22 января 2016, 05:05 | 2 396 просмотров
Білімділік мақсаты: Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. «Отан» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық мақсаты: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Отанын сүюге, елжандылыққа, жауапкершілікке және ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, жаттауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кітаптар, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, өлең құрастыру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу
Ә) Оқушыны түгендеу
Б) Оқушының назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қ. Аманжолов кім?
2. «Туған жер» өлеңін жатқа айтқызу
Сөзжұмбақтың шешуі: Лирика
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.
Лирика дегеніміз не ?
Сергіту сәті: «Отан деген не?
Отан деген ата-анаң
Отан деген-туған жер
Отан-ана, Отан-үлкен
Қазақстан-туған ел
Менің елім, ауылым, туған-жер, Отаным дегенде сенің көңіл күйін қандай? Сен не сезінесің? «Кімнің мекені жақсы?» осыларға байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?
ІV. М.Мақатаев кім? Қандай өлеңін білесің?
V. Жаңа сабақ
Кіріспе М. Мақатаевтың өмірбаянына тоқталу. Интерактивті тақтадан слайдтар тамашалау.
Оқулықпен жұмыс
Мұғалім мәнерлеп оқып, қарасөзбен түсіндіру. Оқушылар әр шумақты кезектесіп, жалғастырып оқу. Әр шумақтың түйінін табу. Не жайлы айтылғанын өз сөзімен дәлелдеу. Сергіту сәті.
Сөздік жұмыс-дәптермен жұмыс.
VІ. Түсінгендерін тексеру.
1-тапсырма.
Өлең бойынша ақынның нені сүйетінін мына үлгілік ағашқа қарап жазып шық.
2-тапсырма.
Ақын М.Мақатаев пен Қ.Аманжолов өлеңдерінде (соңғы шумағында) қандай ұқсастық бар? Ұқсас жолдарды көшіріп жаз.
Қ.Аманжолов
М. Мақатаев
Сен де аямай бердің маған барыңды
Қарыздармын
сондықтан
Мен де аямай барымды саған беремін
Беремін талай жырымды
3-тапсырма
Екі өлеңдегі төрт тармақты екінші шумақтың ұйқасу үлгілерін төмендегі сызбаға қарап салыстыр. Не байқадың?
Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта не үйрендік?
Бүгін сабақта не білдік?
Үйге тапсырма:
Бүгін сабақта өтілген тақырыпты қайталау.
М.Мақатаевтің өлеңдерін оқу.
Оқушылардың білімін бағалау.