Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Шәкірт жеңісі – ұстаз еңбегінің жемісі


22 января 2016, 05:00 | 2 735 просмотров



Гимназия директоры Саурамбаева Б.Н. жеңімпаздар арасында

Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы III тоқсанды Талдықорған қаласында желтоқсанның 7-9 жұлдызы аралығында өткен облыстық «Дарын» ғылыми жобалар байқауы мен қаңтардың 4-6 жұлдызы аралығында өткен облыстық пән олимпиадасынан жеңіс туын желбіретіп, гимназия абыройын асқақтатып келген оқушыларды салтанатты марапаттау жиынынан бастады. Гимназия директоры Саурамбаева Баян Нүсіпбекқызы : «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші, облыстық түрлі байқаулар мен пән олимпиадалары –әр ауданның жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлары сынға түсер білім додасы. Бұл додада нағыз жүйріктер ғана алға озатыны аян. Мен гимназиямыздың көк байрағын желбіретіп, жеңіспен оралған оқушыларымызға, оларды баптап білім бәйгесіне қосқан ұстаздарымызға және осындай білімді де дарынды бала тәрбиелеп отырған ата-аналарымызға шын жүректен алғысымды білдіремін,»-деп ағынан жарылды.

Ғылыми жоба байқауында биологиядан I орын алған Халық Сымбат, жетекшісі Алтыбаева Г; тарих пәні бойынша II орын алған Сансызбай Ғани, жетекшісі Уалиева А; қазақ тілі пәні бойынша III орын алған Оразова Аида, жетекшісі Жазықбаева Ш; орыс тілі бойынша III орын алған Мусина Малика, жетекшісі Хамиева С; ағылшын тілі бойынша III орын алған Сағымбаева Ақбота , жетекшісі Байкенжиева Ж және пән олимпиадасынан Қазақстан тарихынан I орын алған Мереке Әйгерім, жетекшісі Абикенова Г; орыс тілден II орын алған Елешова Ақбота , жетекшісі Азанбекова А; ағылшыннан II орын алған Кучкарова Сабина, жетекшісі Солтанқұл Р; географиядан II орын алған Жеңісов Ринат, жетекшісі Калдыбекова З; информатикадан II орын алған Төленова Әсем, жетекшісі Әбдісадық Ә; қазақ тілден III орын алған Тұрғанбек Әйгерім, жетекшісі Сайын А; орыс тілден III орын алған Болатова Әйгерім, жетекшісі Хамиева С; математикадан III орын алған Абдулвахапова Айқолқын, жетекшісі Айдаболова М; сынды жеңімпаздарға мадақтау грамоталары мен дипломдарын және медальдерін салтанатты түрде табыс етті. Осындай дарынды оқушыларды даралап, дүбірлі додаға баптап отырған ұстаздардың еңбек кітапшасына алғыс жариялап, қошетмет көрсетілді. Сондай-ақ, салтанатты жиынға осы оқушылардың ата- аналары арнайы шақырылып, осындай білімді де тәрбиелі, дарынды балаларды тәрбиелеп отырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақтың заман талабына сай жан- жақты тұлға болып қалыптасуына жауапты мектеп қабырғасы, яғни ұстаздар қауымы екені аян. Бүгінгі қоғамға өмірден алған тәжірибесі мен білім мазмұнын толықтыра алатын функционалды сауатты оқушы қажет. Олай болса, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы ұжымы осы міндеттің үдесінен шыға берері даусыз.

Автор:
Жазықбаева Шынар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әл-Фараби гимназиясы Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылы