Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Өнегелі өмір


10 июня 2016, 08:01 | 1 345 просмотров



Ыбыраева Ұлжалғас (Ұлжікен) апай 1926 жылы мамырдың 26 – күні бұрыңғы 9- ауыл, қазіргі Н. Есеболатов ауылында дүниеге келген. Әрине ол кезең елді еңіреткен жұттың басы. Күнделікті елдің еститіні, ату – шабу – жазалау – жер аудару. Үй - үйді тінтіп – тігерге тұяқ, жерге дән қалтырмай қылықты күн көрісінен айырды. Ел ашықт,әл кетті. Соның аяғы 32 жылғы тарихта қарамен жазылған жайқын ашаршылыққа ұштасып ел қырылды, қалғаны жан сауғалап Қытай асты. Соның бір болып Ыбырай ақсақал да, әупірімдеп жетті. Онда да өлместің күні өтіп жатты. Балалар жас, жас та болса қызы Ұлжікен, осы түнек өмірді жанымсы түсініп жүрегімен сезіп – көре жүріп бой жетті, ерте отау құрды. Қиындық өмірді бастан кешті. 1956 жылы бар ауыртпашылық артта қалып, Қапал ауданының №332 Совхозының «Ақтөбе» бөлімшесінен бірақ шықты. Жасынан малсақ жандар бірден басшылардың көзіне түсті. Бөлімше жылда Үкіметке 80-100 бас бойдақ ірі қара мал өткізетін. Соны жаздай бағып, күзде қоңды етіп етке өткізу – машақаты өте көп жұмыс еді. Жайлауы – қоянкөз қыстағы, қасқырдың үзілмейтін жері. Малдың өзін ну жыныстан табуда қиын жаздай 4-5 малшы күзге дейін әрең шыдап өткізетін аз дегенде 7-8 бас шығын болатын. Басшыларда әбден тығырыққа тірелген, бар жайды нақ айтып, ендігі зор үміт ерлі – зайыпты Айтмухаметпен Ұлжікенге тоқтады. Екеуі ойлана келе қортынды сөзді Ұлжікен апай кесіп бірақ айтты. Нәртәуекел келістік деді. Басқа тілектерін басшылар бұлжытпай орындады. Кейіннен барып көріп келген басшылар күні бой екеуі екі атпен мал бағып келіп, кешкісін жусаған малдың екі шетіне екеуі иттерін қасына алып, күзетіп шығатындарын таңқалысып айтады екен. Қоңдылығы өте жоғары мал совхозға қыруар пайда келтірді. Зейнеткерлікке шыққанша жұмыс істеді, еңбектері де еш кетпеді облыс, аудан Савхоз басшылары ай сайын сыйлықтарын, үстеме еңбекақыларын еселеп беріп отырды. Осы жетістіктері үшін көруге облыс, аудан басшылары газеттен, радиодан келетіндер Ұлжікен апаның үйінен үзілген емес. Қыруар еңбегін дәріптеп көпке үлгі етті. Әлі есімнен кетпейді дейді үлкен ұлы Хамет. Жазғы демалыста бәріміз үйге жайлауға барамыз. Жайлауда жауын жиі жауатыны белгілі. Түсте болмаса кешкісін малдан екеуі де бірге үстілері су – су болып келеді. Дереу үйге кірісімен әкемізге құрғақ киімдерін киіндіріп, өзі дереу ас қамына кірісіп, арасында ғана киім ауыстырып үлгеретін. Әкемнің қолына су құйып орамалын ұсынып, астына қалыңдап көрпесін жайып тамаққа отырғызатын. Шешемнің өмірлік қағидасы осылай болды. Егер біз үйде болсақ әкелерін келеді, аттан түсіріп алыңдар, қолына су құйыңдар деп әбден бізді дағдыландырып қоятын. Екеуінің ұрыспақ түгілі тіпті қабақ шытысқанын көрмедік – міне сыйласымдық деп осыны айт. Көпке үлгі болды. Кейіннен бақсам от басының көзге көріне бермейтін сыйластығының бір ғажайып кілті әйелде екен. Осылай ерді қолына берік етіп ұстап, айтқанына көндірген. Иә анам 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірді. Көп балалы ана марапатының иегері. Бәріне саналы тәрбие берді. Алдыңғы үлкеніңді дұрыс тәрбиелесек – кейінгілері содан үлгі алады деген қағида бар емес пе. Үлкені Хаметтен үлгі алған кейінгілері бәрі өз тұрған ауылының мақтанышы. Ал тұңғышы Хаметтің бар өнерге жетістігін облыс газетінен, телеарнасынан барлық елге таныс – аян. Ол – ұлағатты ұстаз, ол жүлдегер ақын, ол шахмат, тоғыз құмалақ ойын фестивалінің жүлдегері. Ол қазақша күрестің Қазақстан чемпионы. Оның нағыз еңбекқорлығы Ана сүтімен бойына дарыған ба дерсің. Өнерлі өрге жүзеді дегендей басқа балалары да өнерлі. Осы қауныштың бәрі ана мерейін өсіріп, қазір Ұлжікен апа 90 жастан асып отыр. Балаларынан 25 немере 33 шөбере көріп отырған нағыз бақытты бақуалы әже. Бала немере шөберелеріңіздің арасында аман-сау жүре беріңіз, көрер қызығыңыз таусылмасын.

Еңбекқорсың анашым, бала жастан

Өткен күнің, жазылмаған бір дастан.

Ұрпағыңның қамқорына бөленіп,

«Ғасыр әжем» деген сөзді есті туажаттан деген балаларыңыздың сөзіне бізде қосыламыз,асыл әже.

Автор:
Қанатай Қудайбергенов Талдықорған қаласы.