Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Қош келдің, әз Наурыз!»


1 апреля 2016, 08:05 | 1 598 просмотров



Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурыз

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!-дей келе бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Бұл күн- біздің ата-бабаларымыз,мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.

.Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жылымыз да келіп жетті.

Осы жылы да біздің «Жұлдыз» бөбек-жай балабақшамыз наурыз мерекесін салт-дәстүрімізге сай, атап өтті.Мерекелік ертеңгілігімізде әр топтың балалары өнер көрсетті.

Атап айтқанда «Құлыншақ», «Балдәурен», «Солнышко», «Қарлығаш» «Айгөлек», «Балауса» топтарының бүлдіршіндері ерекше көзге түсті.

Музыка жетекшілері: Қалидолданов Жанат баян аспабында, Кусаинова Аида домбыра аспабында «Келіншек» күйін балалармен қосыла «Солнышко» тобынан Полулях Арина, «Құлыншақ» тобынан Сәдібек Айзере,Сейітқұл Айқын, «Балдәурен» тобынан Есимов Даниял асатаяқ,тұяқ,мүйіз,сылдырмақ аспаптарында орындап,Наурыз ертеңгілігіне келген ата-аналар қонақтар қызыға тамашалады.

«Құлыншақ» «Айгөлек» «Қызғалдақ» тобының қыздары «Шашу» биін біркелкі әдемі билеп шықты. «Қарлығаш» тобының қыздары «Қуыршақ Барби» биін тамаша орындады. «Солнышко» тобының балалары ұлттық киімдерімен «Калинка» биін нақышына келтіре билеп өнер көрсетті.

Балабақша тәрбиешілері де мерекелік ертеңгілікке өз үлестерін қосты.

Аға тәрбиеші Уркимбекова Альфия- Алдар Көсе, «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Қиябекова Надира- Тазша бала, «Ақбота» тобының тәрбиешісі Қуанова Жадыра- Бай, «Балдәурен» тобының тәрбиешісі Лигунова Айгерім-Наурыз қыз болып көрініске қатысып,өз өнерлерін ортаға салды.

Мерекелік ертеңгілігіміздің соңында Тәрбиешілер өз топтарында қазақтың салт-дәстүрлерін (тұсау кесер,жарапазан,бата беру,асық ату,сырға салу) рәсімдерін көрсетіп,балаларға қазағымыздың Ұлы мерекесі жайлы түсінік берді.Ұлыстың ұлы күні Наурыз меркемізді әрқашанда біліп,ұғып,құрметтеп жүруге үйретті.

Биылғы келген мешін жылы Наурыз мерекесін балабақшамыз ойдағыдай атап өтті.

Дастарханы халқымның тола берсін,

Бақыт құсы қолыңа қона берсін.

Ұлы тойдың төресі – наурыз тойы,

Жылдан - жылға құт тойы бола берсін!

Автор:
А .А. Кусаинова, музыка жетекшісі. «Жұлдыз» бөбек-жай балабақшасы «Көксу» ауданы, «Балпық би» ауылы.