Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ


15 апреля 2016, 06:03 | 1 250 просмотров


Салық төлеушiлердiң сенiм деңгейiн арттыру, жаңа сатыдағы мемлекеттiк қызметшiнiң бет-бейнесiн құру болып табылатын салық қызметi органдарындағы стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн сыбайлас жемқорлық аясын тарылту, әр қызметкердiң санасына қызметтiк мiндеттерiн адал орындауын жеткiзуге және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн түп тамырымен құрту үшiн оған қарсы әрекеттер жасауға бағытталған елеулi шаралар тұрақты түрде жүргiзiледi. Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерi өндiрiстiк мәжiлiстерде, апта сайынғы тех.оқуларда тұрақты түрде қаралады, басқарма басшылығы түсiндiрме жұмысын өткiзедi. Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңын, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексі бойынша барлық қызметкерлермен дөңгелек үстелдер өткiзіліп, сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша алдын-алу жұмыстары жүргiзiледi. Қорыта келе айтқанда, салық органдарының жұмысына қоғамның қанағаттануын қамтамасыз ету – бұл тек сапалы қызмет көрсету ғана емес, ол – қоғам үшiн ашықтық, қызметтiң айқындығы, әрi елiмiзде салық мәдениетiн көтеру болып табылады.

Автор:
Ғ.Ниязахунова Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы