Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Нұра ауылындағы кездесу


25 марта 2016, 11:23 | 2 166 просмотров



Ұлы Отан соғысында Отан үшін от кешіп қанында, жанында аямай жаумен шайқасқан ардагер аталардың ерліктеріне 70 жыл толса, Ауған соғысы 1979 – 1989 жылғы 10 жылға созылған саяси соғысқа Кеңес одағындағы әскерилермен бірге қазақстандықтарда қатысып, қаншасы құрбан болды... 27 жыл бейбіт өмірде өз орындарын тапқан Ауған соғысы ардагерлермен бірге Алматы Құрылық Әскери институтының оқытушысы ҚР Қарулы Күштерінің офицерлері, әскери медбике және әскери шенді АӘД пәні оқытушылары тағы басқа қонақтар бас қосты.

Сәрсенбінің сәтті күні Нұра ауылындағы О.Жандосов орта мектебінде мектеп директоры Салманов Ысқақ Түзелбайұлының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры ҚР Халық Қаһарманы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы, полковник Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл, Ауған соғысының аяқталғанына 27 жыл толуына орай кездесу жиын өтті. Алматы қаласынан арнайы шақырылған «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының тексеру комиссиясының мүшесі «Ауғанның от жалыны» кітабының авторы, Қаратал ауданының «Құрметті азаматы», «Құрмет» орденінің иегері, ауған соғысының ардагері Әбдіхалықов Әділ Бектасұлы, О.Жандосов орта мектебінің түлегі, «Айбын» орденінің иегері, Ауған соғысының ардагерлері Дәркенбаев Байдәулет Құрманқожаұлы, Қазақстан ауылының тұрғыны Баяманов Жоламан, Малыбай ауылындағы Әбілдаев Аманжол, Сүлейменов Сағатбек, Алматы қаласындағы Құрылық Әскери институтының аға оқытушысы Бауыржантанушы әрі насихатшысы, полковник Қарамаңдаев Қайрат Сағатайұлы, ҚР Қарулы Күштерінің офицері, полковник Шалов Серік Тоқсейітұлы, әскери шенді медбике Гүлмира Нұртазақызы, Ащыбұлақ ауылының тұрғыны, ауданда көптеген кездесулер өткізген, ардагер, зейнеткер ұстаз Алжанбай Әсет Көшербайұлы , Ащысай ауылының тұрғыны Еңбекшіқазақ ауданының «Құрметті азаматы» Байшығашов Саймасай шақырылды.Кездесу жиынға мектеп ұстаздары, 9, 10, 11 сынып оқушылары мен ата – аналар және Сөгеті ауылы әкімінің орынбасары қатысты.

Кездесу жиынды ашқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсенбаева Алтынхан келген қонақтарды таныстыра келіп, бірінші сөзді мектеп директоры Салманов Ысқаққа берді. Директор өз сөзінде Сөгеті қой совхозы болып құрылғанына 50 жыл толғанын, ауылдың күннен - күнге көркейіп келе жатқанын, мектептің күрделі жөндеуден толық өткенін, мектеп оқушылары мен ұстаздарының жеткен жетістіктері туралы жан – жақты айтып, қыстың қырауына, жолдың тайғақтығына қарамай, кездесуге уақыт тауып Алматы қаласынан, Еңбекшіқазақ ауданынан келгендеріңізге ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары, оқушылары және өз атымнан рахметімді айтамын деп сөзін аяқтады.

