Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жастар тәрбиесіне жаңаша талап керек


11 декабря 2015, 04:16 | 1 307 просмотров



Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман бола алатын деңгейге көтерілу болып табылады.

Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атай отырып, мемлекет болашағы жастарда, сондықтан студент жастарға тек білім беріп қана қоймай, тәрбиелі, дені сау, егемен елдің дамуы мен өркендеу жолында талмай еңбек ететін азамат етіп тәрбиелеу қажеттігін нақты міндет етіп қойып отыр. 

Жастар тәрбиесі – қоғамның өзекті мәселесі. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің бірі.

Тәрбие ісі және жастар сая­саты департаменті ҚР Конс­титуция­сын, ҚР Президентінің жыл сайын­ғы жолдауларын, мем­лекет­тік стратегиялық бағдар­ламалар­ды, ҚР Білім және ғылым ми­нистр­лігі бағдарламаларын және университеттің 2015-2020 жыл­дарға арналған стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, жұмыс атқарады.

Қазақстан Республикасы БжҒМ «Үздіксіз білім беру жүйе­сіндегі тәрбие тұжырымда­ма­сын­да» көрсетілген тәрбие жұ­мы­сының он бағытында дене тәр­биесі және салауатты өмір салтын қа­лыптастыру, мәдени-эстетикалық және полимәдениет­тілік тәрбие беру, студенттің өзін-өзі басқару жүйесі және жастар бастамаларын дамыту бағыттары қамтылған.

2014-2015 оқу жылы бары­сында жастардың дене тәрбиесі және саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытында – 132, рухани-адамгершілік бағы­тында – 174, мәдени-эстетикалық және полимәдениеттілік тәрбие беру бағытында – 144, Студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту бағытында 146 іс-шаралар атқарылды. 

Университет жастарының мәдени-эстетикалық талғамын арттыру мақсатында жүйелі түрде театрлық қойылымдарға, концерт­тік бағдарламаларға мейлінше тарту жұмыстары жүргізіліп оты­рады. Студент жастардың шы­ғармашылық талабы мен спорттық қызығушылығын қолдау және дамыту мақсатында универ­ситетте көптеген мүмкіндіктер мен жағ­дайлар қарастырылған. 

Университет базасындағы «Денсаулық», «Буревестник» спорт кешендері, керекті заттар­мен жабдықталған спорт залдары, университетке қарасты «Технолог» лагері, «Университет» газеті, «ОҚМУ ТВ» телестудиясы студент жастардың интеллектуалдық, рухани-адамгершілік, спорттық, шығармашылық қасиеттерін дамыту мен арттыруға үлес қосып, мүмкіндіктерін арттырады.

Университет жастар орталы­ғында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жастар уақытын тиімді пайдалану, жастар бойында патриоттылық пен аза­маттық жауапкершілігін арттыру мақсатында қоғамдық-саяси идео­логиялық бағыттардағы студенттік өзін-өзі басқару «Студенттік кеңесі», «Мәңгілік ел» қоғамдық жастар бірлестігі, «Қазақстан сту­денттер альянсы» РСҚ, «Жас отан» жастар қанаты, «Ақиқат» пікір-сайыс орталығы, «Достық» клубы, кәсіптік еңбек және еңбекке баулу бағытында «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақ­тары» жұмыс атқаруда. 

Бүгінгі таңда 4000-ға жуық жастар аталмыш ұйымдарға мүше.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы – Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Университет жастары «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында бүкіл Қазақстандық жастарды біріктіру мақсатында Жастар қозғалысын құру туралы бастама көтеріп, республикалық «Мәңгілік ел» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігін құрды. Бүгінгі таңда университет студенттері «Мәңгілік ел» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі аясында көптеген игі істерді жүзеге асыруда.

Президент Н.Назарбаев әр жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында саламатты өмір салтын сақтау, дене тәрбиесі мен спортқа деген өзінің жеке пікірле­рін атап көрсетеді. 

Университетте бірнеше оқу-сауықтыру орталығы мен спорт клубы жұмыс жасайды. Универ­ситетте «Дене тәрбиесі мен спорт арқылы студенттерді сауық­тыру­дың бағдарламасы» жасалған. Студенттерге спортпен айналысу үшін барлық мүмкіндіктер жасал­ған. Оқудан тыс уақытта студент­тер «Буревестник», «Денсаулық», №10 оқу ғимараттарындағы спорт кешендері мен спорт залдарында кәсіби және әуесқой спорт түр­лерімен айналыса алады. 

Бүгінгі күні барлығы 21 спорт­тық секциялар бойынша 4000-нан аса студенттер спорттық шебер­лігін шыңдап жүр. Университетте 157 студент – ҚР спорт шеберлері, 17 Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 257 спорт шеберлігіне кандидаттар және 1000-ға жуық студенттер спорт түрлерінен жетістіктерге ие. Сонымен қатар 21 спортшы – ҚР чемпиондары, 16 спортшы – Халықаралық жа­рыс­­тардың чемпиондары, 33 сту­дент облыстық, қалалық жарыс­тардың чемпиондары атанған. 

2014-2015 оқу жылы барысын­да тікелей ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ашыл­ған шағын футболдан рес­пуб­ликалық «Студенттік ұлттық лигасы» чемпионатында универ­ситет студенттері мен оқытушы­лары белсенді атсалысты. «Ұлы отан соғысының 70 жылдығы» мен «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» толуына орай спартакиада, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Денсаулық» спартакиадасын ұйымдастырды. Ағымдағы жыл­дың қараша айында «Қазақ хан­дығының 550 жылдығына» орай факультет студенттері арасында спар­такиада салтанатты түрде ашылды.

Университет жатақханала­рында студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануына барынша жағдайлар жасалған. Акт залдары, кітапхана, компьютер сыныптары көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысатын студенттердің өнерін шыңдауға, сайыстар өткізуге, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік беріп отыр. 

«Жатақхана – өз үйім» тақыры­бында жыл сайын жүйелі түрде жатақханалар арасындағы сайыс өтіп, ондағы тазалық, безендірілуі, тәртіп т.б сапалары бойынша орындар беріледі. ҚР Президен­тінің Қазақстан халқына Жол­дауын талқылау және насихаттау жұмыстары, «Жаңа жыл», «8-Наурыз – халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Ұстаздар күні» тағы басқа атаулы мерекелерге арналған іс-шаралар міндетті түрде ұйымдастырылып тұрады. 

Қазақстандағы «Жастар сая­саты туралы» Заңда жастардың денсаулығы үшін ортақ жауапкер­шілік қағидасы, зиянды әдеттерден бас тарту, салауатты өмір салтын ұстану бұрынғыша маңыздылығы жоғары болып отыр. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бола­шақ мамандарды даярлау және жастар тәрбиесі саласында да осы қағидатты берік ұстануда. Студенттердің уақытын тиімді пайдалану, мәдениетін арттыру, көркемөнерпаздар және спорттық үйірмелерге тарту мақсатында барлық жағдайлар жасалған. Белсенді студенттерді тәжірибе алмасу мақсатында республика­дағы басқа ЖОО-ға іссапарларға жіберу, тынығу лагерлерінде демалыстар ұйымдастыру, мере­келік шараларда сыйақылармен марапаттау университет басшы­лығының студенттерге бейжай қарамайтындығының көрінісі болса керек.

Автор:
Е. БАЙҚОНЫСОВ,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың  «Тәрбие ісі және жастар саясаты» департаментінің директоры