23 апреля 2016, 07:35 | 1 469 просмотров
Салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он бес жұмыс күнi өткен соң салық берешегi өтелмеген, егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім оған құқық немесе ол бойынша мәміле мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке қатысты қабылданған жағдайда, салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеушіге еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін осы тармақта көрсетілген мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді. Салық төлеуші осы тармақта көрсетілген құжаттарды табыс етпеген жағдайда, осы баптың 3-тармағында көрсетілген шешімді шығарған салық органы уәкілетті мемлекеттік органдарға осындай салық төлеушінің меншік және шаруашылық жүргізу құқығында осы баптың 5-тармағында көрсетілген мүліктің бар немесе жоқ болу фактісін растау туралы сұрау салу жібереді. Уәкілетті мемлекеттік органдардың осы тармақта көрсетілген сұрау салуға жауаптарының көшірмелері билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісіне қоса беріледі.
Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесінің актісі екі данада жасалады және оған оны жасаған тұлға, сондай-ақ салық төлеуші және оның лауазымды тұлғасы қол қояды. Бұл ретте осындай актінің бір данасы осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге табыс етіледі.