Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Түлектерміз ұшып шыққан ұядан...


26 февраля 2016, 03:08 | 3 754 просмотра



«Өткеніңді ұмытпасаң, болашағын жарқын болады»

Еліміздегі жоғары және кәсіптік білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қарулардырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениеттің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау болып табылады. Студентті тек болашақ маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ал болашақ мамандарды осы айтылғандарға сәйкес дайындау, оның болашақ кәсіби құзыреттілігіне сәйкес білім беруден бастау алады.

Алматы облысындағы орта буын мамандар даярлайтын жетекші оқу орындарының бірі – Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі жайлы сөз қозғамақпыз. Өзінің жарты ғасырлық тарихында халықтың ықылас-пейіліне бөленіп, облысымыздағы беделді оқу орнына айналған колледж көпшілік сенімінен шыға білген, ел өмірінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білім ордасы. Осы жылдар ішінде «Үздік кәсіптік білім беру ұйымы» байқауының жүлдегері атанған колледжден, заман талабына сай жаңа технологиямен қаруланған, оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгерген, жүректе білім шырағын жандыратын білікті, тәжірибелі мамандар түлеп ұшып, кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етуде. Сол шәкірттердің бірі мен бірегейлері бүгінгі мақаламызға арқау болып тұр. Олар 1971-1975 жылда оқыған Есік педогогикалық училищенің ұшқындары.

1. Рысбекова Рысжан

2. Белгожаева Мейрамхан

3. Елшібаева Төлеухан

4. Есперова Жұмагүл

5. Нұрабаева Данипа

6. Құлашбаев Асқар

7. Халықова Маржан

8. Сұлтанова Бағдат

9. Заирова Света

10. Ұзақова Гүлсім

11. Құсайынов Азат

12. Құсайынова Асият

13. Жабықбаев Еділ

14. Күздеубаева Күлімхан

15. Сауданбекова Ынталы

16. Өмірзақов Тоқтасын

17. Буденова Тоғжан

18. Кадиркулова Сауле

19. Хамраева Хелипям

20. Көсембаева Аққыз

21. Көпжасарова Кенжегүл

22. Мағжанова Гүлнар

23. Сабырбекова Бақытгүл

24. Абдрешимова Зәуре

25. Карибаева Жұмагүл

26. Имангожина Зияш

27. Кедирбаева Күлмархан

28. Кашаганова Тұрсынгүл

29. Бектербекова Қалдықыз

30. Кішкентаева Күлше

31. Иманбекова Васила

32. Қыдырбаева Гүлсім

33.Мырзалиева Бейбіткүл

34. Алдоңғарова Ғалия

Білім берген ұстаздары:

1. Жабықбаев Е

2. Катенова Т

3. Умуртаев Б

4. Илиева Р

5. Буркитбаева А

6. Битанова Г

7. Нурбекова Л

8. Успанов С

9. Илиев Т

10. Кулашбаев А

11. Касымов С

12. Сергазина Н

Бүгінгі күнге дейін колледжден қанат қаққан 20000-нан астам түлектердің ішінде Республикаға еңбек сіңірген азаматтар, ғалымдар, мемлекет қызметкерлері, ұжым мен мекемелердің басшылары көптеп кездеседі. Қазір де колледж ұжымының білімді мамандар қатарын толықтырудағы еңбегі орасан.

«Өткен күннен алысы жоқ, келер күннен жақыны жоқ» деген бабалардан қалған сөз бар. Колледждің 50 жылдық көкжиегінен көз жіберетін болсақ, тарихи жолдардан өтіп, ұланғайыр табыстарға қол жеткізе алды. Қалыптасқан өзіндік дәстүрлері жылдан жылға мұраға қалдырылып қана қоймай, заман ағымына сай толығуда.

Облыстағы іргелі оқу орындарының бірі болып саналатын Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі 1966 жылы Иссык станицасында 120 орындық педагогикалық училищесі болып ашылған еді. Тарихи деректерге сүйенсек, училищенің ашылуы туралы бұйрыққа аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев пен ҚазССР-і Министрлік Кеңесінің Төрағасы Мәсімхан Бейсебайұлы Бейсебаев қол қойған. Училищенің педагогикалық ұжымы 14 оқытушыдан құралған. 1968 жылы «Бастауыш сынып мұғалімдері» біліктілігі бойынша диплом алған алғашқы түлектер түлеп ұшты.

