Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Балаға мейірімді қала» бастамасының қорытындысын шығарды


27 ноября 2015, 04:22 | 1 692 просмотра



2015 жылғы 20 қарашада Астана қаласында «Балаға мейірімді қала» бастамасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің кеңейтілген бірлескен отырысы өтті. Кеңейтілген бірлескен отырыс ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып,әзірленген балаға мейірімді қалаларды мойындаудың ұлттық жүйесіне бастама болып табылады.

Қазақстанда «Балаларға мейірімді қала» халықаралық бастамасы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті облыстар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанында бастаманы іске асыру бойынша министрліктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың және БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры өкілдігінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Кеңейтілген отырысқа ҚР Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, облыстардың және қалалардың әкімдер орынбасарлары, БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Астана қаласының ұйымдары мен органдарының, БАҚ өкілдері (150 адам) қатысты.

Кеңейтілген отырыстың пленарлық бөлімі барысында бастаманы іске асыруға қосылған қалалардың жұмысы нәтижесін талдау, балалар жағдайындағы жетістіктерді растаған Қазақстанның қалаларына  «Балаларға мейірімді қала» атағы мен дипломдарды салтанатты түрде табыстау болады. Секция отырысы барысында Қазақстанда «Балаларға мейірімді қала» бастамасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылау, қалалардың өкілдерін қазақстандық индекстерді есептеу рәсімімен таныстыру, Женева қаласындағы Қазақстан Республикасында балалардың жағдайы туралы мерзімдік баяндаманы қорғаудың қорытындысын талдау, сонымен қатар адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру мәселелерін және 2016 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуді талқылау жоспарланды.

Анықтама: Бүгінгі таңда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан бастаманы қолдаған 17 қала мен 4 ауданның әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Бұл: Астана, Алматы (Алмалы ауданы), Қарағанды, Саран, Сәтбаев, Балхаш, Шымкент, Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Петропавл, Өскемен, Семей, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысының Абай, Осакаровский және Нуринский ауданы, Батыс Қазақстан облысының Бурлин аудандары (Ақсай қ.).

Ақмола, Алматы, Атырау және Жамбыл облыстарының әкімдіктері  «Балаларға мейірімді қала» бастамасын іске асыруға қосылуға және меморнадумға қол қоюға дайын екендіктерін білдірді.

Автор:
ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.