Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бiлiм басқармасы мектеп формасының бағасын айтты


28 июля 2016, 10:34 | 2 190 просмотров



Астана қаласы Бiлiм басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев «2016-2017 оқу жылына дайындық» тақырыбына арналған брифинг барысында мектеп формасының бағасын мәлім етті. Оның айтуынша, мектеп формасының орташа бағасы бастауыш сыныптарда 10 мың теңге, ал жоғары сыныптарда 18-20 мың теңге болады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Барлық бiлiм беру ұйымында мiндеттi мектеп формасын енгiзу бойынша жұмыс жүргiзiліп жатыр. Астанада мiндеттi мектеп формасы 2012 жылдан бастап енгiзiлген. 2016 жылдың 26 шiлдесіне дейін Астана қаласының 75 бiлiм беру ұйымында мiндеттi мектеп формасын енгiзу туралы шешiм қабылданып, 10-нан астам мектеп формасын өндiрушi және жеткiзушi мекеме белгiленген», — дейдi басқарма басшысы.

Оның айтуынша, мiндеттi мектеп формасын енгiзу туралы шешiм әр бiлiм беру ұйымында жеке дара, жалпымемлекеттiк ата-аналар жиналысы хаттамасының негiзiнде қабылданады. Мектеп формасын жеткiзiп берушiлердi жалпымемлекеттiк ата-аналар комитеті белгiлейдi. Мектеп формасын отандық өндiрушiлерден сатып алу ұсынысы берiледi, мектеп iшiнде тауар сатуға қатаң тыйым салынған.

«Қазiргi таңда мектептерде ата-аналарды мiндеттi мектеп формасының енгiзiлуi туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Қажеттi мәлiметтердiң барлығы, атап айтсақ, ата-аналар жиналысы хаттамасының көшiрмесi, сапа сертификаттары, мектеп формасының фотосуретi, тауардың қайда шыққаны туралы сертификат ақпараттық стендтер мен мектеп сайттарында орналастырылған», — дейдi басқарма басшысы.

Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, сапалы тауардың тұтынушыларға уақытында толық жетуi қадағалауға алынған. Өткен жылғы мектеп формалары биыл өзгерiске ұшырамайды. Сондай-ақ, Астана қаласы мектептерiнiң ортақ формасы биыл енгiзiлмейдi. Бұл мәселе әлi талқыланатын болды. Мектеп формасының орташа бағасы бастауыш сыныптарда 10 мың, ал жоғары сыныптарда 18-20 мың теңге.

Айта кетейік, Астанада 2016-2017 оқу жылында жалпы бiлiм беретiн 94 мектеп жұмыс iстейдi. Олардың 83-i мемлекеттiк, 11-i жекеменшiк оқу орны. Оқушылар саны 129 мыңға жетедi деп болжанып отыр.

Автор:
BNews.kz.