Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Шоқанның өмір өткелдеріне саяхат


19 февраля 2016, 03:51 | 3 316 просмотров



Жарқ етіп аққан жұлдыздай болып, аз ғана ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған Шоқан Уәлиханов есімі бүгінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Биылғы жылы ұлы бабамыздың дүниеге келуіне 180 жыл толды. Осыған орай Шоқан Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-имназия оқушылары күзгі демалыста «Шоқанның өмір өткелдеріне саяхат» атты жобамен Шоқанның кіндік қаны тамған жері Қостанай облысы Құсмұрын бекетіне саяхат жасап қайтты. Шоқанның есімімен аталған мектебіміздің оқушылары үшін Шоқанның туған жеріне барып қайту үлкен арман еді. Осы армандарына жету мақсатында Шоқанның туып өскен жері Құсмұрынға табан тіреді.

Құсмұрынның табиғатын керемет деп айтуға болады, ауасының өзі жаныңды рахатқа бөлейді екен. Шоқанның туған жерін аралау барысында мектеп оқушылары «Құсмұрын» көлін Шоқан атамыз тамашалаған жотаға көтеріліп тамашалап, көл атауының шығу тарихымен, құсмұрын бекіністерінің тарихымен танысып, елес болып артта қалған жылдарға көз жүгірткендей болды. Балалардың қуанышында шек болмай, құдды бір Шоқанның өзі қарсы алғандай сезімге бөленді.

Шоқанның өмір жолы, қызметі, ғылыми еңбектері-бүгінгі жас ұрпаққа ұмытылмас мұра. Ендігі мақсатымыз жас шоқантанушыларды ұлы ғалым қалдырған құндылықтарды оқуға, үйренуге, дәріптеуге тәрбиелеу болып табылады.

Автор:
Ляйля Сембаева Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары