Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қыздар қарулы шабуыл жасады


1 апреля 2016, 08:13 | 1 401 просмотр



«Талдықорғанда дүкенге қарулы шабуыл жасаған екі жасөспірім қыз ұсталды», - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Қарақшылық фактісі 27 наурызға қараған түні Талдықорғанның шетінде орналасқан Үйтас шағынауданында тіркелген.

Қылмыстық іс материалында күдікті ретінде анықталған 16, 17 жастағы екі қыз ауқатты отбасыдан екені белгілі болды. «Берген айғағында ұсталған бойжеткендер қылмысқа балалық қызығушылықпен барғанын айтқан. Бір-бірімен әлеуметтік желіде танысқан олар қылмыс жасауға ұзақ уақыт дайындалған, қала сыртындағы дүкенді, түнгі уақытты таңдаған, бетперде дайындаған және т.б.», - делінген хабарламада.

Пышақпен, кірпішпен қаруланған қыздар дүкенге кіріп, сатушыны қорқытып, күндізгі түсім ақшаны тартып алуға тырысқан. Осы сәтте қоймада болған дүкен иесі сол сәтте шу шығарып, қарақшылар ұсталып, полицейлерге табыс етілді.

ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сот алды тергеу жүргізілуде. Тергеу уақытында олар ата-аналарына қайтарылды.

Автор:
Айқын-ақпарат.