлеуметтік кәсіпкерлік  тиянақты әлеуметтік өзгерістердің жаңа моделі іспетті» тақырыбында  конференция өтті. Аталған жиынды Менеджмент Университетінде (AlmaU), British Council (Британ Кеңесі)  және  «Шеврон» компаниясы Алматы Менеджмент Университетімен (AlmaU) серіктестік аясында ұйымдастырылды. Конференция мақсаты -  әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасын талқылау, тәжірибе алмасу және  қатысушыларға  үлгі болатындай  жетістіктермен бөлісуге,  инновациялар жөнінде пікір алмасуға, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы  беталыс пен мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасау.

Конференция барысында жиынға қатысушылары үшін арнайы презентациялар, семинар, пленарлық кеңес, талқылау және түрлі әлеуметтік жобалар ұсынылды. Айта кетейік, конференция қатысушылары әлеуметтік кәсіпкерлер және осы бағытта әлеуметтік бизнес ашуға талпынып жүрген азаматтар.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл әлеуметтік модельді табысты компанияның бизнес-моделін ендіру арқылы қоғамдағы нақты проблемаларды шешу», - деп алға тартты «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмуханова.

«Бұл конференция Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, әлеуметтік кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдар, бизнес және мемлекеттік органдар арасындағы байланысты күшейтуге көмектесетініне үміттіміз» - деп атап өтті Роуэн Кеннеди,«Ньютон – аль-Фараби» Қазақстандағы Британ Кеңесі серіктестік бағдарламасының жобалық менеджері.

Almaty Management University президенті Асылбек Қожахметов, аталған конференцияның маңыздылығын айтып, әлеуметтік кәсіпкерліктің қайырымдылық пен әлеуемттік жауапкершіліктен ерекшелігіне тоқталды. «Питер Дракер (бизнес теориясының негзін салушы –) айтатын: «Если вы считаете, что целью бизнеса является прибыль, то вы должны считать, что целью жизни человека является дыхание». Әрине, табыс, кислород– онсыз өмр сүру мүмкін емес. Бірақ шын мәнінде бизнестің мақсаты –әлеуметтік, патриоттық және жеке қызығушылығы. Егер қайырымдылық пен әлеуметтік кәсіпкерлікті алатын болсақ, үлкен айырмашылық бар. Қайырымдылық – бұл ортағасырлық индульгенцияның заманауи формасы. Осындай ауырпалық түсірмейтін әдіспен бизнес әлеумет алдындағы жауапкершіліктен құтылғанымен, қоғамды жаһанды түрде ойлауға мүмкіндік бермейді. Әлеуметтік кәсіпкерлік жағдайында сіз жобаға тек қана ақша емес, бар жан-тәніңмен, жүрегіңізді салып кірісесіз».

Лондондағы Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінен келген Леоне Джаретт осы саладағы мүмкіндеітерді айта отырып, кәсіпкерлікке, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлікке теория жүзінде емес, практикада үйретудің дұрыстығына тоқталды.

Талгат Доскенов, Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы, ҰКП Төралқасының Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң жобасынын жүзеге асыру туралы сөз қозғады. « Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» заңды Ұлттық кәсіпкерлік палатасы министрлік және үкімет арқылы немесе депутаттар бастамасына сүйеніп алға бастырады. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасында заң жобасының қабылдауымен оның орындалуымен 15 жыл тіпті одан да көп уақыт алуы мүмкін.

Конференцияға қатысушылар назарына әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы жобалар презентациясы ұсынылып, жиналған қауым тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Сондай жобалардың бірі BI group өкілдері ұсынған «До мамы». Бұл жоба жақындарының қамқорынсыз қалған аналар мен олардың балаларына уақытша пана болып, сондай-ақ жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Ал Талдықорғандық Елдос Баялышбаев болса мүмкіндігі шектеулі жандар үшін тренажерлық зал ашқан. Ол өз бизнесінің қалыптасуы туралы тәжірибесімен форум қатысушыларымен бөлісті.

Сонымен қатар іс-шара аясында Қазақстан мен Ұлыбританиядағы  әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы табысты жобаларды іске асыру бойынша үлгі болатындай  жетістіктер ұсынылып, әлеуметтік кәсіпкерлер үшін фандрайзинг, қаржылық сауаттылық, тәлімгерлік, маркетинг және  нетворкинг бойынша тұсаукесерлер және шеберлік мектептер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, конференция қатысушылары AlmaU зертханасы жүргізген әлеуметтік кәсіпкерлік туралы зерттеу қорытындысымен танысты. Зерттеу қорытындысы қызу пікір талас тудырып, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік проблемалары мен мүмкіндіктері, мемлекеттің әлеуметтік кәсіпкерлікті бизнес үшін тартымдылығы талқыланды.

Бүгінгі уақытта Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік ұғымының жалпы концепциясы жоқ. Бұл өз кезегінде бұрыс пікірлер тудырадықалыптасқан жағдайды жақсарту үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің шынайы жобаларын мысалға келтіріп, қоғамды ақпараттандыру қажет.

Автор:
Мәдина Омарқұлова