Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бүгінгі мектеп оқушысы - ертеңгі ел тұтқасы


28 мая 2010, 01:38 | 2 812 просмотров


Семинар

Жақында Қаратал ауданы Қанабек Байсейітов атындағы орта мектептің базасында Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының тәрбие мазмұны және әдістемесі кабинетінің ұйымдастыруымен «жеке тұлғаның адами құндылықтарын дамытудағы тәрбие жұмысының әдістері мен түрлері» атты семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты: мемлекет қарамағында тәрбиеленіп жатқан жас жеткіншектерден ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, туған елін, жерін, ұлтын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын, мәдениетін сүйетін адамдарды тәрбиелеу болса, сол жолда жеке тұлағаның адами құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық намыс пен ұлттық рухты көтеру жолдарын іздестіру, жас жеткіншектерге жағымды қасиеттерді сіңіру әдіс-тәсілін үйрету, отан сүюге тәрбиелеуді басты міндет, айнымас темірқазық етіп ұстанады.

Аталған семинарға Қаратал, Ескелді, Көксу аудандары және Талдықорған қаласынан білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог ұйымдастырушылары қатысты.

Ізгілікті шараны бас ұйымдастырушы Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институының әдіскері Ғалия Мырзабекқызы Токушова кіріспе сөз сөйлеп ашып, бүгінгі білім беру үрдісіндегі тәрбиенеің маңыздылығына тоқталды.

Шарапатты шарада еліміздің тірегі мен жүрегі болатын, білекті де білімді, парасатты да пайымды ұландар тәрбиелеудегі тың әдістер мен тәсілдер оларды мектеп іс-шараларында пайдалану жөнінде Көксу ауданынан Нұрғазинова Шолпан Ынтықбайқызы, Қаратал ауданынан Байсынбаева Жанар Төлегенқызы, Г.М. Дәрменбекова, Ескелді ауданынан Ү.Б. Тортаева, Талдықорған қаласынан Б.Н. Сейітовалар маңызды баяндандама жасады.

Қанабек Байсейітов атындағы орта мектеп ұстаздары Какимбаева Алтынай Анарбекқызының «Болашаққа саяхат», Қалиева Әсем Байзаққызының «Эмоция, оның түрлері», Кілтбаева Айгүл Мұратқызының «Біз тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік», Сқанова Шолпан Сқанқызының «Ер есімі – ел есінде» атты семинарға арнап қойылған тағылымдық сабақтары көпшілктің көңілінен шықты. Және осы семинардың алға қойған мақсаттарына жетудің нақты жолын нұсқағандай болды. Бұған семинарға қатысушылар да дән риза болып, өзіндік ризашылықтарын білдіріп жатты.

Сондай-ақ, «Халық педагогикасын оқу-тәрбие үрдісінде қолданудағы ұстаз шеберлігі», «Оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы ынтымақтастықтың бала тәрбиесіндегі рөлі», «Жеке тұлғаның адами құндылықтарын дамытудағы тәрбиенің интерактивті әдістері мен түрлері» атты пікір алмасу бағытындағы дөңгелек үстел басында да семинарға қатысушылар келелі кеңестермен алмасты.

Мұндай көшпелі семинарлардың тиімділігі мен оқу-тәрбие үрдісін арттырудағы маңызының зор екендігін аңғарып қайттық.

Автор:
Өз тілшіміз