23 апреля 2016, 07:34 | 1 609 просмотров
Қазіргі уақытта кірістер басқармаларының қызмет барысында ең басты орын алып отырған мәселерінің бірі, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын алдын алу мақсатында салық әкімшілігін электронды түрде өткізу болып отыр. Яғни салық есептіліктерін заңды түрде, мекеме бухгалтері жұмысын оңайлату, қағаз қиыншылықтарын жою, есептіліктерді уақтысында тапсыру мақсаттарына жету қажеті үшін және электронды салық есептіліктерін тапсыру болып отыр. Салық есептіліктерін электронды түрде тапсыру кезінде салық төлеушілерге қолайлы мынадай жағдайлар:
1. Салық төлеушілерге есептілік формаларын сатып алмай-ақ, оны сол ақпараттық бағдарламада шығарып алуға болады.
2. Салық есептіліктерін өз орындарында, яғни кірістер барсқармасына келмей жатып уақтылы интернет желісі арқылы тапсыра алады.
3. Өз қызмет жасау орындарында, кірістер барсқармасына келмей өз бет есептерін интернет желісі арқылы көре алады.
4. Интернет желісі арқылы салық өтініштерін бере алады.
Салық есептіліктерін электронды түрде тапсыратын салық төлеушілер қатарына қосылу үшін,салық органына арнайы өтініш беріп тіркеледі. Тіркеулі үшін арнайы өтініш беріп, кірістер барсқармасымен келісім жасау арқылы жүзеге асады. Осылайша тіркеліп, кірістер басқармасынан арнайы криптогафиялық кілт беріліп, сол криптографиялық кілт арқылы салық есептіліктерін электронды түрде тапсыра алады. Салық есептіліктерін тапсыру кезінде салық төлеуші салық органына келуі қажет болмайды. Егер де салық төлеушінің компьютерлік техникалары болмаса немесе интернет желісіне шыға алмаса, кірістер басқармасында осындай салық төлеушілерге жеңілдік жасау мақсатында арнайы компьютелермен қамтамасыз етілген. Яғни кірістер басқармасында «Салық төлеушілер терминалы» бар. Балқаш ауданы бойынша кірістер басқармасында осындай қызмет жасауға арнайы компьютер бөлінген. Сол компьютерлермен салық төлеушілер өз есептіліктерін электронды түрде жібере алады. кірістер басқармасы қызметкерлері салық төлеушілерге электронды есептіліктерді тапсыруға нұсқамалар көрсетіп, көмек көрсетіп отырады. Тағы сол сияқты салық төлеушілер ақпараттық бағдарламаларын интернет желісі арқылы немесе Бақанас ауылы, Қонаев көшесі №75 ғимаратында орналасқан кірістер басқармасына, оның ішінде «Заңды тұлғаларды әкімшілендіру» бөліміне 91-835 телефонына хабарласып отырып, тегін алуға болады.