Оқу орнының ең алғашқы басшылары жайында айтпасақ болмайды. Помогалов В.Д. (1966-1978 ж.ж.), Сагалов В.С. (1978-1980ж.ж.), Букаев Ж.Н. (1980-1986 ж.ж.) сынды ұлағатты ұстаздардың білім саласына сіңірген еңбегі зор. Колледж тарихында бұл азаматтардың ерен еңбегі мен аттары мәңгі болып қалатыны сөзсіз.

Өткен ғасырдың 80-жылдары педагогикалық училище Бүкілодақтық педагогикалық училищелер арасында өткен социалистік жарыста оқу-тәрбие ісіндегі қол жеткізген жоғарғы көрсеткіштері үшін жүлделі ІІІ орынға ие болып, КПСС Орталық Комитеті мен ВЦСПС-тың Ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алып, училищенің аты бүкіл Одаққа танылды. Бұл ұжым үшін керемет нәтиже, еңбектерінің бірден бір көрсеткіші, алғашқы айтулы жеңісі болды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары педагогикалық училище аттестациядан үздік өтіп, 1993 жылы педагогикалық колледж болып атауы өзгертілді.

90-жылдары жас мемлекетіміз үшін қиын-қыстау кезеңде, қаржыландырудың болмауы, оқу топтарының қысқаруы, педагогикалық кадрлардың қажетсіздігі, материалдық базаның нашарлауы, т.б. қиындықтар колледж ұжымының басынан да өтіп жатты. Осы жылдары ұжымда өмірдің қиындығына төзе алатын, өз ісіне нағыз берілген мамандар қалып, бүгінгі күнге дейін оқу орнынның көшбасшысы болып келеді.

Осы тұста оқу орынды басқарған басшылардың, әсіресе, қиын кезеңде колледж директоры қызметін атқарған білікті басшының ерен еңбегін атап кетпесе болмас. Колледждің тәжірибелі оқытушыларды, материалдық базасының басым көпшілігін сақтап, ақылы негізде оқитын топтарды ашу арқылы ұжым мүшелеріне жұмыс істеуге мүмкіндік жасаған білімді, зиялы, парасатты тұлға – Бектасова Нұрхан Сүттібайқызы. Нұрхан Сүттібайқызы колледжді 1986-2004 жылға дейін, яғни 18 жыл бойы басқарған. Өнегелі басшының орнына алдынғы аға буын өкілдерінің еңбегі мен ісін жалғастырушы, бюджет негізінде оқитын студенттер санын көбейте білген білікті де, жаңашыл ұстаздардың ұстазы, шебер ұйымдастырушы – Жошибаева Гүлнар Сағатқызы келді. Шығармашылықпен жұмыс істейтін жалынды, іскер басшы Гүлнар Сағатқызы тынымсыз ізденісі мен қажырлы еңбегінің арқасында колледжді бүгінгі күні де басқаруда.

Бүгінгі таңда колледж 14 мамандық бойынша мамандар дайындайды. Жаңадан ашылған мамандықтар бойынша білім алған алғашқы түлектер экономиканың түрлі саласында сұранысқа сай болып, табысты қызмет атқаруда.

Бүгінгі таңда колледждің күндізгі бөлімінде 1300-ден аса білімгер болса, сырттай оқу білімінде 400 жуық студент білім алуда. Ұжымда 160 оқытушы мен 53 қызметкер абыройлы қызмет атқаруда.

Шалғай аудандар мен облыстардан келген студенттерге 420 орынды жабдықталған «Студенттер үйі» бар. Бұл жатақханада студенттердің тұрмысы мен демалысына барлық жағдай жасалған.

Біле білген жан тереңірек ойланып, бүгінгі қоғамның дамыған үстіне дами түсуіне өзіндік үлесін қосуға талпынуы тиіс. Ол дегеніміз, бірінші кезекте қолда бар мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана білу. Осыған байланысты колледжде әрбір мұғалімнің ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыспен айналысуына, жаңа педагогикалық инновацияларды меңгеруіне және енгізуіне толық жағдай жасалған. Оған дәлел колледжде 48 оқу кабинеті, 4 зертхана, әр мамандықтың қажеттілігіне байланысты бөлінген 250 компьютер, интернет класс, 30 интерактивті тақтамен жабдықталған оқу және мультимедия кабинеттері, бай кітапхана, спорт және акт залы бар.

