Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Болашағы баянды жаңа бағдарлама


24 июня 2016, 06:11 | 1 649 просмотров


«Ғасырлар мақсаты-саяси эканомикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру»

Н.Ә Назарбаев

Және тағы бір сөзінде елбасымыз «Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны бөлек»деген болатын соған сәйкес жаңартылған білім беру бағдарламасына көшу бұл біздің елімізде орын алып жатқан бастамашыл үлкен тарихи оқиға. Жалпы елдің қай салада болсын дамып, алдыңғы қатарлы озық мемлекеттердің қатарынан табылуы үшін ең алдымен ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын жас ұрпаққа сапалы білім берілуіне көңіл бөлінуі керектігі айдан анық.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектептерінде бастау алғалы отырған жаңа бағдарламада дағды мен құзырет білім беру компоненттері және тәрбие беру жұмыстары күшейтілмек, онымен қоса, білім беру үдерісі жаңартылып халықаралық стандарттарға сәйкестендірілмек.

Жаңа білім беру бағдарламасын мектептерге енгізіп көздеген мақсатқа жету үшін ең бірінші кезекте сол мектептерде білім беретін мұғалімнің біліктігін арттыру керектігі сөзсіз.Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты Алматы облысы, Талдықорған қаласы «№17 орта мектебі» КММ базасында 2016жылдың 30мамырын мен 25маусым аралығында өтіп жатқан Қазақстан Республикасында орта білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс мектептеріндегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру курсы жүргізілуде. Бұл курсқа облысымыздың барлық аудандарынан қазақ тілі мамандары шақырылып отыр. Қазіргі таңда 28 адамнан құралған 5 топ жаңа бағдарлама бойынша білімдерін жетілдіруде.

«Педагогикалық шеберлік орталығы» біліктілігін артыруға келген барлық курс тыңдаушыларына барлық мүміндіктерді жасап отыр. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар , бағдарламалар мен оқу жоспарлары және әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етіп отыр.

Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени, эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда.

«Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» дегендей, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті білімді тұлға тәрбиелеу. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі- мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, өткізе отырып, тұлғаның жүрегіне сара жол табуы, өмір бойы оқып жемісін көре білуінде.

Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану. Осындай талаптардың орындалуына тренеріміз Гауһар Омарбекқызының сабақ берудегі шеберлігі алдына келген барша ұзтаздардың шабытына демеу болып жаңа бағдарламаны меңгеріп кетуге деген құлшынысын оятып қызығушылығын арттыруда ықпалы зор болды. Мұғалімдер оқып, болашақта қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Аталған бағдарлама сабақ берудің әдіс-тәсілдерін, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдіреді. Курста өтілген әр күн ұстаздар үшін өте қызықты мәліметтерге толы болды. Бағдарламада басты назарда ұсталып отыратын төрт дағды оқылым, жазылым, тыңдалым мен айтылымды дамыта отырып сабақ мақсаттарын құру, жаңаша әдіс-тәсілдермен берілген сабақ бұрынғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда өте тиімді деп санаймыз. Жаңа бағдарламамен ұстаздар бір-бірімен тәжірибесімен бөлісіп, түрлі сабақ үлгілерін көрсетуде. Сабақ берудің жетілген әдіс-тәсілдерімен жете танысып, курс бағдарламасын меңгерген ұстаздар қауымы жаңа оқу жылына тың өзгерістер мен ерекше құлшыныспен кірісуге дайын.

Орыс тілінде оқитын мектептердегі қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты– оқушылардың тілдік құзіреттілігін арттыруға көмектесу болып табылады.Алайда тіл үйретуде өз еліміздің құндылықтарын тәрбиелік мақсат етіп ала жүргеніміз дұрыс.

Тілді үйренуде жетістікке жету білім мен түсінік бірлескен уақытта ғана қолжетімді болады белгілі. Яғни, ішкі түсінік, қажеттілік қалыптаспайынша тіл меңгеру қиынға соғады. Қазіргі уақытта үш тілді қатар алып жүру қажеттілігі туындап отыр. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттары тіл үйренудің төрт дағдысына баса назар аудартуы.

Тыңдалым сөздер мен мәтіндердің мағынасын түсіну, ауызша хабарламаларды есте сақтауға негізделеді.

Айтылым сөздік қорды қолдану десе де болады. Өз ойын дәлелдеп жеткізе білуі.

Оқылым арқылы оқушылар мәтінді оқи отырып жан-жақты талдау жасай алады.

Жазылым грамматикалық және сөздік нормаларды., орфографиялық қағмдаттар мен пунктуациялық нормаларды білуге негізделеді. Жаңа форматта сабақ беру аясында пайдаланылатын жаңа әдістер, стратегиялар және оқушылардың білімін бағалаудың критериалды жүйесінің енгізілуі ұстаздарға жаңа шығармашылық шабыт беретіндігі сөзсіз.

2015 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Президенті Нүрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Мәңгілік ел болу - біздің жарқын болашағымыз екенін және барша қоғам ел игілігі үшін аянбай тер төгу қажеттігін атап өткен еді.

Олай болса,бүгінгі күнде біз аянбай тер төгер болсақ, ертеңгі жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде ақталады.

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы. Сапалы білім — ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған жас бүлдіршіндер ертең ел тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің ең басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейтіні белгілі.

Қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан экономикалық,саяси, әлеуметтік өзгерістер міндетті түрде білім беру үдерісіне де өз әсерін тигізеді. Бұл өзгеріс ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Білім беру жүйесіндегі ауқымды өзгерістерді іске асыру мұғалімдердің құзіретінде.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде баланың өзі оқып, ізденуімен қатар мүмкіндігін бағалайды, өз білімінің мониторингін құрып өзінің қол жеткізген мақсаттарын бағалай алады, жоспарлай алады.Мұғалім оқушының білім алуына жол ашу үшін әрбір оқушының жеке қабілетін, мүмкіндіктерін, қызығушылығын анықтап, сол қажеттіліктерге сай, әрбір шәкірт өзін-өзі дамыта алатындай, өз біліміне деген жауапкершілікті қалыптастыра алатындай оқу-білім ортасын құруға міндетті десек, осы курстан өз білім-біліктілігін шыңдаған ұстаздар қауымы осынау маңызды ұлағатты міндеттерді іске асыруға зор құлшыныспен кіріскелі отыр деп зор сеніммен айта аламын.

Автор:
Ешмағамбет Манас, №12 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Іле ауданы, Байсерке