Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Балалардың ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту


6 мая 2016, 10:18 | 1 206 просмотров



1 Мамыр- жыл сайын тойланатын атаулы күндердің бірі. Сол сияқты Талдықорған қаласындағы №6 балабақшасында да айтулы мереке аталып өтті. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында іс- шара ұйымдастырылды.

Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені » атты өлеңімен басталған жиын бүлдіршіндердің дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Мерекеге жиналғандардың арасында Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі, ақын Ғабит Тұрсынбайұлы да келіп, іс-шараға жиналған барлық қонақтарды құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Концерт жоғары дәрежеде өтті.

«Бірлік бар жерде- тірлік бар »-, дейді біздің дана халық. Мұны тегіннен - тегін айтпаса керек. Бүгінде елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Біз – қазақстандықтармыз! Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, ұлттық келісімінің мерекесі.

Әрбір шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз! Қазақстан халқы – өркен жайып , мемлекетіміз молшылыққа кенеле берсін! Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі құтты болсын!

1995 жылдың 18-ші қазанында Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. Сөйтіп, бұл мерейлі күн 1996 жылдан бері тойланып келеді.

Автор:
Жұлдыз Темірғалиева