Ұшырдың баптап ұядан...

- Рысжан Мырзашқызы, білікті маман ретінде білімнің бүгіні мен кешегісіне тоқталсаңыз?

- Кешегі білім мен бүгінгі білім арасында үлкен өзгеріс бар. Біз түлеп ұшқан Есік педогогикалық училищенің сол заманға сай білімі мен мықты талабы болды. Бізді оқытқан ұстаздардың да білімі өз алдына жоғары деңгейде. Сол кісілердің берген тәлімі мен білімінің арқасында бүгінде біз үлкен азаматтар мен азаматшалар болып отырмыз. Кеңестік кездің бүгінгі күненнен айырмашылығы мына заманауй ақпараттық құрылғыларда ғана деп ойлаймын.біз оқыған кезде тек оқулық пен тақтамаен жұмыс жасағанбыз. Бүгінде оқимын, білікті маман боламын дейдін студенттерге барлық жағдай жасалған. Біз жоғары білікті маман болсақ, және еліміздегі ақпараттық технологиялар саласының дамуына үлесімізді қоссақ дейміз. Ал білімін әрі қарай ұштап, оны ғылыммен байланыстырамын дейтін түлектерге магистратура мен аспирантура толық мүмкіндік береді. Кейбір студенттер ізденістерге қадам жасайды. Олар ақпарат алмасу ұстанымдарын қорғау үшін өздері жасап жатқан жобалар мен нұсқауларды ғылымға енгізуге талпынады. Қазіргі заман талабына сай, бүгінде ақпараттық технологиялар даму үстінде. Бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде техникалық мамандарды көбейту қажет. Сол себепті мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына қолдау жылдан жылға көбейтіп, шәкіртақы да өсіп отыр. Жақсы оқимын, білікті маман боламын деген талапкерге жоғары оқу орындарында материалдық база мол мүмкіндік береді. Ал оқу – студенттің өз қолында, талап-тілегіне, ізденісіне байланысты. Егер студент қауымының белсенділігін, ізденімпаздығын, кез келген ортаға бейімділігін ескерсек, қай заманда болмасын олар қоғамның үлкен қорғаушы күші.

- Бәсекеге қабілетті білікті маман қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Кешегі студент, бүгінгі білікті мамансыз! Сіз не дейсіз?

- Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Дүниежүзінде екі мыңнан астам мамандық бар екен. Бірақ заман талабына сай сол мамандықтардың бірі жойылып, бірінің мазмұны өзгерсе, енді бірі жаңадан пайда болып жатады. Елімізге қандай мамандықтар қажет? Рас, 90‒ жылдардың басында экономика, заң саласындағы мамандарды дайындауға көп көңіл бөлдік. Мамандық қажеттілігі нарық талабына сәйкес өзгеріп отырады. Қазіргі кезде жаңа технология саласындағы мамандар, технолог, газ-мұнай сала¬сындағы инженерлер, құрылыс мамандарын дайындауға көп көңіл бөлінуде. Денсаулық сақтау саласымен мектеп мұғалімдері, жо¬ғары оқу орындарының оқытушыларына деген сұраныс азайған жоқ. Өйткені, олар қай кезде де керек мамандықтар. Бүгінгі жастар орта мектепті бітіре сала заңгер, кеден, салық, экономист, бухгал¬тер мамандықтарына түседі. Алайда, бұл мамандықтардың атауы қызықтырғанымен, жұмыс табу жағы қиын. Бұл салада маман өте көп. Есесіне елімізде агроном, ветеринар, жалпы ауыл шаруашы¬лығы мамандары жетіспейді. Тіпті космонавтика, атомдық ядро, энергетика саласында мамандар жоқтың қасы. Адамның отбасы, араласатын адамдары, өзінің сүйетін маман¬дығы болуы керек. Мамандық әрбір адамның қалауымен таңдалуы тиіс. Қазіргі таңда жақсы маман болу маңызды. Дүниежүзілік деңгейге жету үшін еңбек нарығының ортасында тұрған мамандықтарға көп көңіл бөлуіміз керек. Қазіргі жастарға мемлекеттік тілден бөлек бір немесе бірнеше шетел тілін білу, компьютерді жоғары деңгейде қолданып, оның әртүрлі бағдарламаларын, ақпарат алу, жасау қажеттіліктерін игеру талап етіліп отыр. Жаңа ғасыр – ақпарат ғасыры. Сол себепті ақ¬паратпен жұмыс істей алатын адамдар ең қажет мамандар.

