Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел» аттыРеспубликалық кіші ғылыми форумы туралы


19 февраля 2016, 03:50 | 2 065 просмотров



2015 жылдың 27-28 қарашасында Талдықорған қалалық Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназияда Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел» атты оқушылардың Республикалық екі күндік ғылыми форумы өткізілді.

Форум Талдықорған қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназия әкімшілігі мен ұстаздарының күшімен ұйымдастырылып, қалалық әкімдік, қалалық Ардагерлер кеңесі, облыстық әдістемелік кабинет пен қалалық білім бөлімінен қолдау тауып, өткізілді.

Форумға қала мектептерінің, Қостанай облысы Құсмұрын орта мектебінің, Алматы, Қапшағай, Қарабұлақ, Ескелді елді мекендеріндегі Шоқан Уәлиханов атындағы мектептердің ұстаздары мен оқушылары жиналды.

Сонымен қатар, форумға ғылыми қызметкерлер, білім мекемелерінің басшылары мен ұстаздары, жоғарғы оқу орындарының меңгерушілері мен оқытушылары қатысты.

Олар:

·Бейсенова Әлия Сарсенқызы-Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, география ғылымының докторы. Қазақстан Республикасының екі мәрте ұлттық ғылым академигі

·Географиялық тану профессоры, географиялық оқулықтардың авторы Салтанат Әбілмажынқызы

·Бейсенкулов Муса Казимович- Жетісу мемлекеттік Университетінің филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасының құрмет аға оқытушы

·Абишева Сауле Нұрқасымовна- Ш.Уәлихановтың Алтынемел мемлекеттік мемориалды музейінің меңгерушісі. Құрмет орденінің иегері, мәдениет саласының үздігі

·Алматы қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы мамандырылған №12 мектеп-гимназиясының директоры Сакенова Рахима Болекбайқызы

·Қостанай облысы №28 Кұсмұрун орта мектеп директоры Кобекова Индира Кенжетайқызы және шоқантанушы география пәні мұғалімі Қайыпбекова Бакен Кабенқызы

Бағыттары бойынша 4 секция жұмыс жасады, 48 баяндама оқылды.

Секция № 1. «Шоқан Уәлиханов – географ, саяхатшы».

Секция № 2. «Шоқан Уәлиханов – тарихшы-этнограф».

Секция № 3. «Шоқан Уәлиханов- әдебиетші-портретист»

Секция №4. «Шоқанға арнау» (шығармашылық іс - тәжірибе)

1. Секциялық отырыстар форматы іскерлік қарым-қатынас түрінде жүргізіледі.

2. Жұмыс жасау тілі: қазақ, орыс

Мақсаттары:

1. Оқушылардың интеллектуалды, танымдық, шығармашылық бастамаларын қолдау, оларды шығармашылық және зерттеу қызметтеріне тарта отырып белсендіру;

2. Ағартушы-ғалым Шоқан Уәлихановтың ғылыми ізденістері мен шығармашылығын зерттеу.

Міндеттері:

·Қоғамның назарын Қазақстанның мәдени мұраларын сақтау мен дамыту мәселелеріне тарту;

·Шоқан Уәлихановтың шығармашылығын зерттеумен айналысатын Республика оқушылары арасындағы ғылыми қоғамдармен шығармашылық қарым-қатынас орнату.

Форум барысында төмендегідей мәселелер қарастырылып, ұсыныстар айтылды:

-Облыстық әдістемелік кабинетке оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында мектеп бағдарламасына «Шоқантану» курсын қосуға ұсыныс жасалды;

-Оқушыларға арналған «Шоқантану» курсының ерекшеліктері туралы ата-аналарға мәлімет беру;

-Болашақта «Шоқантану» курсын оқытуға ұстаздарды дайындауды ұйымдастыру;

-Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында Ш.Уәлиханов ескерткішін түрғызу төңірегінде сұрақтар қарастырылды.

Автор:
Ақмарал Кенжегулова директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары