Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Windows-тың басқару элементтері


28 мая 2010, 01:28 | 3 481 просмотр



Сабақтың міндеттері: а) білімділік: Microsft Windows басқару элементтері

туралы түсінік беру,команда және оның түрлерімен таныстыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін практика жүзінде қолдануды, дербес компьютерде жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

б) тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіру, оларды жауапкершілікке өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, өз бетімен жұмыс

Сабақтың жабдықталуы: Дербес компьютер, тест.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Техника даярлығы

-Оқушылар даярлығы

-Оқушыларды түгендеу

-Оқушылар зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою.

Балалар бүгін біз сендермен Windowsтың басқару элементтерімен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.

Жұмыс орнында объект терезелерінен басқа оның басқару элементтері де болады. Оларға жіберу батырмасы, бас меню, меню қатарында орналасқан меню және командалар енеді.

Команда деп - команда тінту көрсеткішін апарып басқанда орындалатын амалды айтады.

Командалар ұзын немесе қысқа болуы мүмкін.

Мысалы: қысқа команда WordPad –ты шерту (немесе басқа қосымшасының белгішесінде)

Бас менюдің негізгі командалары төмендегі кестеде берілген.

Толықтыру (техникалық) диктант.

Өзін-өзі тексеру

Практикалық жұмыс: ( Ұзын және қысқа командалармен жұмыс істеу).

V. Түсінгенін тексеру.

А) Сұрақтар қою арқылы тексеру.

Ә) Тест арқылы бекіту.

VI. Үйге тапсырма: § 3.1 тақырып . «Команда» сөзжұмбақ құру.

Иманалиева Гульфия Тәліпқызы 1977 жылы 17 қарашада Панфилов ауданы, Басқұнша ауылында дүниеге келген.

Білімі: Жоғары, Жетісу мемлекеттік университетінің физика -математика факультетін -2006 жылы тәмамдаған.

Санаты: ІІ

Еңбек өтілі: 11.4

Автор:
Г.Т.ИМАНАЛИЕВА, информатика пәнінің мұғалімі, Панфилов ауданы