- Ұстаз және ғылым ретінде жеткен жетістіктеріңіздің бастауы өзіңіз білім алған Есік педучилищесінің жемісі дегенге келісесіз бе?

- Әрине келісемін. Білімнің бастауы бастауыштан болса, кейінгісі кәсіптіктен. Ал, ары қарай шыңдау өз қолыңда. 36 жыл еңбегімнің жемісі Есік педогогикалық училищемнің, оқытқан ұстаздарымның арқасы. Менің ғана емес, менімен бірге оқыған группаластарымның да жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыққа шоқтырмай бар білгендері мен тәлімдерін аямай бауырына басты. Біз бұл оқу орынды бітіргенімізге 40 жыл толса да, берген білімі мен білігін ұмытпаймыз. Керісінше жүрген жерімізде білім ордасын ұлықтап, мадақтаймыз. Сол кезеңнің, яғни кеңестік кездегі оқу орынның мақтанышы мен болашағы бола білдік. Міне, бүгінде бәріміз білікті маманбыз. Мен бүгінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде педагогика және психология кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидатымын. Біліміммен біліктілігімді шыңдауда үнемі ізденіс үстіндемін.

Мағжан Жұмабаев: «Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ұстазсыз шәкірт тұл. Нағыз ұстаз бар қуаты мен білімін оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, күйіне де алатын деңгейге жетуі керек. Өзінен білім алған әр шәкірт «мына ұстаздан сабақ алып едім» деп жүргенде ғана оның еңбегі ақталады. Бұл жерде Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің және ұстаздарының еңбегі ақталды. Оны тек шәкірттері ғана емес, бүкіл ел біледі. Колледждің және оқытқан ұстаздардың еңбектері еленбей қалған жоқ.

Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты!

- Азат Баяхметұлы, мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз. Ал, сіз ше?

- Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Маған да

білім берген ұстаздарым өз істерінің шеберлері мен мамандықтарының майталмандары болды. Өз балаларынан гөрі, оқушыларын артық санады. Мектептен кейінгі оқыған Есік педогогикалық училищенің өзі мен үшін бір төбе. Мектептен көрген ұстаздарымның аялы алақандарының жалғасын сол жерден таптым. Бізді оқытқан ұстаздарымыз білімге жоғары талап қоя білді. Сол талаптың арқасынада бүгінде бір азаматпыз. Міне содан бері 40 жыл уақыт болыпты. Бүгінде, Отанға, елге, жерге бір үлесімізді қосып, қарыштаудамыз. Жалпы мен өзім ұстаздар отбасында дүниеге келдім. Мұның бір үлкен септігі мамандық таңдауыма тиген болар. Бірақ, мен ұстаздық жолымды музыкамен байланыстыра білдім. Музыкалық қабілетімді осы училище шыңдады. Бүгінде Алматы облыстық Жетісу телеарнасының режиссеры болып қызмет атқарамын.

- Сапалы білім – саналы болашақтың кепілі! Бүгінгі ұстаздарға тоқталсаңыз?

- Білім - барша даму атаулының негізгі қозғаушы күшіне айналды. Енді заман көшінен қалуға болмайды. Қазақ елінің білім саласының тарихы өте бай, ол өзін қалыптасырушы және дамытушы тұлғалардың тарихи істерімен ерекше, олар қазақтың тұңғыш реформаторы Жәңгір хан, Ы.Алтынсарин және тағыда басқа алаштың азаматтары. Ал, еліміз егемендік алғаннан бергі білім саласы қарқынды дамып, жаңа технологияларды енгізуде ТМД елдерінің ішіндегі жетістікке жетіп келе жатқан елдердің бірі деп сеніммен айта аламыз. Ал, бүгінгі ұстаздар қарыштаудан қалмай, өз қатарымен ілесудің үстінде. Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы демей ме? Бізді ұстазды даттау үшін емес, еңбегін бағалау үшін тәрбиеледі. Ата-анамызға ұстаз туралы кішкене теріс пікір айтып жатсақ, өзімізді кінәлайтын. Мұны, енді түсіндік. Негізінен ұстаз деген ұғымның өзі балағаттауға емес, бағалауға арналған киелі сөз. Әрбір ұстаздық жолды таңдаған адам, осы киелі сөздің ұғымын түсіне білсе, артынан ешбір кереғар пікірлер туындамас еді. Бүгінде мамандық таңдауда салғырттық танытып жүргендер аз емес.

