Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Аталмыш білім ордасы


27 ноября 2015, 04:14 | 1 484 просмотра



Мен облысымыздың бірегей жоғарғы оқу орны-І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне оқуға түскеніме тағдырыма да, сол сәтте оған себепкер болған жандарға да дән ризамын. Аталмыш білім ордасының көптеген жас білімгерлері, алғашқы күндерінен ақ университет өміріне үйренісіп кетті. Университетте экология және табиғатты пайдалану, ағылшын тілі, корей тілі, информатика, музыкалық білім,дене шынықтыру және спорт, бастапқы әскери дайындық және спорт, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік, қаржы және несие, бухгалтерлік есеп және аудит, педагогика мен психология, дефектология, әлеуметтік педагогика, кеден, тарих, құқық пен экономика негіздері, т.б. мамандық бойынша 4000-нан астам студенттерге 260 оқытушы дәріс береді. Олардың арасында 6 ғылым докторы, 23 профессор, 80 ғылым кандидаты бар. Университетте үш оқу ғимараты, жатақхана, 2 ғылыми зерттеу зертханасы, 15 ғылыми-әдістемелік кабинеті және 300 мың кітап қоры бар кітапхана, университет мұражайы, Балқаш көлінің жағасында демалыс аймағы, “Қарлығаш” атты спорттық-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Корей Республикасының Сэнчжу Ұлттық университетімен, Түркияның халықаралық ғылыми-зерттеу орталығымен Мармара университетімен, Қазақстан және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарымен байланыстары жақсы жолға қойылған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 1972 жылы білім беру қызметін бастады.

Шаттығыма шаң жұқтырмай, көкірегімді оятып, жүрген ЖМУ оқытушыларына дән ризамын. Осы университетте алған білімім кейінгі болашақтағы орнымды сүт бетіндегі қаймақтай іріктеп, шыңырау көкке тартатыны айтпаса ұғынықты. Тас шайнап құм түкірер, тепсе темір үзер жастар да осы оқу ордасынан…

«Өзегі өрт өлеңге толы ақын» жандар да сезім тамшыларын білім бәйтерегінің жапырағынан тамызуда. Бәлкім біреулерге сөзім университетімді асыра мақтағандық болар…

Бәрібір, мен тек өз ойымды шамам келгенше жеткізе алғаныма шатты болып жүремін. Біздің университетіміз «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген М.Әуезов атамыздың өсиетін жерге тастамай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін!», – деген Мағжан ағамыздың сөзін желге ұшырмай сенімін ақтап жүрген оқу орны екеніне кәміл сенемін.Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің келешегі- жастардың қолында» деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадында сақтайтын жастар президентіміздің бағыт бағдар берген сара жолымен ілгері басып келеді. Қазіргі елжанды жас ұрпақ талапты да тапқыр талғампаз да терең ойлы төзімді де табанды.

Елбасымыздың жастарға үміттене тоқыған ойларына сүйене келе, мен де алдағы саптағы озаттардың қатарына енуім керекпін. Оның заңды жалғасы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінен білім алуым. Алған білімімнің негізінде журналистика саласында білікті де білімді қызметкер атану. Отаныма табысты азаматша болып қызмет ету.

Автор:
Айдана Бектнұр. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 4курс студенті.