Ауған соғысының ардагері Әбдіхалықов Әділ өз сөзінде мектеп әкімшілігіне осы кездесуді бірігіп, келісіп ұйымдастырған ардагер ұстаз Әсет ағаға, мектеп директоры Ысқаққа, осы мектептің түлегі ауыл азаматы Байдаулетке рахметімді айтамын деді. 10 жылға созылған Ауған соғысында болып, оқ пен отты көздерімен көрген, содан еліне аман – есен оралған азаматтарды қадірлеу сіздер мен біздің міндетіміз деп ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Халық Қаһарманы, генерал – лейтенант Бақытжан Ертаевтың атынан Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалін әріптестері Әбілдаев Аманжол мен Сүлейменов Сағатбекке табыс етсе, біраз ауыл азаматтарына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Смағұлдың атынан келген алғыс хат тапсырылды. Құрлық әскерлері әскери институттың гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Бауыржантанушы әрі насихатшысы, зерттеуші Қарамаңдаев Қайрат өз сөзінде Бауыржан аталарың туралы көптеген қаламгер ағалардың кітаптар жазғанын айта келіп, орыс жазушысы Александр Бектің «Волокалам тас жолы», «Арпалыс» романын жазғанын сөз ете келіп, Бәукең жазған «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» тағы басқа көптеген кітаптары бар. Қазір қазақ радиосында «Ұшқан ұя» кітабынан радиодан очерктер беруде. Оның туған ұлы Бақытжан, келіні Зейнеп белгілі жазушылар екендігін және олар да батыр аталары туралы кітап жазғанын айтып өтті.

Сөз кезегін алған полковник Шалов Серік ортаға шығып микрафонсыз әскери командирдің дауысымен кездесу жиынға қатысып отырғандарды бірден өзіне қаратып алды. Оқушыларға: менде сендер сияқты ауылда өскенмін, мектепті жақсы оқып, алдыма қойған мақсатым әскери маман болу еді орындалды. Ресейдің Новосібір қаласында 4 жыл оқып, лейтенант шенін алып, қызмет бабымен батыс Украина, Семей, Үшарал, Сарыөзек, Аягөз, Астана, Шортанды қалаларында жоғарғы шенді қызмет атқардым. Москвадағы жоғарғы әскери академияны бітіріп, 34 жасымда полковник шенін алғанын, Халық Қаһарманы ғарышкер Талғат Мұсабаев, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл тағы басқа ел ағаларымен жиі араласатынын айта келіп, көзі тірісінде Қазақстан Қарулы Күштерінің Қорғаныс Министрі болған Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовпен, партизан жазушы Халық Қаһарманы, полковник Қасым Қайсенов ақсақалдармен араласқанын дастархан басында ақ батасын бергенін айтты. Сіздердің Еңбекшіқазақ ауданында әскери – патриоттық тәрбиеге үлкен мән береді, өйткені Әсет ағамыздың ұйымдастыруымен бесінші мектепте кездесуде болып отырмын. Ардагер әскери шенді ортамызда отырған Әсет ағамызға осы кездесуге қатысып отырғандар атынан және өз атымнан рахмет айта келіп деніне саулық, отбасына амандық тілеймін деп сөзін аяқтады.

Сөз алған Ауған соғысының ардагерлері Баяманов Жоламан, Дәркенбаев Байдәулет, Әбілдаев Аманжол, Сүлейменов Сағатбек КСРО спорт шебері, Еңбекшіқазақ ауданының «Құрметті азаматы» Байшығашов Саймасай, ардагер ұстаз Алжанбай Әсет, әскери шенді медбике Нұртазақызы Гүлмира өз сөздерінде өздеріне жақын мамандықтары бойынша айта келіп, мұғалімдер мен оқушылар қойған сұрақтарға түсінікті, мағыналы етіп жауап берді.

Кездесу жиынның бағдарламасын жасап, концерттік ән-би көрсетілімін дайындаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сарсенбаева Алтынхан мен әскери шенді алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Үкібаев Нұрқанат, мектеп әкімшілігі атынан қонақтарға естелікке кітап сыйлап, естелік суретке түсіп, алыс – жақыннан келген құрметті қонақтарға, жиынға қатысқандарға мектеп ұжымы атынан рахмет айтты.

Автор:
Ардагер ұстаз Алжанбай Әсет Көшербайұлы