- Елу жылда ел жаңа дейді. Ал, қырық жылда жаңарған оқу орныңыз жайлы не дейсіз? Бүгінде тынысы мен тіршілігімен таныссыз ба?

- Таныспын, жаңалығын оқып, тыңдаймын. Біз оқыған кезде училище болса, бүгінде мықты колледж. Білім ордамның тынысымен үнемі ақпараттарымен танысып, жеткен жетістіктеріне қуанып отырамын. Кешегі басқарған басшыларының жалғасы мен ізін суытпаған бүгінгі басшысы Гүлнар Сағатқызына тобымыздың атынан айтар алғысымыз шексіз. Оқу орын басқаруда сіңірген ерен еңбегі ақталып, ұстаздық еткен жолына толағай табыс, жеміс, жеңіс, оқу орындарының алдыңғы қатарынан түспей, біз секілді білікті шәкірттерінің көп болуына тілектеспіз.

«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.»- Мағжан Жұмабаев айтқандай болашақтың кілті мен тізгінін ұстайтын білім ордасының түлектері. Мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген кемел мінезді, ойы, сөзі және ісі бірлікте болатын адам тәрбиелеу – қазіргі қоғамның басты қажеттілігі. 2016 жылы колледж жарты ғасырлық мерейтойын атап өтеді. Осы жылдар ішінде атқарылған іс ұшан-теңіз, бірақ алда жаңа мақсаттар мен жаңашыл идеялар көп. Көптеген жетістіктерге қол жеткізген колледж ұжымы білім мекемесінің ертеңін болжап, келер күннің нұрлы болуына ықпал етуге, сапалы білім беруді көздейді. Сондықтан да Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен 2050 жылғы қазақстандықтар - үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдіміз. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар - өз елінің патриоттары. Мен 2050 жылғы Қазақстан -жалпыға ортақ еңбек қоғамы екеніне сенімдімін. Білім беру саласы да, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған»- деген ойын жүзеге асыруды мақсат еткен білім мекемесі.

Құттықтау!!!

Қадірлі 1971-1975 жылғы Есік педагогикалық училищенің түлектері! Адамның бойындағы ізгі қасиеттер туралы айтқанда аяулы түлектер, қадірменді замандастар ойға түседі. Ол қай жағынан қарасаң да алуан құбылып, ғажап нұр шашып тұратын асыл алмаз сияқты. Оны білетін, араласып жүрген жандар оның мол адамгершілік қасиеттерін айта алар еді. Және сол қасиеттерімен айналасына адамдарды шамның жарығы тәрізді тартып жүретіні алдымен ауызға түседі. Олар еңбеккер, жәй еңбеккер емес, қайраткер, оқымысты ғалым, ұстаз. Әрі осының бәріне үйдің де, түздің де шаруасын қатар тындырып, үлгеріп жүрген қоғамның белсенді қайраткерлері. Күрделі жұмысымен қатар, ғылыммен айналысуға да уақыт тауып, оқыған білім ордасында еске алуда. Сіздерді оқуды бітірген 40 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, білім беру жолдарыңызға шығармашылық табыс тілеймін! Сіздер секілді, сіздердің салған сара жолдарыңыздың ізін суытпайтын шәкірттеріміз бен шәкірттеріңіз көп болсын! Ғаламға шашқан адамгершілік нұрларыңыз ортаймасын.

Жошибаева Гүлнар Сағатқызы

ҚР білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі» МҚК директоры

Гүлнар Сағатқызы!

Сіз сияқты бастық болса сенімді,

Бұлт баспайды мөлдіреген көгіңді.

Сіз бар кезде бізге тыныш, рахат,

Сіз отырған жерде бізге көңілді.

Топ болып құттықтаймыз бүгін біз,

Құтты болсын жарты жылдық мерейтойыңыз!

Бәріне ақыл-кеңес беретін,

Ұжымыңыздың ұйтқысы боп жүріңіз!

Өзің ғой көпшілікке сән берген де

Дүниеде Сізге басшы тең келген бе?

Қоғамда Сіз бастаған көш алдында,

Қашанда табыламыз біз жаныңда.

Ізгі ниетпен: 1971- 1975 жылғы түлектер атынан

Автор:
Іңкәр ЕРБОЛҚЫЗЫ