Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу


8 апреля 2016, 04:41 | 1 190 просмотров


Қазіргі кезде Елбасы тарапынан осы бір құбылысқа қарсы кең көлемді күрес жүріп жатқандығымен, әлі де болса жемқорлық жойылған жоқ. Бұл тарапта Елбасы, Парламент және Үкімет тарапынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға өзгерістер, қолданыста бар заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп жатыр. Бұдан басқа күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайлы айтылып да жатыр. Осыған байланысты қоғамымызда осы бір құбылысты жоюға әртүрлі іс – шаралар жүргізіліп жатыр.

Өздеріңіз білетіндей сыбайлас жемқорлық, бұл құқықбұзушылықтар және қылмыстар болып бөлінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар дегеніміз, бұл қандай да бір шешім қабылдағанда жеке немесе заңды тұлғаларға артықшылықтар беру, өз мүлкі немесе табысы туралы мәліметтерді толық бермеу немесе жасырып қалу, бір – бірімен туыс адамдардың тәуелділікті қызметте жұмыс жасауы және т.б. бұл құқықбұзушылықтар үшін, лауазымды қызметкерлер сәйкесінше әкімшілік, тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Ал, сыбайлас жемқорлық қылмыс, бұл тұлғалардан белгілі бір істі атқару үшін ақшалай немесе басқалай сыйақы алу, өзінің қызметтік лауазымын асыра пайдалану, қызметте әрекетсіздік жасау және т.б.

Автор:
Текелі қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы